Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет44/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69
dissertation

 
 
 
 
 
 
 
 


89 

ПӘНАРАЛЫҚ 
БАЙЛАНЫСТА 
БАСТАУЫШ 
СЫНЫП 
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
ОЙЛАУ 
МЕН 
СӨЙЛЕУ 
ДАҒДЫЛАРЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК 
ЖҰМЫСЫ 
 
3.1 Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау 
және сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың бастапқы диагностикасы
Тәжірибелік-эксперимент жұмысымызға 2018-2021 жылдары аралығында 
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№68 жалпы орта білім беретін 
мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4 сынып оқушылары (60) және 
Түркістан облысы, Сайрам ауданы №93 Абылай хан атындағы жалпы орта 
мектебінің 4 сынып оқушылары (59), барлығы 119 оқушы және 25 мұғалім 
қатысты. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының басында екі мектептің сынып 
оқушыларын бөліп алдық: тәжірибелік (59 оқушы) және бақылау (60 оқушы) 
сыныптары. Екі сыныптың оқушыларының білім беру жүйесінде ешқандай 
айырмашылық болған жоқ, тек тәжірибелік сыныптағы оқушылар қосымша біз 
ұсынған пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың моделі негізінде оқу үдерісі 
ұйымдастырылды. 
Тәжірибелік-эксперимент жұмыс үш кезеңді қамтыды, олар: анықтау, 
қалыптастыру, бақылау (кесте 8).
Кесте 8 - Анықтаушы, қалыптастырушы және бақылау эксперименті 
кезеңдерінің міндеттері және күтілетін нәтижелері 
Анықтау кезеңі (2018-2019 оқу жылы) 


Мақсаты 
Оқушылардың ойлау және сөйлеу дағдыларының қазіргі даму 
деңгейін анықтау. 
Міндеттері
Бақылау және тәжірибелік сыныптарды анықтау. 
Оқушылардың ойлау және сөйлеу дағдыларының қалыптасу 
деңгейінің алғашқы диагностикасын жүргізу. 
Зерттеу әдістері
Нормативтік-әдістемелік құжаттарды зерттеу тақырыбы тұрғысынан 
талдау. 
Тәжірибе 
нәтижелері
Бақылау және тәжірибелік сыныптар анықталды.
Оқушылардың ойлау және сөйлеу дағдыларының қалыптасу 
деңгейінің алғашқы диагностикасы анықталды. 
Қалыптастыру кезеңі (2019-2020 оқу жылы) 
Мақсаты 
Пәнаралық байланыста оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыру. 
Міндеттері
Оқу процесінде пәнаралық байланысты қолдану арқылы оқушының 
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда мұғалімдерге 
арналған ғылыми-әдістемелік семинар бағдарламасы мен 
факультативтік сабақ ретінде әзірленген бағдарлама және 
жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін іске асыру. 
Зерттеу әдістері
Эмпирикалық және теориялық әдістермен жұмыс жасаудағы оқу-
танымдық қызмет барысын тану әдістері. 


90 
8 - кестенің жалғасы 


Тәжірибе 
нәтижелері
Әдістемелік кешен іске асырылды. 
Бақылау кезеңі (2020-2021 оқу жылы) 
Мақсаты 
Пәнаралық байланыста оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастырудың тиімділігін анықтау. 
Міндеттері
Бақылау, тәжірибелік жұмыстың сандық және сапалық динамикасын 
талдау, ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу әдістері
Салыстырмалы талдау және зерттеу нәтижелерін түсіндіру,
эксперимент нәтижелерін екінші реттік өңдеудің статистикалық 
әдістері. 
Тәжірибе 
нәтижелері
Қорытынды тұжырым, диссертациялық зерттеудің ұсыныстарын 
ұсыну. 
Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау және 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың диагностикасы екі кезеңнен тұрады: 
оқушылардың сауалнамасының нәтижелерін талдау және әдістемелер
кешенінің көмегімен бастауыш сыныпта пәнаралық байланысты жүзеге асыру 
үдерісінде оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларының қалыптасу деңгейін
анықтау. Диагностиканың нәтижелері әр компонент бойынша бастауыш 
сыныпта пәнаралық байланысты жүзеге асыру үдерісінде оқушылардың ойлау 
мен сөйлеу дағдыларының қалыптасуын сандық және сапалы сипаттауға
мүмкіндік береді.
Ендеше, пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау 
және сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда төмендегідей сауалнамалар мен
диагностикалық әдістемелер кешені таңдалды (кесте 9).
Кесте 9 – Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау және 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың бастапқы деңгейін зерттеу әдістемелері
Компонент 
Диагностикалық әдістемелер 
Мотивациялық 1.«Оқытудың мотивациясын және оқуға эмоционалды қатынасты 
диагностикалау» (А. Д. Андреевтің модификациясы).
2.«Оқу 
белсенділігін анықтауға арналған сауалнама» (авторлық 
сауалнама). 
Танымдық 
1.«Сөйлеуді диагностикалау» әдістемесі (Р.С.Немов). 
2.«Ауызша логикалық ойлауды зерттеу» әдістемесі (Э.Ф.Замбацявичене). 
Нәтижелік
Арнайы әзірленген тапсырмалар. 
Кестеде көрсетілген диагностикалық әдістемелердің көмегімен алғашқы 
алынған тәжірибелік мәліметтердің нәтижелерін қарастырамыз. 
Ең алдымен бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген мотивациясын 
анықтай отырып, біз ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін 
бастауыш сынып оқушылары тақырыпты білуден басқа, белсенді өмірлік 
ұстанымға, мотивацияға ие болуы керек, бұл көбінесе педагогогикалық іс-


91 
әрекеттің мазмұны мен объектісіне байланысты болады. Олай болса, 
мотивациялық компонентін анықтау мақсатында қолданылған диагностикалық 
әдістеме мен сауалнаманың көмегімен алғашқы мағлұматтар алынды. 
1. Анықтау кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын 
анықтау мақсатында «Оқытудың мотивациясын және оқуға эмоционалды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет