108
Осылайша біз өз зерттеуімізде оқушылардың ойлау мен сөйлеу
дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайтын «Ойлау мен сөйлеудің құпиясы»
атты факультативтік курс бағдарламасына сәйкес сабақтар ұйымдастырдық.
Сонымен қатар, оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды
пәнаралық байланысты жүзеге асыру мақсатында 4-сыныпта оқытылатын басқа
да пәндердің мүмкіндіктері пайдаланылды. Оқыту мәтіндік негізде жүргізілді.
Сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)
қалыптастыруға бағытталған материалдары бар мәтіндер қолданылды.
Осы ретте, факультативтік курсты жүргізу
барысында әрбір тақырыпты
оқушыларға игертуде оқыту әдістері мен технологияларын дұрыс
таңдаудың маңызы ерекше. Бұл курсты жүргізуде оқушылардың ойлау мен
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін әдістемелік жүйеде көрсетілген оқыту
мен үйретудің жаңа технологияларын,
әсіресе талдау, жинақтау, салыстыру
тәсілдерді барынша кеңінен қолдандық.
Эксперимент барысында жүргізілген сабақтардың үлгісі қосымшада
тіркелген. (Қосымша Е).
Қалыптастыру экспериментінің
үшінші кезеңі, пәнаралық байланыста
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған
жаттығулар мен
тапсырмалар жүйесі әзірленді. Жаттығу – тіл үйретудің ең тиімді әдістерінің
бірі. Тілдерді оқытуға арналған жаттығулардың оңтайлы жүйесін құру әрқашан
тілдік пәндерді оқытудың өзекті мәселелерінің бірі болды.
Жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін жасамас бұрын, біз Ә.Е. Жұмабаева,
Г.И. Уайсова, Г.Т. Сәдуақас әзірленген жалпы орта білім беретін мектептің 4-
сыныбына арналған «Қазақ тілі» (1,2-бөлім) оқулығының мазмұнына және
көлеміне, сағаттың бөлінуіне талдау жасалды (кесте 19).
Кесте 19 – Қазақ тілі оқулығын талдау 4 сынып (1,2-бөлім)
Ортақ тақырыптар
Тоқсан
І тоқсан
ІІ тоқсан ІІІ тоқсан ІV тоқсан
Менің Отаным – Қазақстан
14 сағат
Құндылықтар
18 сағат
Мәдени мұра
16 сағат
Мамандықтар әлемі
16 сағат
Табиғат құбылыстары
20 сағат
Қоршаған ортаны қорғау
20 сағат
Ғарышқа саяхат
16 сағат
Болашаққа саяхат
16 сағат
Барлығы
32 сағат
32 сағат
40 сағат
32 сағат
Жалпы
136 сағат
Сонымен, оқулықтың 1,2-бөлімін талдау негізінде оқулықтың мазмұны екі
тоқсанға
бөлінгенін, әр тоқсанда екі ортақ тақырыптың қарастырылғанын,
сөйлеу әрекетіне бөлінген тақырыптар, сондай-ақ сөйлеу әрекетінің түрлеріне
және қайталауға бөлінген сағат санын нақтыладық.
109
Пәнаралық байланыстарға негізделген оқу бағдарламасына сәйкес
мұғалімдер тілдік пәндер мазмұнын жеке тақырыптар, мәтіндер, жаттығуларды
қолдану арқылы толықтыра алады. Бұл оқушылардың академиялық тілін
дамытуға ықпал етеді. Мысалы, оқушылардың
сөйлеу әрекетінің барлық
түрлерінің дамуына келесі әрекеттер көмектеседі - әр түрлі көзқарастарды
ескере отырып тақырыпты
талқылау, пікір мен фактіні ажырату, даулы
тақырыптарды талқылау, әр түрлі ақпарат көздерін бағалау, мәтіндерді
салыстыра білу және т.б.
Ендеше, пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға арналған тапсырмалар мен жаттығулардың арнайы жүйесі
құрылды, олардың негізгі айырмашылығы мәтін түрінде берілуі болып
табылады. Сондықтан біздің жүйеміздегі жаттығулардың мазмұны:
ортақ
тақырыптың негізінде дайындалған, яғни әдебиеттік оқу, математика,
жаратылыстану, дүниетану және т.б. пәндердің оқулықтарынан алынған
мәтіндер.
Тапсырмалар мен жаттығулар жүйесінің
өзіндік мазмұны мен оқыту
құралдары төмендегі кестеде көрсетілген (сурет 26).
Сурет 26 - Тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі
Жүйедегі жаттығулар жалпы мақсатпен біріктірілген, оқушылардың ойлау
мен сөйлеу дағдыларының қалыптасуы қатысымдық-әрекеттік тұғырмен
байланысты, бұл тілдік білімді игеруді және осы білімді нақты өмірлік
жағдайларда қолдануды қамтиды. Оқушылардың оқу процесіне барынша тарту,
жаңа білім мен дағдыларды игеру және тиімді жағдайлар жасау үшін
жаттығулардың сапасына ерекше назар аудару керек.
Жаттығуларды құрастыруда мынадай талаптарды ескердік:
- оқушылардың үнемі белсенді танымдық-ойлау әрекетін қамтамасыз ету;
Тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі
Мақсаты: пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Жаттығулар мен тапсырмаларды құру ұстанымдары: өзара байланыс ұстаным,
интегративті ұстаным, ойлау мен сөйлеудің байланысы ұстанымы
Тапсырмалар мазмұны
І бағыт - танымдық жаттығулар;
ІІ бағыт - пәнаралық жаттығулар;
Оқулықтағы
пәнаралық
мәтіндер:
әдебиеттік
оқу,
жаратылыстану,
дүниетану, музыка, өзін-өзі тану.
Оқыту құралы
110
- топпен, жұппен, жеке орындалатын тапсырмалар түрлерінің, сондай-ақ
ақпаратты ұсыну тәсілдерінің әртүрлілігін қамтамасыз ету;
- тапсырмалар мен жаттығуларды орындауда логикалық байланысына қол
жеткізу;
- материалды меңгерудің барлық кезеңдерінде шығармашылық әлеуетті
пайдалану арқылы дағдылар мен икемділіктерді
меңгеруді және бекітуді
ынталандыру;
- қатысымдық қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
Олай болса, оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
мақсатында арнайы тапсырмалар жүйесі екі бағытта жүйеленді:
Достарыңызбен бөлісу: