Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет14/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   348
18.08.2023 dis

Темпераменттер 
Жақсы жақтары 
Жаман жақтары 
Холерик 
шапшаң, белсенді 
ұстамсыз, күйгелек 
Сангвиник 
пысық, оңтайлы 
тұрақсыз, баяу 
Флегматик 
ұстамды, сабырлы 
сылбыр 
Меланхолик 
сезімтал 
тұйық 


19
Айтылған пікірлерді жинақтай келе, мынадай қорытынды жасауға болады: 
1. Мінез – адамның тәрбиесінен (әр түрлі іс-әрекеттерде, адамның 
қоршаған адамдармен қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесуінде) көрінетін ең 
тұрақты жеке психологиялық ерекшеліктерінің жүйесі. 
2. Мінез қасиеті белгілі бір ықтималдықпен саналы түрде жүзеге 
асырылатын тәрбиенің кейбір стереотипін білдіреді. Ол сол мінезді танытатын 
өмірлік жағдайлармен тығыз байланысты. 
3. Психологияда қабілет, интеллект емес, мінез-құлық ұғымына ерікті 
қасиеттерді жатқызу әдетке айналған; темперамент типін және ойлаудың кейбір 
ерекшеліктерін қосуға қатысты бірыңғай пікір жоқ. 
“Темпераментті тізгіндей білу үшін адамның жақсы тәрбиеленуі керек” 
деген М.Жұмабаевтың тұжырымымен қорытындылаймыз [16].
1.2 Мінез бітісі, адам болмысы, адам табиғаты, көңілі, қылығы, құлқы 
ұғымдарының аражігі 
Жалпы, мінез туралы ілімнің (характерология) ғасырларға жалғасқан даму 
тарихы бар. Әр түрлі жағдайларда адамның іс-әрекетін болжау үшін мінез 
типтерін белгілеу және оларды анықтау мінезтанудың маңызды мәселелері 
болып табылады. Тұлғаның өмірлік құндылықтары негізінде оның мінез-құлқы 
қалыптасатындықтан, қолданыстағы мінезге қатысты жіктеулердің көпшілігі 
тұлға дамуының сыртқы, аралық факторлары арқылы туындайды. 
Бүгінгі таңда адам мінезі туралы ойларды қандай ақпарат негізінде 
қалыптастырамыз деген сұрақ ерекше назар аударуды қажет етеді. Өткен 
уақыттарда адамның сыртқы түрі мен әдеттегі қалпы, ым-ишарасы оның 
мінезінің көрінісі ретінде сипатталды. Бірақ қазіргі ғылыми дискурстарда 
мұндай тұжырымдардың дұрыстығы үлкен күмән тудырады. Ал, шындығында, 
біз адамның іс-әрекеті мен тәлім-тәрбиесі арқылы оның мінез-құлқы туралы 
пікір қалыптастыра аламыз. Сонымен қатар, біз адамның еріксіз әрекеттерінен 
емес, керісінше саналы қадамдары арқылы оның мінез-құлқы туралы маңызды 
тұжырымдар жасаймыз. Демек, адамның қандай да бір орын алған жағдайға 
байланысты жасаған таңдауы арқылы оның мінезі бағаланады. 
Адамның тәрбиесін айшықтап тұратын ерекшеліктері оның мінез 
белгілері, мінез бітістері, адам болмысы, адам табиғаты, көңілі, қылығы, құлқы 
ретінде түсініледі. Психология ғылымындағы «мінез» ұғымының шекарасын 
анықтау 
аталмыш 
жұмыстың 
негізгі 
мақсаттарының 
бірі 
болып 
табылатындықтан ерік-жігер, қылық, сезім, көңіл деген ұғымдарды ажырата 
кетейік.
Ерік-жігер – адамның өз психикасы мен тәртібін саналы түрде басқаруы. 
Ерік темпераменттің кез-келген түрінен де алдыңғы қатардан орын алады. Ерік-
жігері күшті дамыған адамға темпераменттің қандайы болса да жараса береді. 
Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның 
мінезі де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді. Ерік-жігер 
сапалары – мақсаткерлік, шешімділік, табандылық, төзімділік, шыдамдылық, 
дербестік, істі аяғына дейін жекізе білу, батылдық, ерлік. Ерік-жігерден болатын 


20
әрекетке «менің қалауым осы» немесе «маған осы ұнайды» емес, «осылай болу 
керек», «жасауым керек», «міндеттімін», «мен қорқамын, бірақ қолымнан 
келеді!» деген сөздер тән. Яғни, ерік-жігер адамның бір істі қалауы немесе 
қаламауынан көрініс табады. «Мінез» категориясымен байланысты адамның 
ерік-ықтиярына келсек, оны мінезге қосу қалыпты жағдайға айналған. Ананьев 
жазғандай, «мінез бірлігін қалыптастыруда ерік ерекше рөл атқарады» [17, 
б.176]. Рубинштейннің пікірінше, ерік – бұл мінездің «тірегі». «Ерік, ең алдымен 
мінездің күштілігімен, оның беріктігімен, табандылығымен, батылдығымен 
байланысты. Бірақ мінездің күші сарқылмайды, ол сол ерікті басқаратын 
мазмұнға ие» [18, б. 378]. 
Адамның еріктік сапалары “Жағымды мінездің жотасы” деп те аталады. 
Адамда күшті жігер-қайрат болса, өзінің көздеген мақсатына жету үшін 
батылдығы, шыдамдылығы, тәртіптілігін байқатады. Жiгерсіз, ерік күші жоқ 
адамды “Нашар мінезді адам екен” деп те атайды. Ондай адам тіпті білімді, 
кабілетті болса да ic-әpекетінде өз мүмкіншіліктерін толық пайдалана 
алмайтындығы белгілі. Мінез адамдардың ерік-жігеріне де байланысты. Егер де 
ерік-жігері күшті болса, ондай адамдарды “мінезді” адам дейді. Мұндай адамдар 
қажырлы, іске алғыр, ойлаған мақсатына жетуде қандай қиыншылық болса да 
қарсы төтеп бере алатын, табанды адам болып келеді. Табысты болушылар – 
әрдайым ерік-жігері күшті болғандар. Ал егер де жігері әлсіз адам болса, оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет