Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата03.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#497479
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Сайтан көпір

Бақытжан: – Осы күнгі әр шалдың қуаты жүз аттың 
күшіне тең. Үңдемей отырып-ақ үніңді өшіре қояды... Баяғыда 
бір соғыстың түтінін иіскеп келдік деп, жер жебір, жекен 
суыңа жетеді, әкри... 
– Олай болса олардан құтылу абзал. Бәрібір жол 
бермейді екен, тартып алу керек.– Орнынан атып тұрып, ілулі 
тұрған мылтыққа ұмтылды. Бақытжан баж ете қалды:– 
Сотталамыз, ойбай. Осы күні адам түгіл, аю атсаң да штраф 
салады. 
Аманжан: – Бұл жерде сот жоқ. Сүйегін қарға көміп 
тастаймыз. 
Нұржан: – Сот – қайда да сот. Сеніңше, заң қыста аю 
секілді ұйқтап қала ма? 
Бақытжан: – Соны айтамын-ау. Қайдағы бір қайыршы – 
шал үшін көзіміз көгеріп түрмеде отырсақ... Құрысын, жатқан 
жыланның қүйрығын баспайық. 
Аманжан: – ал бұл қоғам үшін өлі ет секілді, керексіз 
адам. Қолқасын суырып қолына берсек, өкімет бізге сыйлық 
беруі керек. Бірақ... өзін бір жерден... көрген секілдімін... – 
мылтықты көлденең ұстаған күйі ойланып тұрып қалып еді. 


156
Нұржан: – Пиғылы жаттың бәрін ата берсек адамдарды 
азайтып алармыз... 
– Құдайдың құдір-е-е-теее, – деп Бақытжан айғай салды. – 
Не деген ұқсастық. – Бағанағы қорқынышты, өздерінің өлім 
мен өмірдің екі ортасында отырғаны, осы үйден, тіпті мынау 
атаңа нәлет ішкері жақтан тірі қайта ма, жоқ па – осының 
бәрін бір сәтке ұмытып баяғыша – ауылдағыша еліре жөнеген 
Бақытжан талайға дейін таңдайын қағып тамсанып отырып 
алды. Екі жігіт аң-таң. – Ей, Нұржан, құйт сен, құйт сенбе, мен 
бір ұлы жаңалық аштым, – деп мәз болып, алақанын шапат- 
тады. – анау аманжанға дұрыстап қарашы өзің... иегіне сақал 
жапсыр да, көз алдыңа шалды елестет... айнымаған атамыз... 
Нұржан: – Қайдағы атамыз? 
Бақытжан: – Қоңқай атамызды айтамын. Керемет 
ұқсастық емес пе... 
Нұржан: – расында да. – Таң қала күліп жіберді. Тізесіне 
көлденең тастаған мылтықтың стволын сипап отырған аман- 
жан анықтап қараған адамға, шынында да, Қоңқай шалға 
қатты ұқсайтын еді. 
Бақытжан: – ...Жас кезінде осындай-ақ болған шығар...– 
Басын шайқап, таңырқағанын қоймаған соң аманжан 
бұлқанталқан ашуланды. алғашында қалжыңдайтын шығар 
деп өзі де ыржалаңдай бастап еді, ана екеуі шындап жатқан 
соң: – Оттапсыңдар! – деп ақырып қолындағы Қоңқайдың 
мылтығын енді екеуіне кезеді. – Егер ондай ұсақ-түйек 
ұқсастықтың бәрін жіпке тізе берсек, онда сен... онда сен... 
(айтсам ба, айтпасам ба дегендей тұтығып қалды). 
– Немене... «онда сен» – деп шаңқ етті Бақытжан. Оның 
не айтқалы отырғанын өзі де іштей сезіп, осына бала жасынан 
бері итше сүмеңдеп соңынан қалмай еріп келе жатқан қаңқу 
сөзді тағы да естірін біліп, іштей дайындала бастап еді... 
– Онда сен... Упрайға ұқсайсың! Яғни бөлімше басқару- 
шысының аузынан түсе қалғандайсың! – деп тісін егеді. 
Бақыт- жанның көзінен жас ыршып кетіп еді. Осы өмірінің 
жазылмас жарасы секілді індет-сөзді басқа-басқа, дәл 
аманжанның аузынан естимін деп ойлады ма. Жоқ, 
ешқашанда... Үш ұйқтаса түсіне кірмеген. Тамам бала... 
«шата-шата», «бастықтың баласы» – деп тілін шығарып, 
санын шапалақтап мазақтағанда осы екі досы – Нұржан мен 


157
аманжан ара түспеуші ме еді... Иә, сөйтетін... Құдай-ау, тіпті 
айтқысы келіп, тілі қышығанның өзінде мынау қиын-қыстау 
сәтте, ұлы сапарда шыдай тұруы, аузын буа тұруы керек еді 
ғой. 
– Тапқан екенсің мені таптырған адамды!– деп 
соншалық бір көз ілеспес шапшаңдықпен аманжанға тұра 
ұмтылды. Бірақ істің насырға шабарын сезген Нұржан, 
аяғынан қағып шалып жықты да, жібермей ұстап қалды. ал 
ашуға булыққан аманжанның шүріппені басып қалуы әбден 
мүмкін еді... 
– Жетет! – деп жекіді Нұржан.– ауылдан аттанарда, мон- 
шаның ішінде отырып берген ант қайда. «Өлсек те бір-
бірімізді тастамайық», – деп қол алыстық. Енді міне... балапан 
қораздай қоқиланып шыға келеміз... Өттерің жарылып кетсе 
де айтайын, үшеуімізде де шикілік бар. Бұл шикілік соғыс 
жылы, соғыстан кейін туғандардың бірсыпырасында бар. 
Шал әлі жоқ. Әлде сыртта бітпей қалған шаруасы болды 
ма, әлде қайтер екен деп, жігіттерді сынағаны ма, көпке дейін 
үйге кірмей далада жүріп алды. май шамның білтесі 
жанажана, еріп көлкілдеп тұрған майға жетіп, лапылдай 
бастаған. Әлгі сөзден кейін үшеуі де қабақтарын түйе 
ойланып, үнсіз отырып қалып еді. май шамның лапылдай 
бастағанын көрген Нұржан орнынан тұрып барды да, майға 
малтып шуатылған шүберек білтені суырып, шыны 
тарелканың шетіне шығарып қойды. Содан соң өзі орнына 
қайта отыра беріп: 
– айтыңдаршы,– деді ана екеуіне кезек қарап. – 
айтыңдар- шы, әкеміз соғысқа қай жылы кетті? 
Екеуі бірдей жарыса: – 1942 жылдың күзінде – деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет