Зертханалық жұмыс №15
Анықтамалық жүйе құру
Мақсаты: Анықтамалық жүйе құру алгоритмін меңгеру.
Негізгі ұғымдар. Анықтамалық жүйе құру алгоритмі мына қадамдардан тұрады:
1.Файл
проектісінің құрылуы
2.Анықтамалық жүйенің мазмұнын құру
(файл контенті)
3.Файл
индексін құру
4.
Компиляцияға жіберу
Анықтамалық жүйе мазмұны HTML Help Workshop ортасында құрылады.
Анықтамалық жүйені С# тілінде құрылған қосымшаға шақыру үшін
HelpProvider1 (HelpNameSpace қасиеті -*.chm), button1
компоненттерін қоямыз, мына
код арқылы шақырамыз.
private void button1_Click(object sender, EventArgs e)
{ string helpfile = @"C:\Documents and Settings\Рабочий
стол\an_zh1/anik11.chm";
Help.ShowHelp(this, helpfile);
this.Hide();
}
Өзіндік жұмыс тапсырмалары
1. C# программалау тілінің операторларының негізгі мүмкіндіктеріне арналған
анықтамалық жүйе құрыңыз.
2. C# программалау тілінің негізгі құрылымдарына (массив, жолдар, файл, т.б.)
арналған анықтамалық жүйе құрыңыз.
3. C# программалау тілінің графикалық негізгі мүмкіндіктеріне арналған
анықтамалық жүйе құрыңыз.
4. Array және ArrayList кластарының әдістері тақырыбында анықтамалық жүйе
құрыңыз.
5. String класының әдістері тақырыбында анықтамалық жүйе құрыңыз.
6. Math класының әдістері тақырыбында анықтамалық жүйе құрыңыз.
7. Visual Studio ортасының негізгі элементтеріне (интерфейсі)
арналған
анықтамалық жүйе құрыңыз.
8. Саймандар панелінің негізгі компоненттеріне арналған анықтамалық жүйе
құрыңыз.
9. Form класының әдістері тақырыбында анықтамалық жүйе құрыңыз.
10. C# программалау тілінің негізгі операциялары(арифметикалық,
логикалық,
салыстыру, биттік) тақырыбында анықтамалық жүйе құрыңыз.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
C# программалау тілі. Ерекешева М.М.
1. Сызықтық алгоритмде қолданылатын негізгі операторларды атаңыз?
2. Таңдау операторы қалай орындалады?
3. Шартты оператордың күрделі құрылымы қалай жазылады?
4. Қайталау операторының түрлеріне мысал келтіріңіз.
5. Бір ӛлшемді массив элементтерін енгізуге қандай компоненттер қолданылады?
6. Екі ӛлшемді массив элементтерін бейнелеуге қандай компонент қолданылады?
7. Символдық мәліметтерді ӛңдеуге қолданылатын операторларды атаңыз?
8. Символдық мәліметтерді енгізуге қандай компоненттер қолданылады?
9. Мәліметтерді файлдан оқуға және файлға
жазуға қандай операторлар
қолданылады?
10. Мәліметтерді толықтыру үшін файл қандай режимде ашылады?
11. Графиктік файлдарды бейнелеуге қандай компонент қолданылады?
12. Менюлерді құру принципі қандай?
13. Математикалық координаттан графиктік координатқа кӛшу принципі қалай?
14. C# тілінің графиктік мүмкіндіктерін түсіндіріңіз.
15. Графиктік объектілерді бейнелеуге қандай компонент қолданылады?
16. Функциялар графигін құру принципін түсіндіріңіз.
17. Тест сұрақтарын файлдан оқу принципі қалай ұйымдастырылады?
18. Кездейсоқ сандар генераторы қалай қолданылады?
19. Саймандар панелін құру принципі қандай?
20. Объектілерді қозғалысқа келтіру принципі қалай?