53
2
ПӘНАРАЛЫҚ
БАЙЛАНЫСТА
БАСТАУЫШ
СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ОЙЛАУ
МЕН
СӨЙЛЕУ
ДАҒДЫЛАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ МОДЕЛЬДЕУ
2.1
Пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу дағдыларын
жаңартылған білім мазмұнында жүзеге асырудың мүмкіндіктері
Жалпы орта білімнің мақсаты әрбір адамның тұлғасын әржақты дамытуға
ірге тасты қалаумен байланысты болады.
Ғылыми білімдердің қарқынды дамуы кезеңінде ғылым мазмұнын
жетілдіруде, оларды философиялық және әдістемелік жалпыламалауда ерекше
мәнді, бүгінгі күнгі мектеп оқушысы тұлғасының шығармашылық әлеуетін
дамытуға
бағытталған, өздерінің білімдерін өздігінше толтыру шеберлігі мен
саяси ғылыми және техникалық мәліметтердің жылдам ағымында бағыт табуға
мүмкіндік беретін құрылымдар алады [118,р. 1212]
Ал, ол құрылымдар «оқыту пәні» деп аталып, білім беру бағдарламалары,
оқулықтар, оқу құралдары бойынша оқыту үдерісі ұйымдастырылады. Ол
пәндерде жеке-жеке білім берілгенімен негізгі нәтижесі оқушының ойлау,
сөйлеуін қалыптастыру болып табылады. Ол – пәнаралық байланыста оқыту
деген мақсат.
Оқыту әрекетінің негізі ойлау мен сөйлеу әрекеті.
Сондықтан біз
пәнаралық мәселесін алдымен сөйлеу әрекетіне орай қарастырайық.
Сөйлеу әрекеті тілдік құралдарды қолдана білу негізінде жасалатыны
белгілі. Ал сөйлеу нәтижесі – мәтін. Сондықтан мәтін түрлері көп. Бірақ осы
мәтін түрлері бойынша оқушыларға білім, білік,
дағды беру әдістемесі
пәнаралық негізде қарастырылады. Оның бірнеше себептері бар:
а) тіл ортақ. Жазылғанды оқу немесе тыңдау арқылы бала сол мәтіндегі ой-
пікірді түсініп қабылдайды. Бірақ бұл мәтіндердегі ой-пікір әр ғылым саласы
бойынша берілген. Мәселен, терминдер 4-сыныпта математика, қазақ тілі,
дүниетану, жаратылыстану және т.б. пәндер бойынша беріледі. Егер
оқушылардың сөздік қорында бұл ғылым салаларындағы
терминдер туралы
түсінігі болмаса, онда сол пәндік мәтін мазмұны қабылданбайды.
ә) адамның сөйлеу әрекеті оның танымына, түсінігіне, ойлау дәрежесі мен
сөздік қорына байланысты. Ал әр түрлі ғылым саласы өзіндік ұғым, пайым,
ойлау амалдары арқылы білім, білік, дағдысын тіл арқылы жеткізеді. Егер
оқушының әр ғылым саласындағы термин сөздер бойынша түсініп, пайымдау
т.б.
амалдары төмен болса, ғылымды меңгермейді, ол бойынша өз тұжырым
түсінігін жеткізе де алмайды. Сондықтан оқушылар ең алдымен,
оқулықтағы
мәтіндерді түсініп қабылдау және қабылдағанын есте сақтау амалына
жаттықтырылады. Бұл пәнаралық байланыс негізінде іске асырылмақ [129].
Пәндерді оқыту сабақтарында тек лингвистикалық білім, білікті меңгертіп
қана қоймай, оқушының танымын, ойлауын да дамытып,
сөйлеу әрекетін
жетілдіру қажет. Сондықтан біз оқушының ойлау және сөйлеу тілін оқытуды
ескеріп, ол туралы білім, білік, дағдыларын пәнаралық байланыста оқытуды
қарастырдық.
54
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31
қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес бекітілген «Бастауыш
білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» бастауыш білім берудің
мазмұны оқыту нәтижелеріне бағдарланады және төмендегідей аспектілерді
ескере отырып айқындайды (сурет 11).
Сурет 11 - Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты бойынша бастауыш білім берудің мазмұнын оқытудағы аспектілер
тізімі
Жоғарыда аталып өткен кең ауқымды аспектілер
бастауыш білім беру
пәндерінің мазмұны пәнаралық және пәнішілік байланыстар негізінде
қарастырылғанын көрсетеді [2]. Оқу пәндері мазмұнының
ықпалдасуы әр түрлі
білім саласы бойынша оқытылатын білімді бір жүйеге
біріктіруге, түсініктер
мен тақырыптар аясын
топтастыруға, оқытуды ұйымдастырудағы
ортақ
Достарыңызбен бөлісу: