Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектепке дейінгі мекемеде балалардың конструктивтік іс-



Pdf көрінісі
бет121/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

9. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың конструктивтік іс-
әрекетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
9.1 Топтарда ұсақ (үстел үсті) және ірі (едендік) құрылыс матери-
алдары бар.
9.2. Топтарда түрлі конструкторлар бар (ағаш, металл, пластмасса, 
түрлі тәсілдермен жалғастырылған тетіктер).
9.3. Мозаикалар, танграммалар, қиылатын картинкалар бар.
9.4. Лақтыратын материал және көркемдеп құрастыру үшін табиғи 
материал бар.
10. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың экологиялық 
мәдениетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
10.1. Көрнекті құралдар, экологиялық мәдениетті дамыту үшін 
иллюстративтік материал (альбомдар, картиналар жинағы, муляждар, 
дидактикалық ойындар және т.б.) бар.
10.2. Топтарда көгалдандыру бұрыштары (өсімдіктер бөлмесі) 
бар.
10.3. Мектепке дейін білім беру мекемесінде жануарлар бар 
(құстар, балықтар, тасбақа және т.б.).
10.4. Алаңда өсімдіктерді өсіру және күту үшін жағдай жасалған ( 
бақ, бақша, гүлзарлар, жемістер және т.б.).
10.5. Тірі табиғатқа жабдықталған арнайы орын (қысқы бақ, 
зообұрыш және т.б.) бар.
10.6. Алаңда орман бұрышы бар.
10.7. Алаңда экологиялық жол бар.
10.8. Басқалар.
11. Мектепке дейінгі мекемеде тарих пен мәдениетте адам ту-
ралы түсінікті дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
11.1. Кітаптар мен ашық хаттар жинағы, репродукциялар 
комплектілері, әртүрлі халықтың тарихымен, мәдениетімен, еңбегімен, 
тұрмысымен, адамзаттың техникалық жетістіктерімен таныстыратын 
ойындар мен ойыншықтар бар.
11.2. Өлкетану бұрышы бар («Там», тұрмыс бөлмесі және басқа).
11.3. Халықтық тұрмыстық заттардың үлгілері бар.
11.4. Ұлттық костюмдердің, ұлттық костюмдегі қуыршақтардың 
үлгілері бар.
11.5. Көркем әдебиет бар (әлем халықтарының ертегілері мен 


213
аңыздары, антикалық, библиялық, евангельдік сюжеттердің, Құранның 
көп тараған басылымдары және т.б.).
11.6. Топтарда жол қозғалысы ережелерімен таныстыратын 
үстелдік-баспа және дидактикалық ойындар болады.
11.7. Алаңда қаланың көлік ортасын модельдейтін автоқалашық 
болады.
11.8. Басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет