Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ШАЛМАН сын. жерг. Тентек, бұзық, сотқар. Соның кенже ұлы бір шалман еді, кәзір  жөнделейін деген бе, қалай? (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі)



Pdf көрінісі
бет345/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   348
18.08.2023 dis

ШАЛМАН сын. жерг. Тентек, бұзық, сотқар. Соның кенже ұлы бір шалман еді, кәзір 
жөнделейін деген бе, қалай? (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі). 
998. 
ШАЛПЫ сын. жерг. Шайпау, тілі ащы, ұрысқақ. Мұндай шалпы әйелді көрмедім (Қаз. 
тілі. аймақ. сөздігі).  


314
999. 
ШАМДАНШАҚ сын. Ашуланшақ, ренжігіш. Бас білмейтін шамданшақ асау аттай 
айналшықтап мен тұрмын (Қ.Бадыров, Өткен.). Өзі туралы айтқанда шамданшақ аттай 
кібіртіктеді (Н.Келімбетов, Үміт.). 
1000. ШАМКЕС сын. сөйл. Шәлкес, шәлкем-шалыс. Қаңбақбайдың тілі тотияйындай, мінезі 
шамкес кісі (3.Жәкенов, Таң самалы). 
1001. ШАМШЫЛ 1. сын. Ызаланғыш,, шамданғыш, ашушаң. Аузы жеңіл біреу әлде қалай 
оған қыз екенін айта қалса да, ызақор, шамшыл көріп жылап қоя беретін (Ә.Нұрпейісов, 
Қан мен тер). Айдарбай қарт теңізден де шамшыл, ол да бір өзінше дүлей (М.Сатыбалдиев, 
Жартас.). 2. ауыс. Ырыққа көнбейтін, тулағыш. Дүниеде бас білмеген тайдан қытықшыл, 
шамшыл, тулағыш мақұлық жоқ (Ө.Қанахин, Жер бас.). 
1002. ШАМЫРҚАНҒЫШ сын. Шамданғыш, ашуланғыш, ренжігіш. Әсіресе, ол шаруаның 
көзін таба алмайтын шалағайларға шамырқанғыш (Өнегелі өмір). 
1003. ШАМЫРЫҚҚЫШ зат. Ашуланғыш, ренжігіш. Жоқтан өзгеге шамырыққыш жүйлесі 
жай тапқандай болады (Ә.Кекілбаев, Құсқанаты). 
1004. ШАПТЫҚПА сын. Ашуланшақ, ұрысқақ. Оның тез ашуланғыш, шаптықпа мінезі о 
бастан жоқ (А.Байтанаев, Қансонар). Көк долы аяз өрши түседі: шаптықпа мінезі бар 
(Ә.Әлішев, Батыр.). // Ашуланшақ. өршеленіп кететін мінез. Зәбірдің шаптықпасы бар ма? 
(Ұ.Доспанбетов, Қыр.). 
1005. ШАПЫЛДАҚ сын. Беттен алғыш, ұрысқақ. Беттен алғыш, шапылдақ әйел жүрегінің 
тарс айырылатындығын айтып зарланумен болды (Б.Майлин, Азамат.). // Ұрысқақ адам. 
Шындықты айтса, шақырайып шыға келетін өңкей шапылдақтар мен шіңкілдектер ауылы 
бұл (Ж.Мусин, Ақ алаң). 
1006. ШАР сын. жерг. Ашулы, ызалы. Мынауың бір іздегені төбелес, мінезі шар жігіт қой 
(Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).  
1007. ШАРАПҚҰМАР сын. Ішкіш, ішімдікті жақсы көретін, маскүнем. 
1008. ШАРҚАЯ сын. жерг. Бұзақы, ұрысқақ, ашушаң. Ол өзі – осы елдегі шарқая әйелдің 
бірі (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). 
1009. ШАРЛАШ сын. жерг. Бұзақы, тентек. Сіздің айтып отырған балаңыз – менің 
білуімше, барып тұрған шарлаш (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). 
1010. ШАРЫҚШЫ сын. жерг. Ұрысқақ, ашушаң. Шарықшы әйелден аулақ жүрмесең, басың 
бәлеге қалады (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). 
1011. ШАТА сын. Мінезі шәлкез, тентек, шатақ шығарғыш. Мінезі шата ғой өзінің: тиіп 
кетсең, өзіңе бас салғалы тұр (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). Оған соқтықпа – ол шата кісі (Қаз. 
тілі. аймақ. сөздігі). Әй, енеңді ұрайын, Маусымбектің шатасы не қыласың қылжақты 
(Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).  
1012. ШАТАҚҚОЙ сын. Дау, жанжал шығарғыш, даукес. Әлгі шатаққой шалды қай жер 
жұта қойды (Б.Нұржекеев, Күту.). Ең шатаққой баламен өмір бойы бір шәй деспей өту де 
өзгеше дүние-ау (Б.Нұржекеев, Бір ғана.). 
1013. ШАТАҚҚОР сын. Шатаққұмар, жанжалқой. Меніңше, ол шатаққор жігіт болса 
керек (Е.Оразақов, Дәрігер.). Мына үлкен балалары шатаққор келеді (С.Мұратбеков, 
Көгорай.). 
1014. ШАТАҚҚҰМАР сын. Шатаққой, даукес, жанжалқұмар. Тыз етпе, жеңілтек, әрі 
шатаққұмар едім (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.). Өмірәлі шатаққұмар да кісі сияқтанбайды 
(Б.Нұржекеев, Бір ғана.). (Шатаққұмарлар желігіп, Шабуылдайды қайдан да. Шұбарға 
мініп тебініп, Шақырса-дағы майданға (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет