Проблемалық оқыту әдістері. Мәтіннің мазмұндық, құрылымдық
ерекшелігін оқытуда проблемалық оқыту әдісіне негізделе отырып
дайындалған тапсырмалар сөйлеу әрекетінің түрлерін қалыптастыруға оң
ықпал ететіні анықталды.
Жалпы мәтіннің белгісін, құрылымдық ерекшелігін түсіндіру мәселелік
сұрақтардан тұрады, мысалы, мәтіннің негізгі белгісінің бірі оның жүйесін жете
аңғарту үшін сөйлемдердің орны ауыстырылып беріледі. Талдау барысында
«мына мәтіннің мазмұнын тез түсіне аламыз ба?» деген сұрақ қойылады.
Мұғалімнің «неліктен олай ойлайсың?» деген сұрағымен мәселе нақтыланады.
Оқушылар мәселені шешу үшін өздерінің болжамын айтады: себебі мәтіндегі
сөйлемдер мағынасы жағынан өзара байланыспай тұрғаны анықталады.
Соңынан оқушылар мәтіндегі жүйе мен негізгі ойды түсіну үшін сөйлемдегі
айтылатын ой мағынасы жағынан байланысуы қажет деген қорытынды
жасайды. Оқушы өз шешімінің дұрыстығын мәтінді жетілдіріп қайта жазып
шыққанда көзін жеткізеді [145,б. 57]
Қандай да бір жаттығуды орындау барысында оқушының теориялық
ұғымын қалыптастыруға көңіл қоя отырып, мәселелік сұрақтар қою сол
мәселені шешуге көмектеседі. Мысалы, оқушыны мәтін құруға үйрету
барысында мынадай сұрақтар қойған орынды:
- Мәтінді тез түсінуге не кедергі келтіріп тұр?
- Неліктен олай ойлайсың? Ойыңды дәлелдей аласың ба?
- Мәтін түсінікті, жүйелі болу үшін не істеу керек?
7-тапсырма. Сөйлемдерді оқы. Қай бөлік мәтін екенін анықта.
1. Әр халықтың өзіндік дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптары, діни сенімдері және
өзіндік өмір салты бар. Білімді немесе
мәдениетті адам ешқашан өсек айтуға,
өтірік
айтуға
жол
бермейді.
Қарапайымдылық, адамгершілік, адалдық,
өзгелерге жақсылық жасау, әрқандай
қиындыққа сабырлылық таныту сияқты
жақсы қасиеттердің бәрін бір ауыз
сөзбен көркем мінез дейміз.
2. Мәдениетті адам – білімді және
тәрбиелі адам. Ол қоғамда өзін қалай
ұстау
керектігін
біледі,
этикет
ережелерін сақтайды. Демек, білімді
немесе мәдениетті адам – кез-келген
жастағы адам, ол өзін әр түрлі
ғылымдармен, мәдениет пен өнер туралы
білім негіздерімен, өз халқының салт-
дәстүрлерімен және басқа елдердің
мәдениетімен байытуға тырысады.
1.Екі бөлікті оқы. Екі сөйлемдер тобының қайсысында белгілі бір ой бар,
қайсысында тұтас ой жоқ екенін дәлелде.
2.Сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып тұрған сөздердің астын сыз.
Тапсырманың мақсаты: мәтінді анықтау. Тапсырманы орындау
нәтижесінде оқушы кез келген сөйлемдер тобы мәтін бола алмайтынын, мәтін
болу үшін сөйлемдер арасында мағыналық байланыс болу керек екені түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |