76
жетуге көмектескен әдістердің бір түрі.
Бұл әдісте оқушы тапсырманы
орындауда қандай нәтиже көрсететінен гөрі сол
нәтижеге жету барысындағы
әрекеттері маңызды. Сондықтан біз өз жұмысымызда мәтінмен жұмыс жасауда
сөйлеу әрекетін қалыптастыруда интербелсенді
әдісті тиімді деп санап,
тапсырмалар жүйесін дайындауда ескердік.
Интербелсенді тапсырмалар
жүйесін мәтіннің
төңірегінде ұйымдастырып, сөйлеу әрекеттерінің түрлерін:
оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдысын дамыту көзделді [138].
8-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге ат қой.
Ел жайлаудан қайтты. Күзеуге келген соң күзем қырқылды. Жүн сабап,
киіз үй басу басталды.
Ауылда бұл думанды әрекет. Әйелдер әндетіп отырып, сабаумен жүн
сабайды. Біз: «Қой басты, қой басты» деп, киіз тебеміз. Сол кезде төбеден
тыраулап тырналар өтеді. Қыздар: «Келесі көктемге дейін сау болыңдар» деп,
қайтқан құстарға қол бұлғайды.
Бел астындағы егіс даласынан тракторлар тізбегі көрінеді. Олар ел
ырысы – алтын дәннің алдағы қамын жасап жүр. Күз қарқынды еңбекпен,
думанды қызықпен өтіп жатыр [132,б. 52].
Ғ.Оралбаев
Кесте 6 - Жұптық жұмыс. Мәтіннен сөз тіркестерді тауып, кестеге жаз
1-жұп
2-жұп
3-жұп
4-жұп
2.Анықталған сөз тіркестерінің байланысын көрсетіңдер. Бағыныңқы және
басыңқы сыңарын табыңдар.
3. Мәтінде қарамен боялған сөздің синонимін тауып, сөйлем құрастыр.
«Күз» сөзіне синквейн жаз.
1-ші жол – бір сөзден тұратын тақырыптың атауы, зат есім
2-ші жол – тақырыпты не затты сипаттайтын екі сын есім
3-ші жол – автордың көзқарасын білдіретін үш етістік
4-ші жол – тақырыптың мағынасын ашатын төрт сөз
5-ші жол – бірінші сөзінің синонимі
Достарыңызбен бөлісу: