Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Ерекшеліктердің екінші тобына мыналар жатады



Pdf көрінісі
бет41/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

Ерекшеліктердің екінші тобына мыналар жатады:
Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесіндегі үлкен адамдардың 
анықтаушы рөлі. Бұл жас кезеңінде үлкендер тәрбиелеушілік, 
оқытушылық, дамытушылық, бейімдеушілік, ұйымдастырушылық, 
үйлестірушілік және жинақтаушылық функцияларын орындайды.
Тәрбие нәтижелерін уақытымен созу мектепке дейінгі кезеңде 
тәрбиелеу негіздері салынады да, келесі жас кезеңдерінде дамып, 
тереңдеп, кеңейеді және тұлғаның тәрбиеленгендігіне дейін өсіп 
жетіледі.
Мектеп жасына дейінгі баланың тәртібі мен іс-әрекеті тікелей 
сезіммен, эмоциямен, ниеттенуімен реттеледі.
Үлкен адамдар тарапынан баланың тұлғалық қасиеттерін 
жағымды бағалаудың, істерін мақұлдаудың ерекше маңыздылығы.
Үнемі көрнекілікке сүйенудің, метеп жасына дейінгі баланың 
тәрбиесінде жағымды практикалық өнегенің қажеттілігі.
Қалыптасқан қасиеттердің, әдептердің, біліктің тұрақсыздығы, 
ұдайы қайталап отырудың, бекітудің, өмірдің түрлі жағдаяттарында
қолданудың қажеттілігі.
Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің бірқатар физиологиялық 
және психологиялық факторларға тәуелділігін, отбасында және мектеп-
ке дейінгі мекемеде тәрбие процесін құрғанда және ұйымдастырғанда 
оларды ескеру қажет:
баланың тез шаршауы, жүйке жасаушаларының қажығандығы;
• зейіні мен қабылдауының тұрақсыздығы;
• мектепке дейінгі ересек жасқа қарай ұлғаятын психикалық 
процестердің еріктілік деңгейінің жоғары еместігі;
• сезімді ояту процестерінің тежеу процестерінен басым болуы;
• психиканың 
қатты 
иілгіштігі, 
балалардың 
жоғары 
эмоционалдығы, айналасындағыларды қабылдағыштығы;
• ойлау типінің көрнекі-бейнелі болуы;
• шапшаң меңгеру және сонымен бірге қалыптасқан білік, 
дағдылардың, тәртіп әдеттерінің берік еместігі;
• ұдайы жаңаны танып білуге және меңгеруге ұмтылу, білім 
құмарлық;
• тұлғаның сапаларын, қасиеттерін тәрбиелеудің сензитивтілігі, 
тәртіп және қарым-қатынас нормаларын бойына сіңіру, баланың жеке 
тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру;
5–7463


66
• ойын мектеп жасына дейінгі бала іс-әрекетінің жетекші түрі
болады, онда тұлғаның жаңадан пайда болған қасиеттері, білімі, са-
пасы, қарым-қатынасы, білігі, қабілеттері оңтайлы және табиғи түрде 
қалыптасады. 
Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің біз атаған ерекшеліктерін 
білу аса маңызды және оны тәрбие процесін жоспарлағанда, құрғанда, 
ұйымдастырғанда және оның нәтижелерін бағалағанда ескеру қажет.
Тапсырма:
Ұсынылған әдебиетті және сыбайлас пәндерден («Бала және жас 
ерекшелік психологиясы») алған білімді пайдаланып, тақырыптың 
6-сұрағын өз беттеріңізбен қарастырыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет