Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет26/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

Sb
Ob.
Педагогикалық 
процеске 
қатысушылардың 
субъект-
субъектілік қатынас типін көрсететін бағытын қарастырайық. Өзара 
ықпалдастықтың бұл типін қарастыру кезінде әркім субъект те және 
объект те бола алады, әркім толыққанды түрде ықпал ете алады және 
ықпалында болады. Педагог пен балалар зерттеудің бұл бағытында 
әртүрлі іс-әрекет субъектілері түрінде көрінеді, субъектаралық өзара 
ықпалдастық мүмкіндіктері қарастырылады (Р. С. Буре, В. В. Давыдов, 
М. И. Лисина, В. И. Логинова, А. К. Маркова, Н. Н. Поддьяков, Г. И. 
Щукина және т.б.).
Педагогикалық ғылымда бұл бағыттың пайда болуы қоғамның 
белсенді, тұлғалық-жауапкершілігі бар адамдарға деген объективті 
сұранысы мен білім беру мекемелерінде оларды дайындау жүйесінің 
жасалмағандығының 
арасындағы 
қайшылықтан 
туады. 
Бұл 
қайшылықтар проблеманың екі жағын нұсқайды. Бірінші жағы – бұл 
білім беру саласында тиісті технологияларды іздестіру, екінші жағынан 
– білім берудің әрбір сатысында мұндай тұлғаны тәрбиелеуге дайын пе-
дагогтарды даярлау.
Педагогикалық процестің бұл қатынас типін схема түрінде былай 
көрсетуге болады: Sb 
 Sb.
Педагогикада субъект проблемасын түсінудің үшінші бағыты 
алдыңғы екеуінің талдау нәтижесі болады. Педагогикалық процеске 
қатысушылардың қарым-қатынасының субъект-субъектілі типіне үш 
элемент – зерттеушілік, танымдық, өзгертушілік және т.б. әректтерді 
қамтитын объект (немесе объектілер жиыны) жатады. Субъектілердің 
әрекеттері бір-бірмен өзара байланысты және объектіге немесе олардың 
жиынына бағытталған. Мысалы, мектепке дейінгі мекемеде бейнелеу 


41
өнері сабақтарында педагог пен мектеп жасына дейінгі балалар бірігіп 
сурет салады, әртүрлі заттар жасайды және т.с.с. жұмыстар орын-
дайды. Олардың әрекеттері қағаз парағына, картонға, саз балшыққа 
бағытталған.
Теорияда субъект-субъектілік өзара әрекет субъектілер бала, пе-
дагог, ұжым біріккен субъект (балалық, педагогикалық) ретінде бо-
лады. Педагогикалық процесте субъект-субъект қарым-қатынасын 
ұйымдастыру тәжірибесінің мысалы ретінде педагог-жаңашылдардың 
әдістемелерін (Ш. А. Амонашвили, С. Н. Лысенкова және т.б.) алуға 
болады.
Бұл өзара әрекетті схема түрінде көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет