Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет14/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   129
Проективті əдістер жіктелімі.
1. Қосымша əдістемелер. Зерттелінушілер естілген сөзге 
байланыстырып ойын айту керек (К. Г. Юнтің ассоциативтік 
тесті). Аяқталмаған сөйлемді аяқтау немесе əңгімені жалғастыру 
(Аяқталмаған сөйлемдер). Сұрақтарға жауап беру (Мен кіммін?).
2. Талдау əдістемелері. Стимулды материалдық суреттер, 
суреттегі көріністер жиынтығы. Зерттелінушіге ұсынылған сурет-
тер бойынша əңгіме құру (ТАТ, САТ), суреттегі көріністер бойынша 
сұрақтарға жауап беру (Розенцвейгтің фрустрациялық тесті, Жиле 
тесті) керекті артық суреттерді таңдап алу (Сонди тесті).
3. Құрылым əдістемелері. Стимулдық жүйедегі құрылымдық 
материалдар негізінде (Г. Роршахтың кездейсоқтық формалары).
4. Экспрессияны зерттеу əдістемесі. Сөйлеу тəртібінің 
ерекшеліктері, жазуды талдауы.
5. 
Шығармашылық 
өнімдерін 
зерттеу 
əдістемелері. 
Зерттелінушінің салған суретінің талдануы (“үй, адам, ағаш”, “екі 
үй”, “отбасы суреті”, “пиктограмма”, “автосурет”, “əлем суреті”, 
“еркін сурет”, “ дүниеде жоқ жандар”).
Сонымен бірге, жобалау əдістерін психолог патологиялық экс-
перимент үшін де қолдана алады. Бір уақытта бірнеше топтар 
үшін саналатын нормативті көрсеткіштерді айта кетуіміз қажет. 
Патопсихологиялық зерттеу мынадай квазиэксперименталды əдіске 
ие: дені сау жəне белгілі бір неврологиялық топтың ауру адамдар 
тобын салыстыру, топтар арасындағы ерекшеліктерді зерттейтін 
базалық психология процестерінің өзгерісін, əрекет факторы 
ретінде қарастырады. Қазіргі таңда практик психологтардың кеңінен 
қолданып жүрген жобалау əдістерінің бірнешеуіне сипаттама бере 
отырып, əдістемелердің барысын ұсынып отырмыз.
РОРШАХ ƏДІСТЕМЕСІ
Бұл тест тұлғаның қарапайым шығармашылық қабілетінің са-
пасы мен қасиеттерін, ерекшеліктерін анықтауға негізделген. 
Роршахтың тұлғаның тікелей танымдық аясы арқылы сыртқы 
жəне ішкі құбылыстарды белсенді түрде бейнелеу процесіне, яғни 
тест барысында даралық бейнесі арқылы диагностикалық жүйесі 


36
құрастырылды. Даралық ерекшеліктің бейнесін құру арқылы 
тұлғалық ерекше қасиеттерді көрсетуге болады деп есептеледі. 
Сонымен бірге, оның айтуынша, кейбір қасиеттердің мəліметі 
қабылдаудың таңдаулығын көрсетеді. Тесттің негізгі құралы 10 
карточкадан тұратын түрлі-түсті белгісіз формалы симметрия-
лы дақтар. Осы дақтарды зерттеуге көрсеткенде «мынау не жəне 
неге ұқсайды» деген сұрақтар қойылады. Осылай зерттеуші əрбір 
карточкадағы дақтардан белгілі бір заттар мен бейнелі суретті 
көре алуы қажет. Бұл оның жеке тұлғалық қаситеттерінің жобасын 
береді. Осы суреттегі бейнені ойдан шығара отырып, адамдардың 
ерекшеліктері мен даралылығын көруге болады. Біріншіден, бұл 
таңдаулы қабылдау (ассоциативті процестердің негізінде құрылатын 
ерекшеліктер). Сонымен бірге, көрсетілетін дақтар бейнесі арқылы 
сол мезеттегі жағдайдың арасында байланыстың болуын қадағалау 
керек. Дақтарға қарап жасалған болжамдар белгілі бір күрделі ас-
социациялар бейнесі түрінде беріледі. Нəтижесінде аяқталған 
логикалық сурет пайда болады. Роршахтың негізгі схемасы басқа 
проективті тесттерден жүйелі проектілік құрылымы бойынша 
ерекшеленеді. Проекциялардың мазмұны бойынша Роршах тесті ең 
таза мəлімет беретін тест болып табылады. Дақтың белгісіз формада 
болуы ассоциациялардың сыртқы объективті бағыттылығын бөліп 
тастайды, аяғында белгілі бір суреттердің қалыптасуына əкеледі. 
Сондықтан бұл тест проектісінің ерекшелігі субъективті факторлар 
арқылы байланыста болуы. Көрсеткіштер тазалығын сақтау үшін 
бұл тестті жүргізгенде зерттелушіге қосымша сұрақтар қоюға тый-
ым салынады. Тест жүргізілу барысында зерттелушінің айтылған 
сөздеріне, ойына қосымша көзқарас немесе пікір білдіруге болады. 
Роршах тестінен алынған материал 2 типтік бағамен есептеледі:
• 
Сыртқы пішіні бойынша баға;
• 
Мағынасы бойынша баға.
Сыртқы пішіні бойынша баға, қабылдау ерекшеліктерінің тал-
дауына негізделеді, ал мағынасы бойынша берілетін баға нақты ас-
социация материалдарының талдауына негізделеді. Бөлінген баға 
принципі тұлғаны диагностикалық зерттеу барысында маңызды 
орын алады. Өйткені əрбір бағаның берілуі жауапкершілікті 
қалыптастыратын түрлі механизмдерден тұрады. Сонда да бірдей 
екі жауап болған жағдайда жауап жəне қабылдау ерекшеліктерін 
сыртқы пішін бойынша бағалау мынаны көрсетеді:
А) Кеңістікке бейімделу немесе талқылау ерекшеліктері жата-


37
ды. Мысалы, бір жағдайды бейнелеу жəне құрастыру барлық дағды 
ерекшеліктерімен қарастырылса, сол жəне басқа да жағдайдың тек 
бір бөлігі ғана алынады.
Ə) Таңдаулы реакция. Мысалы, арнаулы затқа қатты əсер еткен 
реакциясы, яғни жауап.
Б) Заттық реакция. Мысалы, категориядан тұратын реакция фор-
масы əр уақытта басталады. Мазмұны бойынша баға 4 категория-
дан біріншісіне – адам, жануар, заттар, фантастикалық бейнелер 
енгізілсе, бұл тұлғаның ассоциативті ерекшелегінің дəлелі. Жауап-
тар мен оның диагностикалық мағынасының арасындағы байланыс 
категориясының мəліметі кестеде көрсетілген. 
Роршах əңгімесіндегі жауап беретін əріптердің түсініктемесі
Сыртқы пішіні бойынша мінездеме;
Т \тұтасымен\-бүкіл дақты қабылдауынының шифры \
тұтастығы\;
Д \деталь\ - дақтың қабылдауындағы тек бір бөлігіне 
негізделген \бөлшек\;
Ф \түр\ -нақты қабылданған пішін \адам, жануар. өсімдік 
жəне т.б.;
Ф.и. – нақты емес қабылданған пішін;
Ф.ц.- \түр, түс\- формасы қабылданған жəне көңіл аударылған 
жауаптар;
Цв.ф. \түс, түр\ - түске көп-көңіл бөліне отырып, түр туралы 
айтылған жауаптар.
Мағынасы бойынша мінездеме;
«Ж» - «жануар» категориясы. Мұнда жануарлардың кез кел-
ген түрі. 
«Ч» - «адамзат бейнесі» категориясы. Адамдардың кез кел-
ген формада бейнелену түрі \жынысы, жасы, мамандығы, саны\.
«П»- «зат» категориясы. Мұнда түрлі заттар \өлшем, 
ерекшелігі, материалы\ кіреді. 
«Фан»- «қияли бейне». Мұнда қияли оқиғалар мен 
тіршіліктер кіреді. 
«Дв» -«қозғалыс категориясы». Мұнда поза, ракурс, күйі, 
мимикалық қозғалыс, іс-əрекеттер бейнеленуінің кіруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет