83
операциялар. Ғалымның айтуынша, іс-әрекет ұғымы міндетті түрде мотив
ұғымымен тығыз байланыста. Осылайша, іс-әрекетке
негізделген тұғыр
мыналарды қамтиды: оқушыларда танымдық мотив пен оқуға деген ынтасының
болуы; оқушылар білімін жетілдіруде белгілі бір әрекеттерді орындауы;
оқушылардың алған білімдерін саналы түрде қолдануға мүмкіндік беретін іс-
әрекет әдісін анықтау және дамыту; оқушылар өз іс-әрекетін бақылауды
қалыптастыру [160].
Біздің
ойымызша, ойлауы мен сөйлеу дағдылары қалыптасқан оқушының
бойында жоғарыдағы аталған әрекеттер болуы тиіс, әрі педагогикалық
әрекеттері осыларға сәйкес келуі қажет. Аталмыш тұғыр,
бастауыш сынып
оқушыларының оқу үдерісіне қойылатын талаптарды қанағаттандыратын және
қатысымдық іс-әрекетке дайын болуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: