Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет141/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   348
18.08.2023 dis

КҮЛКІШІЛ сын. Күлкіге әуес, күлкіқұмар. Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ 
Күлкішіл кердең наданның, Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды – Әдеті надан адамның 
(Абай, Тол. жин.). Еңбексіз ыржаң, Күлкішіл қылжаң, Еріншек, масыл, шағым, дау. 
Жұмыссыз адам, Санасыз надан; Саналы – саған болды жау (Ж.Сыздықов, Асу.). 
323. 
КҮЛІМПАЗ сын. Күлегеш, күлкішіл. Екі келіншек өз сөздеріне өзі сылқ-сылқ 
күлді, бірақ жолаушы ыққан жоқ. Күлімпаз жас келіншектерге қызыға, ынталы қарады 
(С.Бақбергенов, Қайран шешем). 
324. 
КҮТКІШ сын. 1. Үміт артқыш, тосқыш. Жұмақ күткіш наданның орны дозақ 
әрқайда (С.Торайғыров, Мағынасыз.). Білесің ауданыңның басшыларын Қаладан көмек 
күткіш «жақсыларың» (Айтыс). 2. Жақсы күтетін, баптағыш, қамқор. Тәрбие 
бақшасында балаларын, Олардың көрсең күткіш аналарын, Алмадай екі беттен нұры 
тамып, Өлеңмен қарсы алады ағаларын (С.Мұқанов, Таңд. шығ.). Орындап қарт әмірін 
жас түрікпен, Босатып тұтқын қолын темір кілттен. Шетінен жібек кілем ұсынды орын, 
Сыпайы, қонақ күткіш кішілікпен (Ә.Тәжібаев, Тарту.). 
325. 
КІЖІҢДЕУІК сын. Қожаңдағыш, қоқаңдағыш. Ол – қара күшке сүйенген, 
орынсыз кіжіңдеуік, оспадар емес, салмақты, күшті қайраткер (I.Омаров, Шабыт.). 
326. 
КІРІМДІ сын. Іші-бауырға кіріп кететін, көпшіл, жұғымды, тіл тапқыш. 
Қонақ кірімді екен. Үй иелерінің қабағына, қалжыңына рахаттанып, бұрын көрісіп 
жүрген адамдай, әңгімеге араласып кетті (Ғ.Мұстафин, Дауыл). Кірімді, жағымды 
мінезі несойқанды қылығы жоқ. Елеусіз жүр. Сонда да паң (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). 


183
327. 
КІРІМТАЛ сын. Кірімді, үйірсек,елсек. 
328. 
КІШІПЕЙІЛ сын. 1. Инабатты, сыпайы. Кішіпейіл адамдай, Басын изеп 
жалбырап, Сай мен сала қосылып, Тойға жүрді жосылып, Күжілдесіп күлесің. Шапшаң 
тойға жүр дейсің (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Тойға келді ер Төлеген, Нұркен де, 
Батырларым, ағаларым күн кеуде. Дастарқанның төр жағына отырды Кішіпейіл кішілер 
де, үлкен де (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Кішіпейіл де ақжарқын, бауырмал Темір аз 
күннің ішінде біздің бәрімізді баурап алды (Ж.Молдағалиев, Майдан). 2. Өзін өзгеден 
жоғары ұстамайтын, кішік, қарапайым. Атадан жаман болып туған бала Саны бар, 
сапасы жоқ құлменен тең. Жолдасың кішіпейіл жайлы болса, Ішіңнен жарып шыққан 
ұлменен тең (Ә.Найманбаев, Шығ.). Осы мысалдардан-ақ Горькийдің қандай кішіпейіл 
жазушы, қандай кішіпейіл адам болғанын аңдасақ керек (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). 
329. 
ҚАБАҒЫ АШЫҚ Ақжарқын, жайдары. Қабағы ашық, жүзі жарқын, дүниесіне 
разы еді, нағып өзгеріп қалған (I.Жансүгіров, Әңгім.). Көңілдің кілті жатыр ықыласта, 
Ашық қабақ, сусын мен адал аста. Әркім қалай ойлайды, өзі білсін, Соны біреу 
ойлатты-ау бізден басқа (Қ.Аманжолов, Шығ. жин.). Қара шаш, ақ-құбаша, ашық қабақ, 
Жүзіне келешектің көзін кадап. Қиялдың құшағында отырғандай, Суреттен қазақ қызы 
тұрды қарап (Ж.Молдағалиев, Поэм.). 
330. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет