Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет39/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69
dissertation

Интегративті тұғыр – күрделі жүйелік құбылыстарды, процестерді, 
объектілерді зерттеу кезінде қолданылатын зерттеу әдістердің, объектілердің, 
үдерістердің, құбылыстардың жиынтығының нәтижесінде жаңа сапа 
құрылады деп қарастырады. Бұл тұғырды іске асыруда интегративті 
процестердің екі негізгі деңгейін жүзеге асыруды қамтиды: 1) пәнаралық 
интеграция - әртүрлі пәндер мазмұнының өзара байланысы мен өзара 
тәуелділігі, бұл оқыту қызметтің мәнін толық түсінуді және оны жүзеге асыруға 
дайын болуды қамтамасыз етеді; пәнішілік интеграция - пәннің бөлімдері 
арасында семантикалық, мазмұндық, құрылымдық және технологиялық 
байланыстарды орнатуға бағытталған. Интеграцияның бұл түрі жүйені 
құрайтын байланыстарды, сондай-ақ теорияның практикамен байланысын 
анықтауға мүмкіндік береді [121,с. 136]. 
Ғалым В.С.Безрукова білім беру жүйелеріне қатысты интегративті 
тұғырды «мақсаттарды, мазмұнды, оқыту нысандары мен әдістерін, іс-әрекет 
түрлерін, білімді, дағдыларды, қасиеттер мен жеке қасиеттерді интеграциялау 
қажеттілігін түсінуге негізделген тұғыр» деп түсінеді [159]. Яғни, интегративті 
тұғыр әлемнің күрделі объектілері мен процестерін зерттеуде тұтас бірлікті 
қамтамасыз етеді. Бұл бірлік алдымен ғылыми фактілер, тұжырымдамалар, 
заңдар деңгейінде белгіленеді, содан кейін әмбебап түрде көрсетіледі, оның 
тиімділігі жалпыланған білімнің (тұжырымдамалар, заңдар, жалпы теориялар) 
қалыптасуымен, әлемнің ғылыми бейнесін түсінумен және сайып келгенде 
тұтас ғылыми дүниетаныммен анықталады. Білім беру үдерісіндегі 
интегративті тұғыр оқушылардың жан-жақтылығын, білім тұтастығын 
қамтамасыз етудің, олардың жүйелі ойлауы мен ғылыми дүниетанымын 
қалыптастырудың нақты нысаны болып табылады. Интегративті тұғырдың 
көмегімен бір ғылыми пәннің білімін екінші ғылыми пәнде қолдану 
нәтижесінде әртүрлі ғылымдардың өзара байытылуы мен дамуы жүреді. Бұл, 
әрине, оның күшті жағы деп қарастырамыз.


82 
Осы тұғырды басшылыққа алу арқылы пәнаралық және пәнішілік 
байланыстар оқу үдерісін оңтайландыруда, оқытудың ұйымдастырушылық 
формаларын тиімді пайдалану үшін, сондай-ақ оқу үдерісінің барлық негізгі 
буындарын мақсатты түрде қайта құру үшін ерекше маңызға ие. Мұндай 
жағдайда бастауыш сынып оқушыларының пәндік білім сапасының артуы 
жолға қойылады. Олай деуге негіз бар. Демек, интегративті тұғырға негізделген 
оқыту мыналарға мүмкіндік береді: ойлаудың жаңа жақтары мен 
компоненттерін анықтау, жаңа сұрақтар қою, байланысты анықтау; пәнаралық 
байланысқа негізделген оқу-танымдық іс-әрекетке қажетті құралдарды 
біріктіру; әртүрлі ғылыми салалар арасындағы кейбір қайшылықтарды жою
ғылыми терминологиялық аппараттың ортақ тілін анықтау; объектіні 
зерттеудің әдістемелік бірлігін қалыптастыру. 
Сонымен, интегративті тұғыр оқушыға пәндік білімді кеңейтуге, жеке 
пәннен тыс барлық білімді қолдана отырып, мәселені шешудің жолын 
көрсетуге мүмкіндік беретінін, сондай-ақ жаңа сапалы нәтиже, жаңа жүйелік 
және тұтас білім беретін педагогикалық процестің әртүрлі аспектілерін 
тұтастай қарастыруды қамтитынын байқадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет