М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч


Электр құрылғыларын реттеу



Pdf көрінісі
бет49/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

Электр құрылғыларын реттеу. Электртехникалық іске қосу-реттеу 
жұмыстары жобаға, дайындаушы зауыттың техникалық құжаттарына және 
басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес электр жабдықтарын тексеруді және 
сынақтан өткізуді, электр параметрлерін, жабдықты кешенді немесе сынақ 
тораптары бойынша электр жабдығының жұмыс режимін; жылдамдық 
диапазоны, арын, қысым, өнімділік, жұмыстың сенімділігі жататын 
жабдықтың жобамен берілген технологиялық көрсеткіштерін қамтамасыз 
етуі тиіс. Электртехникалық құрылғылардың іске қосу жұмыстарын төрт 
кезеңде орындайды. 
1 кезең. Жобаның электр бөлігін, оның өндіріс технологиясымен 
байланысын, дайындаушы зауыттың техникалық құжаттарын зерделейді; 
Тапсырыс берушімен техникалық қауіпсіздік жөніндегі іс-шараларды 
қамтитын іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу бағдарламасымен келіседі, 
тапсырыс берушіден электр аппараттары қондырғыларының, қорғау және 
автоматика құрылғыларының сипаттамаларын алады, реттеу жөніндегі 
нұсқаулықтар мен технологиялық карталар, аспаптар, құралдар дайындайды.
2 кезең. Уақытша схема бойынша кернеуді беру кезінде электр 
монтаждау жұмыстарымен бірге іске қосу жұмыстарын жүргізеді. 
Электртехникалық үй-жайларда құрылыс жұмыстары аяқталуы, ойықтар, 
құдықтар мен кәбілдік арналар жабылуы, жарықтандыру, жылыту және 
желдету орындалуы, электр жабдығын жерге қосу арқылы орнатып аяқтайды. 
Жөндеу аймағында персонал болмаған және қауіпсіздік шараларын сақтаған 
кезде жеке құрылғыларға кернеу беру кезінде монтаждалған электр 
жабдығын тексереді. Жөндеу және сынақтан өткізу процесінде анықталған 
электр жабдықтарындағы ақауларды жояды. Іске қосу-реттеу жұмыстарын 
тексеру нәтижелері бойынша жерге қосуды, оқшаулауды өлшеулерді 
сынақтан өткізіп, қорғаныстар мен релелік-контакторлық аппаратураны 
реттеу 
хаттамалары, 
кернеуге 
қосылатын 
электрмен 
жабдықтау 
объектілерінің схемалары жасалады. 
3 кезең. Электр жабдықтарын сынақтан өткізу үшін тұрақты схема 
бойынша кернеуді беру жұмыстарын жүргізеді. Электр қондырғыларында 


90 
пайдалану режимін енгізеді, жабдықтарды жеке сынақтан өткізуге дайындау 
үшін бос жүрістегі электр жабдығын басқару, қорғау және сигнал беру, 
басқару сызбаларын сынақтан өткізумен орындайды. 
Жабдықты жеке сынақтан өткізгенде электр қондырғыларын қорғау 
параметрлері, сипаттамалары мен қондырғылары нақтыланады. Тапсырыс 
берушіге электр жабдықтарын жоғары кернеумен сынақтан өткізіп, жерге 
қосу және нөлдеу құрылғыларын тексеру хаттамаларын, атқарушы принципті 
схемаларды береді. Іске қосу-реттеу жұмыстарының аяқталуы кешенді 
сынақтан өткізу үшін электр жабдығының техникалық дайындық актісімен 
ресімделеді. 
4 кезең. Электр жабдықтарын кешенді сынақтан өткізу жүргізіледі. 
Әртүрлі режимдерде электр сұлбалары мен электр жабдықтары жүйелерінің 
өзара әрекеттесуі тексеріледі. Өзара байланысты қамтамасыз ету, электр 
қондырғыларының жекелеген құрылғылары мен функционалдық топтарының 
сипаттамалары мен параметрлерін реттеу және теңдеу, онда берілген жұмыс 
режимдерін құру үшін; электр қондырғыларын толық схема бойынша 
жабдықтың барлық жұмыс режимдерінде жүктемемен сынамалау жүзеге 
асырылады. Жүргізілген сынақтар, күйге келтіру және сынақтан өткізу 
нәтижелері негізінде жабдықтың пайдалануға жарамдылығы туралы 
қорытынды беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет