Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет42/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69
dissertation

Мотивациялық компонент. Мотивация - мақсатқа негізделген мінез-
құлыққа түрткі болатын және оны қуаттап отыратын процесс. Бұл анықтама 
танымдық сипатта, өйткені ол бойынша оқушылар алдарына қойған 
мақсаттарына жету үшін танымдық процестер (мысалы, жоспарлау, бақылау) 
мен мінез-құлық сапаларын (мысалы, табандылық, талпыныс) пайдаланады 
[163]. Оқушының мотивациясын тікелей бақылай алмаймыз. Оны тек 
тапсырманы таңдау, тапсырманы орындаудағы талпынысы, табандылық, 
мақсатқа жетудегі әрекеттеріне сүйене отырып түсіне аламыз. Мотивациялық 
компонент бастауыш сынып оқушысының ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыру құрылымында реттеуші қызметін орындайды, оқушының 
пәнаралық білімге, ойлау және сөйлеу дағыларын игеруге деген ұмтылысы мен 
талпынысын білдіреді. Бұл компоненттің өлшемі: «мотивациялық қатынас» деп 
алдық. Ендеше, бұл өлшемнің көрсеткіштері: оқу пәндерін оқытуда пәнаралық 
танымдық тапсырмаларды орындауға деген қызғушылық; ортақ пәнаралық 
ұғымдарды меңгеруге деген талпыныс; пәнаралық байланыста ойлау мен 
сөйлеуді жетілдіруге деген ұмтылыс. 
Бастауыш сынып оқушысының ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастырудың келесі компоненті - бұл оқушыларды мектептегі пәнаралық 
білім беру жағдайында педагогикалық оқу іс-әрекетіне қажетті және жеткілікті 
оқытуға бағытталған білім, білік, дағдылар жүйесімен қаруландыруды 
көздейтін танымдық компонент.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 – сыныптарына арналған «Қазақ тілі», 
«Әдебиеттік оқу», «Математика», «Дүниетану» пәнінен үлгілік оқу
бағдарламасын талдай келе, пәнаралық байланыс ортақ тақырып арқылы жүзеге 
асқандығын байқаймыз. Бұл дегеніміз оқу үдерісінде оқушылардың ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын пәнаралық байланысты жүзеге асыруды көздейді. Ендеше, 
бастауыш сынып пәндерін пәнаралық байланыста оқытып, оқушылардың ойлау 
мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға болады. Бұл компоненттің өлшемі: 
«когнитивті-мағынаны тану» деп алдық. Ендеше, бұл өлшемнің көрсеткіштері: 
пәнаралық оқу материалдары бойынша білімі; ұшқыр ойлау мен тілдік 
дағдыларды еркін қолдану білігі; пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеуге 
бағытталған әрекет тәсілдерін білу белсенділігі. Моделіміздің танымдық 
компоненттің негізгі жинағы пәнаралық байланыста бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған 
әдістемелік кешен әзірлеу болып табылады. Зерттеу барысында бастауыш 
сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте ойлау мен сөйлеуді 
пәнаралық байланыста қалыптастыру негіздері» атты ғылыми-әдістемелік 
семинарының бағдарламасы; бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ойлау 
мен сөйлеудің құпиясы» атты факультативтік курс бағдарламасы; пәнаралық 
байланыста ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған 
жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі әзірленді.  


87 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет