112
білім жəне т.б. секілді терминдермен бірге бірыңғай синонимдік қатарды құрайды. Есептеуіш
техника құралдарының замануи жағдайы мен интернет желісінің кеңінен таралуы оқытудың:
жоғарғы интерактивтілігін,
қашықтығын, жаппайлығын, электрондық кітапханаларға
қолжетімділікті, бірыңғай білім беру ортасын құруды жəне т.б.
электрондық
технологияларының көптеген артықшылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Электрондық білім беру жүйесі серверлер мен клиенттік
компьютерлер арасында
бөлінген, күрделі бағдарламалық-техникалқ кешенді ұсынады. Білім беру желісінде
мəліметтермен алмасу, əдетте, интернет каналдары жəне жергілікті желі коммуникациялары
бойынша жүзеге асырылады. Осы көпдеңгейлі иерархиялық жүйені басқару ағылшынтілді
баспаларда virtual learning environment (VLE) немесе learning management systems (LMS) деп
аталатын, арнайы бағдарламалық платформалардың көмегімен орындалады.
Орысша тілді
баспаларда мұндай платформалар қашықтықтан оқыту жүйелері (ҚОЖ) деп аталады. ҚОЖ-
нің негізгі функционалын құрайтын, негізгі мүмкіндіктерін қарастырамыз:
1)
Оқу жəне көмекші материалдарды құру мен жүктеу. ҚОЖ
жүйесіне білім беру сайтындағы оқу материалдарын, жоспарларды,
ескертулерді,
қосымша нұсқаулықтарды жəне т.б. түзету мен жүктеу құралдары кіру керек. Көптеген
заманауи ҚОЖ-де бұл функция Web-интерфейстің көмегімен жүзеге асырылған.
2)
Онлайн-тесттерді құру мен жүзеге асыру. Онлайн-тесттер – бұл жылдам бақылау мен
өзін-өзі бақылау білімінің тиімді тəсілі. Тестілеу жүйесі жаңа материалды меңгерудің сапасын
жылдам бағалауға мүмкіндік береді.
3)
Тапсырмаларды беру жəне тексеру. Тапсырмаларды онлайндық режимде орналастыру
мен тексеру осы еңбекті көп қажет ететін үрдісті қысқартады.
4)
Оқу үлгерімін жылдам бақылау.
5)
Желілік ұжымдық интерактивтіліктің форумдары, чаттары жəне басқа да түрлері.
Қазіргі кезде қашықтықтан электрондық оқытуды қолдайтын, 100аса коммерциялық жəне
тегін бағдарламалық орталар бар.
Достарыңызбен бөлісу: