84
байланысты түрде олардың санасында бекітіліп, кейінгінің алдыңғыға сүйеніп
жаңаны игеруге дайын болуын мақсат етеді. Оқу үдерісінде оқушы білімінің
жүйелі қалыптасуында салыстыру әдісін қолдана білудің маңызы ерекше.
Жүйелілік пен бірізділік ұстанымы оқушы мен мұғалімнің әрекетінде жүзеге
асып, жалпы ойды көрсету және оқушылардың
зерттелетін құбылыстар мен
фактілерді талдау, жүйелеу және жалпылау қабілетін дамытуға ықпал етеді
[81,б. 45].
Оқытудың сабақтастығы ұстанымы. Пәнаралық тұрғысынан алғанда
оқыту үдерісінде бір сыныпта оқытылатын немесе ортақ тақырыптар арқылы
өтілетін тақырыптардың бір-біріне мағыналық жағынан сәйкес келетіндерді,
бір-бірін үстемелеп толықтырып отыратын элементтерді алдын ала байқап,
сабақтастыра жүзеге асыруды көздейді. Демек, оқушының ілгерідегі меңгерген
білімінің жаңа материалды ұғыну ішін себебін тигізетіні тірек етіп
пайдаланылады. Оқушы үшін жаңа материалды өткен материалмен шебер
ұштастыруда нәтижелі болмақ.
Теория мен практиканың бірлігі ұстанымы, әрбір сабақта оқытылатын
материалдың практикалық құндылығын көрсетуді, оқушының осы білімнің
шешіммен байланысына көз жеткізуге мүмкіндік алатын жағдайларды,
тапсырмаларды жасауды талап етеді. Сондай-ақ қызығушылықты арттырып,
оқу жұмысының мазмұнына практикалық және тұлғалық мән береді. Бұл
материалдың практикамен тікелей байланысы болмаған жағдайда, оқушының
қиялын практикалық әрекетке қосуды әлі де қолдану керек.
Өзі шешім
қабылдауға және жауапкершілікті көтеруге тиісті практикалық жағдайды
елестетудің өзінде оқушы оқыту қызметке тартылады, бұл өз кезегінде ұзақ
мерзімді есте сақтау механизмдерін қосуға, ассимиляция күшін нығайтуға
ықпал етеді.
Олай болса, практикамен байланыстыру ұстанымын жүзеге асыру
ұзақ уақыт есте сақтауға деген көзқарастың қалыптасуына, оқу материалын
қабылдаудың жақсаруына ықпал етеді, соның арқасында оқытылатын пән терең
мағынаға ие болады [70,б. 98].
Тілдік сезімге сүйену және оны дамыту ұстанымы. Оқушы сөздің
мағынасын ажыратып, сөз тіркесі мен сөйлемдерді дұрыс құрастырып, ойды
түсінікті етіп айта алады, байланыстырып сөйлеу тәсілдерін меңгереді. Тілдік
сезімге сүйену оқушыға сауатты сөйлеудегі, сауатты жазудағы құралы ретінде
қызмет атқарады. Ендеше, тіл құбылыстарын
ажырата білу икемділігін өз
бойына жақсы дарытқан бастауыш сынып оқушының сауатты түрде сөйлеу,
сауатты жазу мүмкіндіктері де жоғары деңгейде қалыптасады.
Сөйлеу мәнеріне зейін қою ұстанымы. Сөйлеудің эмоциялық мәнерінің
мәнін танытуды көздейді. Бұл ұстанымды тілдік пәндерді оқыту үдерісінде
қолданғанда, көркем шығармаларды, басқа да мәтіндерді сабақта пайдаланып,
сол үлгілерде функциялық-стильдік ерекшеліктердің айқын көрініс беретіні
танытылады.Таңдап алынған материалдар мәтіннің эмоциялық және мағыналық
нәзік белгілерін ұғындыруға мүмкіндік береді.
Нәтижеде: келесі беттегі 17-суретте берілгендей, ойлау мен сөйлеу
дағдысы қалыптасқан бастауыш сынып оқушысы қалыптасады деп күтіледі.
86
Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу
дағдыларын
қалыптастырудың
құрылымдық-мазмұндық
модельдің
компоненттері: мотивациялық, танымдық, нәтижелік.
Достарыңызбен бөлісу: