101
бұйымдар белгіленуі тиіс. Жинақтаудың технологиялық схемасы мынадай
бірізділікті құрайды:
- схеманың сол жағында тік төртбұрыш түрінде барлық өнім
жиналатын базалық бөлшекті бейнелейді;
- схеманың оң жағында тікбұрыш түрінде
жиналған бұйым
бейнеленеді; негізгі бөлшекті және жиналған өнімді бейнелейтін
тікбұрыштар түзу сызықпен қосылады;
– сызықтың жоғарғы және төменгі жағында базалық бөлшектерге
жиналатын бөлшектер мен тораптарды бейнелейді,
негізгі бөлшектерге
орнатылатын бірізділікпен бөлшектерге және тораптарға сәйкес келетін тік
төртбұрыштар орналасады.
Егер қандайда бір торап жинақталған болса оның базалық бөлшегі
орнатылуы тиіс, сонда схемада оны жинау кезеңі көрсетілуі қажет. Бұйымда
дайын, алдын ала жиналған тораптарды (подшипник пен майлық) пайдалану
жинақтау схемасында көрсетілуі тиіс.[27]
Жинақтаудың операциялық картасы (сурет 4.3)
– өтпе жолдар
бойынша бөліп, операциялардың барлық мәліметін сипаттайтын құжат.
Сериялық және жаппай өндірісте жинақтау операциялық карталары әрбір
операцияға жеке жасалады. Машина жасаудағы жинақтау процесі тораптық
жинау мен алдын ала жиналған тораптардан алынған бұйымды жалпы
жинақтаудан тұрады. Жинақтау технологиялық
процесі берілген сападағы
бұйымды алуды, ең жоғары еңбек өнімділігін, ең аз еңбек және материалдық
шығындарды, қоршаған ортаға ең аз зиянды әсерді қамтамасыз етуі тиіс.
Технологиялық процесс еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік санитария
талаптарына толық сәйкес болуы тиіс. Технологиялық процесті құру
бұйымның жиынтық сызбасын зерттеуден басталады. Сызбаны зерттеу
кезінде негізгі құрастыру бірліктерін (тораптарын) бөліп алады.
Оларды
құрастырудың технологиялығына басты назар аударылады. Әрбір торап пен
тетікке жүргізілген талдау негізінде жалпы жинақтау схемасын құрастырады.
Жинақтау схемасына сәйкес қажетті технологиялық жабдықты, бекіткіш
аспаптар мен құралдарды таңдайды және технологиялық процесті
операцияларға бөліп,
оның жинақтау бірліктерін, тетіктерін жинаудың
технологиялық картасын жасайды. Жасалған технологиялық карта негізінде
жинақтау операциялық карталары да жасалады.