Есназар асель жаңабергенқызы


Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау



Pdf көрінісі
бет37/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69
dissertation

2.3 Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау 
мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық 
моделі 
Біздің зерттеуіміздің міндеттерінің бірі пәнаралық байланыста бастауыш 
сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың 
моделін жасау болғандықтан, алдымен «модель» ұғымына анықтама беру 
орынды болады. Педагогикалық ғылыми зерттеулерде модельдеу әдісін 
қолдану және модельді құру кең қолданылуда. Модель құру оның негізгі 
белгілері, олардың байланыстары, ерекшеліктері сипатталады, бұл зерттелініп 
жатқан объектіні жаңғыртуға, ғылыми тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік береді. 
Модель болу үшін жаңа білім алуға мүмкіндік болатын қажетті шарттар 
айқындалуы тиіс. 
Ғылыми еңбектерді талдау барысында «модель – қандай да бір объектінің, 
процестің үлгісі, үлгілі данасы, бейнесі, схемасы, сипаттамасы» ретінде 
қарастырылады. Ал анықтамалық сөздіктерді талдауда «модель» (француз) – 


79 
«өлшем, үлгі, норма; (лат.) - кескін, қысқартылған нұсқа» дегенді білдіреді 
[152].
Жалпы философиялық терминдер бойынша, модельдеу процесін талдау 
модельдеу объектілерінің бар екендігі туралы шындықты танудан басталуы 
керек екені анық. Бұл талдау келесі негізгі ережелерге негізделеді: 1) Модель – 
бұл нақты обьектінің гносеологиялық көрінісі; 2) Модель – бұл объектінің 
гомоморфты көрінісі, оның нәтижесінде бастапқы құрылым қысқартылып, 
жеңілдетіледі. Модель зерттелетін объектінің зерттеу үшін ең маңызды болып 
табылатын негізгі аспектілерін ғана жаңғыртады; 3) Модель – бұл танымдық 
объектіні құруға, жобалауға, қатысуды қамтиды [154]. 
Ш.Т.Таубаева модельдеуді үлгі деп аталатын бір нысандағы басқа бір 
нысанның сипатын жүзеге асыру ретінде қарастырады. Оның ойынша, модель 
мен түпнұсқаның арасында айқын көрінетін ұқсастық қатынас бар: ғылыми 
таным үдерісінде модель түпнұсқаны алмастырады; модельді зерттеу түпнұсқа 
туралы ақпарат береді [153]. 
А.Н.Дахиннің пікірінше, «модель – схема, физикалық құрылымдар, 
таңбалы нысандар немесе формулалар түрінде жасанды жасалған үлгі, ол 
зерттелетін объектіге (немесе құбылысқа) ұқсай отырып, осы объектінің 
құрылымы, қасиеттері, өзара байланысы және элементтері арасындағы қарым-
қатынасты неғұрлым қарапайым және өрескел түрде бейнелейді және 
жаңғыртады» [154,с.22]. Ал, М.Вартофский модельге келесі анықтама береді: 
«бір жағынан, модель идеяның көрінісі, ал екінші жағынан - бұл идеяны жүзеге 
асырудың динамикалық аспектісі» [155]. Біз модельді зерттелген объектіні 
жаңғыртатын және объект туралы жаңа ақпарат алуға мүмкіндік беретін, 
ақылмен ұсынылған және материалдық тұрғыдан жүзеге асырылған аналогы 
ретінде қарастырамыз. 
Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыру моделін әзірлеу кезінде В.А.Штоффтың «модель - 
объект туралы жаңа ақпарат береді деген оймен ұсынылатын немесе 
материалдық іске асырылатын жүйе» деген идеясын басшылыққа алдық [156].
Ұсынылған анықтамаларды талдай келе,
пәнаралық байланыста 
бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасауда біз Қазақстан
Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын (Қазақстан Республикасы 
Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығы), Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27.07.2007 ж., №319-III ҚРЗ. Астана. 
Ақорда, Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын 
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 
қазандағы № 604 бұйрығы), бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 – 
сыныптарына арналған оқу бағдарламаларын, дербес пәндердің әдістемесін 
басшылыққа алдық.
Біздің ойымызша, зерттелетін мәселесінің теориялық моделі бастауыш 
сынып оқушысының мектеп жағдайында ойлау мен сөйлеу дағдысы дамыған 
оқушы ретінде қалыптасуының мақсаты мен күтілетін нәтижесін болжауға, 


80 
оқушының тілдік дағдыларын меңгеруге, қатысымдық қатынасты орнатуға 
және т.б. тетіктерін қамтамасыз етеді.
Ұсынылып отырған модель бастауыш сынып оқушыларының ойлау 
мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың жоғары деңгейде дамуына 
бағытталған педагогикалық жүйенің үлгісі болып табылады. Модель білім 
беру үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыру үдерісін сипаттайды, оның басты қызметі - 
оқушының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселенің мәнін
ашуға, құрылым ретінде түсінуге мүмкіндік беру болып табылады. 
Модельді жүзеге асыру негізінде оқушылардың ойлау мен сөйлеу 
дағдылары қалыптасып қана қоймай, алған білімдерін тәжірибеде жоғары 
деңгейде қолдана алулары, олар диалог құруға, көпшілік алдында еркін 
сөйлеуге, ой қорытындысын жасауға, пәнаралық мәтіндерді талдау дағдыларын 
оқу әрекетінде педагогикалық шығармашылықтың жоғары деңгейін көрсете 
білулері, оқушылардың жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып,
олардың толыққанды дамуы және өзін өзі дамытуын қамтамасыз етілетіндігі 
күтіледі [157]. 
Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық модельдің
мақсаты – пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, 
компоненттерін, өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін, нәтижелерін 
саралау болып табылады. 
Енді модельдің құрылымына тоқталып, оның ішкі элементтерін жеке-жеке 
талдауға көшеміз.
Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыруда келесі тұғырларды басшылыққа аламыз. Олар: 
жүйелілік тұғыр, интегративті тұғыр, іс-әрекеттік тұғыр, орта тұғыры. 
Ғылыми әдебиеттерде «тұғыр» ұғымы педагогика ғылымында әдіс-
тәсілдердің жиынтығы ретінде қолданылады. Тұғыр – бұл негізгі идея мен 
мәселені шешудің әдіснамасы, философиялық, психологиялық-педагогикалық 
алғы шарттарды, мақсаттарды, принциптерді, мақсатқа жету кезеңдерін ашатын 
құрал болып табылады. Олай болса, біз қарастырып отырған бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын пәнаралық байланыста 
қалыптастырудың әдіснамалық тұғырларын негіздеу қажеттілігі туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет