Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Білім беру бағдарламаларын құру тәсілдері



Pdf көрінісі
бет53/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

Білім беру бағдарламаларын құру тәсілдері 
Сызықтық тәсіл – мұнда оқу материалының жекелеген бөліктері 
өзара тығыз байланысқан буындардың үздіксіз тізбегін құрайды. Оның 
үстіне жаңасы бұрыннан белгілінің негізінде құрылады. Материалдың 
мазмұны оқыту кезеңінде бір рет жасалады. Кәсіптік білім беру 
бағдарламалардың көбісі осы тәсілдің негізінде құрылған.
Бағдарламаны құрудың концентрлік тәсілі бір материалды бірнеше 
рет қарастыруды көздейді, бірақ білім мазмұнын басқа тұрғыда меңгеру 
үшін оны жаңа компоненттермен толықтыру арқылы күрделендіру, 
кеңейту, тереңдету элементтері енгізіледі. Бұл - балалар бақшасында 
жылдан-жылға білім деңгейін көтеру үшін педагог өткен материалды 
қайталаған жағдайда мектепке дейін білім беру жүйесіне тән тәсіл.
Аралас тәсіл бірінші және екінші тәсілдердің белгілерін біріктіреді. 
Мұндай тәсіл материалдың әр бөлігін әртүрлі әдіспен түсіндіруге 
мүмкіндік береді.
Білім беру бағдарламасының, басқа құбылыстар тәрізді, өзінің 
айқын белгіленген құрылымы болады, ол мамандардың жұмысының 
қажетті жақтарының барлығын сәйкестендіреді.
Білім беру бағдарламасының құрылымы
1. Түсінік хат - қысқа, ауқымды және негізделген түрде берілген 
бағдарлама аясында мектепке дейін білім берудің мақсаттарын көрсетеді; 
оқылатын материалдың құрылымы мен мазмұнын, іс-әрекет түрлерін, 
олардың функцияларын баяндайды. Түсінік хат бағдарламаның 
мәтінін негіздейді, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен 
6–7463


82
тәрбиелеуді ұйымдастыру принциптерін, олардың жас сатыларындағы
ерекшеліктерін айқындайды, қойылған мақсаттарға жетудің әдістемелік 
жүйесін, құралдарын, жүзеге асыруға қажетті шарттарды көрсетеді. 
Түсінік хатта бағдарламаны жасаудың тұжырымдамалық негізі, оның 
авторларының ойы, басқа бағдарламалардан айырмашылығы және 
олармен байланыс мүмкіндіктері ашып көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет