Есназар асель жаңабергенқызы


«Ұқсастық пен айырмашылық» әдісі



Pdf көрінісі
бет32/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69
dissertation

«Ұқсастық пен айырмашылық» әдісі. Оқушыларға мынадай сұрақтар 
қойылады: Бұл мәтіндердің ұқсастығы неде? Қай мәтінді түсіну оңай: бірінші 
автордың тырна туралы сипаттағаны ма, әлде екінші автордың тырна туралы 
айтқаны ма?  
4-тапсырма. Мәтінді салыстыр. 
Тырна 
Қар еріп, сай-сала бұлақ сылдырына 
толғанда, көгілдір көктемнің көктегі 
жаршысындай болып тыраулап тырналар 
келеді. Оның алыстан талып жеткен үнін 
естігеніңмен, 
көзіңе 
бірден 
шалына 
қоймайды. Күн ұясына қона, тырналар 
аялдама жасайды. Ұзақ жолдан шаршаған 
олар күні бойы қонақтап, ертеңгі сапарға 
күш жинайды. Бәріміз осындамыз ба 
дегендей-ақ, таңертен бір-біріне дауыс 
беріп, түгендеп, хабарласып алады да, 
аспанға қайта көтеріліп, сап түзеп, кете 
барады. Тырна – өте сақ құс. Күзетте 
тұрған кәрі тырна жақындап келе жатқан 
адамды сезіп қалса болды, тыраулап қатер 
белгісін бере қояды [132,б. 52]. 
 
Тырна 
Тырна – денесі ірі, мойыны мен 
аяқтары ұзын, құйрығы қысқа, жақсы 
жүгіретін құстар. Көпшілік түрлерінің 
ұзын кеңірдегі, төс қырының маңайында 
бірнеше түйін құрайды. Осы кеңірдегіндей 
түйіндердің 
әсерінен, 
олар 
күшті 
дыбыстар шығарады [132,б. 62].
 

 
Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады: Берілген мысалдар бір-біріне 
ұқсай ма? Қандай ұқсастық бар? Айырмашылығы неде?
Екі мәтінді салыстыру барысында оқушының мағыналы ойлау қызметі іске 
асады. Бұл мысалдағы ұқсастық оның тақырыбында болғанмен, екеуінде 
автордың айтайын деген ойы екі түрлі екенін оқушыға аңғарту көзделеді. 
Біреуінде тырна туралы нақты ақпарат берілсе, екіншісінде тырнаның әрекеті 
суреттеледі. Осы мысалдар арқылы оқушы мәтін тақырыбы бірдей болғанымен, 
берілетін ақпарат екі түрлі екенін анықтайды. Балалар «мәтінде ақпараттың 
баяндалуы әр түрлі болады» деген жалпы қорытындыны табады. Келесі 
тапсырмада бір мәтіннің ішіндегі екі кейіпкерді салыстыра сипаттау 
тапсырмасы берілген. Оқушы мәтіннің түрін таба отырып, екі кейіпкерді 
салыстыра отырып сипаттауы қажет.
5-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтін түрін анықта.
Мирас мен Диас үйелмелі-сүйелмелі. Екеуі бірге туғанмен, дене пішіндері 
де, мінездері де екі басқа. Мирас ақ құба өңді. Ал Диас жалпақ беттеу, тотыққан 
қызыл қоңыр, жұп-жұмыр. Мирастан жасы үлкен болса да, бойы үш елідей 
аласа.
Мирас елгезек. Жан-жануарға жаны ашығыш. Күшік көрсе де, мысық 
көрсе де, тимейді, ұрмайды [131,б. 45]. 
Оқушыға берілетін сұрақтар: Сипаттау мәтіні ме әлде пайымдау мәтіні ме? 
Екі баланы салыстыра сипаттауда қандай сөздер қолданылған? Олардың пішіні 
мен мінезінде айырмашылық бар ма?
Э.Венн диаграммасы арқылы екі кейіпкерді салыстыр. 


74 
Сурет 16 - Э.Венн диаграммасы арқылы екі кейіпкерді салыстыру 
Оқушылар екі кейіпкердің мінезі мен пішінін салыстыра отырып ойлау 
қызметі іске асады. Олардың ұқсастығы бір ата-анадан туылғаны болмаса 
екеуіннің де мінезінде, пішінінде айырмашылықтардың бар екенін байқайды. 
Осындай тапсырмаларды орындау нәтижесінде ойлау әрекетін дамытуға 
болатынына көз жеткіземіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет