4.3 Мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесіндегі тәрбиелеу
процесінің мазмұны
Мазмұн дегеніміз - объектіні құраушы барлық элементтердің, оның
қасиеттерінің, байланыстарының, ішкі процестерінің бірлігі.
Мектепке дейінгі тәрбиенің мазмұны тұтас тәрбие процесінің
компоненттері ретінде дене, адамгершілік, ақыл-ой, әлеуметтік,
эстетикалық, еңбек, экологиялық, жыныстық тәрбиені құрайды. Оларды
меңгеру құралы балалардың күнделікті өмірі, олардың белсенді әрекеті,
мақсатты бағдарлы оқыту және тәрбиелеу.
Тәрбие мазмұнын қалыптастыру көзі әлеуметтік тәжірибе бо-
лып табылады, ол білімді, іс-әрекет тәсілдерін, айналасындағыларға
эмоционалды-құндылық қарым-қатынасты, шығармашылық істер
тәжірибесін қамтиды.
Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің мазмұны оның мақсатымен
және міндеттерімен анықталады. Ол мемлекеттік жалпы білім берудің
міндетті стандартына негізделген. Метепке дейін білім беру стандар-
ты білім берудің басқа сатыларының стандарттарынан өзгеше. Ол білім
беру мекемесінде педагогтің балалармен өзара әрекетінің мазмұнына,
әдістеріне, сипатына қойылатын талаптар жүйесін анықтауы тиіс. Сол
сияқты мектепке дейінгі мекемеде стандарт пәндік-дамытушылық
ортаның сипатын, оның толықтырылуын, мектепке дейін тәрбие беру
мамандарының кәсібилігіне талаптар қоюды анықтайды. Стандарт
талаптарына байланысты мектепке дейінгі мекеме үшін білім беру
бағдарламасы құрылады, ол мектепке дейінгі білім беру мазмұнын
бағытына қарай және жас кезеңдеріне көрсетіп береді.
Тәрбиелеу нәтижесі - үйлесімді дамыған және соған сай ортамен
қарым-қатынас жасауға дайын бала тұлғасы. Бала тұлғасы, оның да-
муы мектепке дейінгі тәрбие сапасының негізгі критерийі болады.
Тұлға жаңа қасиеттерге (адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық,
физикалық және т.б.), жағымды әдеттерге ие болады, адамзат
мәдениетінің негіздерін меңгереді.
Мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын құру тұлғаны тәрбиелеудің
жалпы заңдылықтарына бағынышты жасалады. Бұл зандылықтар
объективті сипатта болады және тәрбие процесін реттеп отыратын
тәрбие принциптерін анықтауға негіз болады.
|