Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата09.04.2024
өлшемі2.36 Mb.
#498108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Электр және магнетизм лабораториялық жұмыстарға нұсқаулық-1

Қондырғының сипаттамасы 
Электростатикалық өрісті зерттеу үшін 3 суретте көрсетілген сызба бойынша электр тізбегін 
жинау қажет. Егер зондты 5 пластинаның кез- келген нүктесіне апарса, 1 тілшелі вольтметр осы 
нүктедегі екі электродка катысты потенциалы нөлге тең деп кабылданатын өрістің 
потенциалының мәнін көрсетеді. Сәйкес мәндерге зерттелетін өріс нүктелердің жиынтығы 
эквипотенциал бетті түзеді.
Жұмыстың орындалу тәртібі 
Тапсырма. Электростатикалык өріс сызықтарынын бейнесін тұрғызу. Назар аударыңыз! 
Жұмысты орындау үшін зертханаға А4 форматындағы (210х297) миллиметрлік қағаз бетін ала 
келіңіз! 
Өлшеулерді жүргізу 
1. Миллиметрлік кағаз бетіне электродтардың контурын және қондырғыдағы 
координаталық торды салыңыз. 
2. 4-суреттегі өрістерді модельдеу блогінің кірісін қосып, 3-суретте көрсетілген электр 
сызбасын жинаңыз. 
3. «Сеть» батырмасымен кернеу генераторының қоректендіру блогын қосыңыз. «Исходная 
установка» батырмасын басыңыз. (реті 19, 6 бет, 1- суретті караңыз) 
4. Зондты электродтарға тигізе отырып, қай электродтың 𝜑
0
потенциалы 0-ге тең екендігін 
анықтаңыз. 
5. «0- +15 В» кернеу қондырғысының батырмасымен екінші электродтың потенциалын 
(мұғалім тапсырмасы бойынша) вольтметр арқылы белгілеңіз. Электродтардың 
потенциалдарының мәндерін өрістің картинасына белгілеңіз. Сонымен екі 
эквипотенциал бет анықталады. 
6. Оқытушы тапсырмасы бойынша (№5…10) эквипотенциал сызықтар тұрғызатындай етіп, 
өріс картинасынан зондтың потенциалының өлшеу қадамын ∆𝜑 = 𝜑/(𝑁 + 1) тандап 
алыңыз. 


7. Нөлдік потенциалы бар электродтын қасынан потенциалы 𝜑
1
= 𝜑
0
+ ∆𝜑 тең өріс 
нүктесін тауып, өріс картинасына белгілеңіз. Зондты өріс бойымен жылжыта отырып, 
осындай потенциалга ие 8-ден кем емес нүктелердің координаттараын анықтап
миллиметрлік қағазға енгізіңіз.Бірінші және соңғы эквипотенциал сызықтар үшін 
электродтардың сыртқы жағынан 2-3 нүкте анықтаңыз! 
8. Бірдей потенциалға ие нүктелерді иілген (түзу емес) қосыңыз. Өріс картинасында осы 
сызықтың потенциалдардың мәнін көрсетіңіз. 
9. 𝜑
1
бірдей потенциалға ие әрбір бет үшін 7,8 баптардағы өлшеулерді жүргізіңіз. 
Өлшеу нәтижелерін өндеу 
1. Потенциалдың нөлдік потенциалы бар электродтан қашықтыққа тәуелділік 
графигін ϕ(r) тұрғызыңыз. 
2. Зерттелетін өріс картинасында күш сызықтарын салыңыз. 
3. Өрістің 2,3 нүктелері үшін( ϕ(r) графигінің r оське әр түрлі көлбеуліктегі таңдап 
алынған бөліктерінде) электростатикалық өрістің кернеулік мәнін (6) формула 
бойынша анықтаңыз. 
4. Жұмысты қорытындылау үшін зерттеліп отырған өріске талдау жасаңыз: күшті 
электр өріс аймағы қай жерде орналасқанын анықтаңыз және ол өріс картинасы 
мен графигінде қалай көрінеді? 
Бақылау сұрактары: 
1. Эквипотенциал беттің анықтамасын беріңіз, онын қасиеттері қандай? 
2. Өрістің күш сызықтарының қасиеттерін анықтаңыз. 
3. Электростатикалық өрістегі зарядқа әсер ететін күш неге тәуелді? 
4. Біртекті электростатикалық өріске тән қасиеттер қандай? 
5. E және ϕ шамаларының байланыс теңдеуін жаз. 
6. E, F, gradϕ векторлары және біртекті электростатикалық өрісте қозғалған 
бөлшектің үдеу-векторы қайда бағытталады? 
7. Зерттелетін өрістің картинасында эквипотенциал және күштік сызықтар қалай 
жүргізіледі? 
8. Потенциал градиенті векторының қасиеттерін пайдаланып, күш сызыктарының 
бағытын қалай анықтайды? 
9. Зерттелетін электростатикалық өрістің нүктелеріндегі кернеулікті қалай 
анықтайды? 
10. Электр тізбегінде мультиметрдің атқаратын рөлі қандай? 
 


№2 Зертханалық жұмыс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет