ойлауды зерттеу» әдістемесі (Э.Ф.Замбацявичене)қолданылды.
Әдістеменің мақсаты: тұжырымдамалық ойлаудың даму деңгейі мен
ерекшеліктерін, маңызды логикалық операциялардың қалыптасуын зерттеу.
Әдістеменің сипаттамасы: әдістеме әртүрлі логикалық операцияларды
орындау қабілетін анықтауға бағытталған төрт типтегі тапсырмалардан тұрады.
Әр субтестке 10 тапсырма кіреді, 1,2,3,4 субтестілер қосымшада (Қосымша Г)
көрсетілген [165].
Әдістемесінің бағалау шкаласы төмендегідей:
40 балл – өте жоғары;
37-39 балл – жоғары;
32-36 балл – орта;
27-31 балл – төмен;
0-26 балл – өте төмен.
1.6
3.4
41.7
48.3
5
1.7
5.1
40.7
44
8.5
0
10
20
30
40
50
60
1 деңгей
2 деңгей
3 деңгей
4 деңгей
5 деңгей
бақылау
тәжірибелік
97
«Ауызша логикалық ойлауды зерттеу» әдістемесі (Э.Ф.Замбацявичене)
бойынша алынған сұрақтар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының
ойлау деңгейі анықталды (кесте 14):
Кесте 14 – Ойлау деңгейінің нәтижесі
Сыныптар
Көрсеткіштер
Өте жоғары
Жоғары
Орта
Төмен
Өте төмен
Бақылау
-
3,3%
40%
38,4%
18,3%
Тәжірибелік
-
5,1%
37,3%
42,4%
15,2%
Жоғарыда берілген нәтиже диаграмма түрінде төменде ұсынылды (сурет
22).
Сурет 22
Ауызша логикалық ойлауды зерттеу әдістемесінің
(Э.Ф.Замбацявичене) нәтижелері
Анықтаушы эксперимент көрсеткендей, оқушының логикалық ойлауының
«орта» деңгейлерін бақылау сыныптарда 40 пайызды, ал тәжірибелік
сыныптарда 37,3 пайызды көрсетті. Ал оқушылардың логикалық ойлауының
«жоғары» деңгейі бақылау сыныптарда 3,3 пайызды және тәжірибелік
сыныптарда 5,1 пайызды құрады. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық
ойлауының «өте төмен» деңгейі бақылау сыныптарда 18,3 пайызды және
тәжірибелік сыныптарда 15,2 пайызды көрсетті. Демек, зерттеу нәтижесі
бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдыларын қалыпстастырудың
қажеттілігін көрсетеді.
5) Арнайы әзірленген тапсырмалар.
Тапсырманың мақсаты: пәнаралық байланыста берілген мәтін арқылы
оқушылардың ойлау мен сөйлеу деңгейін анықтау. Оқушыға 7 тапсырма
ұсынылды. Тапсырманы орындауға 40 минут уақыт берілді.
Тапсырманың бағалау шкаласы төмендегідей:
9-7 балл – жоғары;
3.3
40
38.4
18.3
5.1
37.3
42.4
15.2
0
5
10
15
20
25
30
35
40
45
өте жоғары
жоғары
орта
төмен
өте төмен
бақылау
тәжірибелік
98
6-4 балл – орта;
0-3 балл – төмен.
Тапсырмалардың түрлері бойынша толық ақпарат кестеде келтірілген.
Сонымен бірге кестеде әр тапсырманы реттік нөмірі мен бағалау шкаласы бар
(кесте 15).
Кесте 15 – Тапсырманың бағалау шкаласы
Тапсырма №
Тапсырма түрлері
Пәнаралық байланыс Балл
1
Мәтіннен ақпарат таба білу, сауатты көшіру,
қателерді тексеру, түзету
Қазақ тілі
1
2
Мәтін ақпаратын пайдалана отырып сұрақ
құрастыру
Қазақ тілі, Әдебеттік
оқу
1
3
Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, оларға
тақырып қоя білу
Әдебиеттік оқу
1
4
Сөйлемнің грамматикалық негізін таба білу,
сөз тіркестерін жазу
Қазақ тілі
1
5
Объектіні сипаттау бойынша оның тіршілік
ету ортасының табиғи-климаттық аймағын
анықтау білігі, табиғи аймақтарды білу
Дүниетану
1
6
Есепті шешу
Математика
2
7
Қойылған сұраққа жауап беру, қажетті
дәлелдерді келтіру
Қазақ
тілі.
Әдебиеттік оқу
2
Барлығы
9
Анықтау кезеңде орындалған тапсырмалардың орындалу нәтижесін 16-
кестеден көруге болады.
Кесте 16 – Тапсырмалардың орындау нәтижесі
Сыныптар
Көрсеткіштер
Жоғары
Орта
Төмен
Бақылау
8,3%
45%
46,7%
Тәжірибелік
6,8%
42,4%
50,8%
Нәтиже диаграмма түрінде 23-суретте көрсетілген.
Сурет 23
Тапсырманың нәтижелері
8.3
45
46.7
6.8
42.4
50.8
0
10
20
30
40
50
60
жоғары
орта
төмен
бақылау
тәжірибелік
99
Нәтижені бақылау барысы оқушылардың пәнаралық білімге негізделген
мәтінмен жұмыс істеуі жоғары деңгейде бақылау сыныпта 8,3 пайызды және
тәжірибелік сыныпта 6,8 пайыз, ал төмен деңгейде 46,7 және 50,8 пайызды,
бақылау және тәжірибелік сынып оқушыларының деңгейі шамамен 4,1 пайызға
артықшылық көрсетті.
Педагогикалық эксперименттің айқындаушы кезеңінде жүзеге асатын
келесі міндет бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу пәндері шеңберінде
пәнаралық байланысты іске асыру жағдайын анықтау болатын. Сауалнамаға
№93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып
мұғалімдері (25 мұғалім) қатысты. Сауалнама сұрақтарының жауаптарын
талдау барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыруда туындайтын
қиындықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Сауалнама сұрақтарын 17-кестеден
көруге болады.
Кесте 17 – Мұғалімге арналған сауалнама нәтижесі
Сұрақ
Жауап
Мұғалім
саны, пайызы
саны
%
«Төмендегі
айтылғандард
ың қайсысы
сізге қиындық
тудырады?
Пәнаралық
байланысты
жүзеге асыру
үшін мұғалім
не білуі
керек?»
а) пәнаралық байланысты жүзеге асыру бойынша оқу-
әдістемелік
жұмысты
ұйымдастырудың
негізгі
принциптерін білу;
2
16,6
б) пәнаралық байланыстарды іске асырудың құрылымы,
жіктелуі және ерекшеліктері туралы түсінік болу;
2
16,6
в) пәнаралық байланыстарды іске асыру мәселелері
туралы түсінік болу;
3
25
г)пәнаралық байланыстарды қолдану арқылы оқытудың
психологиялық-педагогикалық аспектілерін білу;
3
25
д) пәнаралық байланыстардың дидактикалық жүйесінің
құрылымы туралы түсінік болу;
5
41,6
е)
пәнаралық
байланыстарды
жүзеге
асырудың
формаларын, әдістерін, құралдарын білу.
4
33,3
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін мұғалім не білуі керек?» деген
сұраққа мұғалімдердің үштен бір бөлігі 41,6 пайызы пәнаралық
байланыстардың дидактикалық жүйесінің құрылымы туралы түсінік олар үшін
түсініксіз болып табылатынын атап өтті, мұғалімдердің 33,3 пайызы оқыту
процесінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың формалары, әдістері,
құралдары таныс емес, мұғалімдердің 25 пайыз пәнаралық байланыстарды іске
асыру мәселелері туралы түсініктің болмауы және пәнаралық байланысты
қолдану арқылы оқытудың психологиялық-педагогикалық аспектілерімен
таныс емес, мұғалімдердің 16,6 пайызы пәнаралық байланыстарды іске
асырудың құрылымы, жіктелуі және ерекшеліктері туралы түсінік болмауы
және пәнаралық байланысты жүзеге асыру бойынша оқу-әдістемелік жұмысты
ұйымдастырудың негізгі принциптерін мәнін жете түсінбейді.
100
Сауалнамадан алынған нәтижені диаграмма түрінде 24-суреттен көруге
болады.
Сурет 24 – «Пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін оқытушы не білуі
керек?» сауалнамасының нәтижесі
Осылайша, оқу пәндері аясында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
кезінде мұғалімдер үшін ең қиын нәрсе - оқу қызметінің көптеген аспектілері
дәйекті түрде салынған пәнаралық байланыстардың дидактикалық жүйесінің
құрылымын түсіну және пәндерді оқыту кезінде басқа пәндерде қалыптасқан
ұғымдар жиі қолданылмайды. Пәнаралық байланыстардың жекелеген маңызды
мәселелері әлі әзірленбегендіктен, оларды пайдаланудағы қиындықтар
мұғалімдердің тиісті даярлығының әлсіздігінен де туындайды.
Қорытындылай келе, эксперименттік жұмыстың алғашқы анықтау кезеңі
бойынша төмендегідей тұжырым жасалынды:
- біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын анықтау
мақсатында «Оқытудың мотивациясын және оқуға эмоционалды қатынасты
диагностикалау» әдістемесі бойынша бақылау және тәжірибелік сыныптың
оқуға деген мотивтерінің «орта» деңгейі арасында аса айырмашылық жок, екі
сыныпта да орта деңгей басымдық танытты;
- екіншіден, авторлық сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың мектеп
пәндерінен білім алуға деген ұмтылысының орташа екенін, пәнаралық
байланыста берілетін білімнің қажеттілігін және бір пәннің аясында алынған
мәліметті екінші пәнде қолдану ынтасының төмендігін көрсетті;
- үшіншіден, «Сөйлеуді диагностикалау» әдістемесі нәтижесі көрсеткендей
оқушының сөздік қорының бесінші деңгейі (өте төмен) бақылау сыныпта 5
пайызды және тәжірибелік сыныпта бесінші деңгей (өте төмен) 8,5 пайызды
16.6
16.6
25
25
33.3
41.6
0
5
10
15
20
25
30
35
40
45
ПБ жүзеге асыру бойынша оқу-әдістемелік
жұмысты ұйымдастырудың негізгі принциптерін
білу;
ПБ іске асырудың құрылымы, жіктелуі және
ерекшеліктері туралы түсінік болу;
ПБ іске асыру мәселелері туралы түсінік болу;
ПБ қолдану арқылы оқытудың психологиялық-
педагогикалық аспектілерін білу;
ПБ жүзеге асырудың формаларын, әдістерін,
құралдарын білу.
ПБ дидактикалық жүйесінің құрылымы туралы
түсінік болу;
101
құрады. Демек, сөздік қорының төмендігі тәжірибелік сыныпта анықталып,
сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту қажеттілігін көрсетті;
- төртіншіден, «Ауызша логикалық ойлауды зерттеу» әдістемесінің
нәтижелері көрсеткендей бақылау және тәжірибелік сынып оқушылары
логикалық операцияларды орындау қабілетін анықтауға бағытталған төрт
типтегі тапсырмаларды орындауда қателіктер жіберді. Бұл оқушылардың
логикалық амал-тәсілдерді меңгермегендігін көрсетті;
- бесіншіден, оқушылардың пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу
әрекетін анықтауға арнайы әзірленген тапсырмалар нәтижелері көрсеткендей
оқушылар мәтінмен жұмыс істеу барысы қиындық келтіретінін анықтадық;
- алтыншыдан, «Пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін оқытушы не
білуі керек?» сауалнамасының нәтижесі көрсеткендей мұғалімдер пәндер
арасындағы байланысты орнатуда пәнаралық байланыстардың дидактикалық
жүйесінің құрылымын түсінбейтіні және пәндерді оқыту кезінде басқа пәндерде
қалыптасқан ұғымдарды жиі қолданылмайтыны анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |