Онтуганова шынар шералиевна


ойы мен тілін дамыта оқытудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар»



Pdf көрінісі
бет13/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94
11.04.2023.disser

ойы мен тілін дамыта оқытудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар» 
атты үшінші бөлімде Бастауыш мектеп мұғалімдерінің бастауыш мектеп 
оқушыларының логикалық амал-тәсілдер арқылы ойы мен тілін дамыта 
оқытудың әдістемелік жүйесі: бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған «Логика 
элементтерін бастауыш білім беруде қолдану» тақырыбындағы 24 сағатқа 
арналған ғылыми-әдістемелік семинар бағдарламасы жасалды; бастауыш 
мектептің 3-ші сынып оқушыларына арналған «Логикалық сауаттылық» 
факультативтік курс бағдарламасы мен «Логикалық амал-тәсілдер арқылы 
бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың негіздері» 
атты оқу-әдістемелік құрал дайындалып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар 
арқылы тиімділігі дәлелденді. Сонымен қатар, тәжірибелік-эксперименттік 
зерттеу жұмысы жүргізіліп, оның нәтижелері талданады. 


16 
Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша алынған тұжырымдар 
сипатталады. Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар 
беріледі.
Қосымшада ғылыми және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарда 
қолданылған 
сауалнамалар, 
зерттеудің 
нәтижелерін 
диагностикалау 
әдістемелері, ғылыми-әдістемелік семинар материалдары, факультативтік курс 
және логикалық тапсырмалар материалдары, сынақтан өткізілгендігі туралы 
ендіру акті беріледі. 


17 
1 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЫ МЕН ТІЛІН 
ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1 Тұлғадағы ой мен тілді дамытудың генезисі 
Бастауыш білім беруде логикалық амал-тәсілдер арқылы оқушылардың ойы 
мен тілін дамыта оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындауда «ой 
(ойлау)», «тіл (сөз, сөйлеу)» түсініктері философияның категориялары ретінде 
танылып, ежелгі генезистерден бастау алады. 
Философияның құрамынан дербестеніп шыққанының өзінде де ұлы 
ағартушылар Коменский, Локк, Руссо, Гельвеций, Гербарт т.б. өздерінің 
классикалық еңбектерін философиялық тұрғыда жазған. Мұның өзі «ой (ойлау)» 
мен «тіл (сөйлеу)» түсініктерінің түп тамырын философиядан тануға болатынын 
ғана емес, солай болу қажет екендігін дәлелдейді. Шын мәнінде педагогикалық 
ой-пікірдің қай саласы да (дидактика, тәрбие теориясы) білім философиясының 
негізінен туындайды.
2500 жыл бұрынғы ғалымдардың зерттеулерінен орын алып,
философиялық категория ретінде қалыптаса бастаған «ойлау мен сөйлеу» үдерісі 
философиялық талдаудың пәні бола алатыны анық. Себебі, ой мен тілдің әртүрлі 
аспектілеріне тікелей қатысты көптеген сұрақтар ежелгі философтарың 
қызығушылығын дамытып отырған. 
Философиялық болмысқа бағытталған болжамдарға тыңғылықты талдаулар 
мен логикалық пайымдаулардың жасалуы «ой (ойлау)» мен «тіл (сөйлеу)» 
ұғымдарының білімдік мәнін ашып көрсетеді. «Ой (ойлау)» мен «тіл (сөз, 
сөйлеу)» ұғымдарының түпкі баламалары логика, ақыл, сана, таным, қабілет, 
қиял, ес және т.б. болып табылады. Бұл тұста ең алдымен осы ұғымдардың 
шығуы мен қалыптасуы алға шығарылады.
Ой - сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы [93,б. 116]. Ой үдерісі 
көзге көрінбейтіндіктен оның дәл өзін зерттеу мүмкін де емес. Сондықтан, ойлау 
туралы зерттеулер, олардың үдеріс күйін емес, ойлау қалайша жүзеге асып, 
реттеліп отыруы үшін қандай шарттар қажет екенін тексеруге арналған. 
Грек философиясында ойлауды заттар, құбылыстар мен үдерістердің мәнін 
түсінуге апаратын «айналмалы» жол деп есептей келе, «ойлау – объективтік 
дүниені ұғым, пікір, теория және т.б. формасында бейнелеудің белсенді үдерісі; 
бұл үдеріс белгілі бір мәселелерді шешумен, шындықты жанама бейнелендіру 
тәсілдерімен және оларды жалпылаумен байланысты жүзеге асады; айрықша 
түрде ұйымдасқан материя – мидың жоғарғы жемісі», - деп анықтама береді 
[8,б. 346].
Адамның ойлау қызметі, кез келген формада тіл қатысынсыз жүзеге 
аспайды. Сондықтан да ғалымдар ой мен тілді бірлікте, тығыз байланыста 
қарастырады. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық 
ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мысалы, қазақ халқының «Ішімдегінің бәрі 
тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде» деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен 
көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам ойын жеткізетін құрал екендігін жақсы 
көрсетеді. 


18 
Адамдағы ойлау сананың ең жоғарғы көрінісі болып табылады, ал ойлаудың 
формалары мен оның нәтижесінде пайда болатын пайым, пікір, ой 
тұжырымдарын логика ғылымы зерттейді. Грек тілінен аударғанда «логика» 
деген сөз мынадай екі мағынаны білдіреді: қисын (істің қисыны, қисынның 
жоқтығы) және ойлау туралы ғылым [8,б. 386-431]. 
Зерттеу барысында философиялық еңбектерде «логика» терминіне 
тереңінен талдаулар жүргізілгенін байқадық. «Логика» терминін талдай келе, 
ғалымдар оның негізінен мынадай үш мағынада қолданылатындығын көрсетеді 
[28,б. 6] (сурет 1). 
Сурет 1 – «Логика» ұғымының мәні 
Логика – адам ойлау үдерісін зерттеп қана қоймай, оны өзінің нысаны 
ретінде білім философиясының шеңберінде болса, ал философия пәні – ойлауды 
зерделейді.
«Ойлау», «сөйлеу», «таным», «ақыл-ой» саласында көптеген құнды ой-
пікірлер ежелгі философтардан бастап жан-жақты талқыланып келеді. Соның 
бірі адамзат философиясының тарихында алғаш рет ойлау үдерісін арнайы 
зерттеп, бір жүйеге келтіріп, ой түрлері туралы ілімді қалыптастырған ұлы 
ойшыл Аристотель (б.д.д. 384-322) болатын. Философ өзінің «Метафизика» 
еңбегін «Адам табиғаты білуге құштар...» [4,б. 217] дегеннен бастайды. «Бір 
зат туралы қарама-қарсы пікірлердің ақиқат болуы мүмкін емес», ол бір зат 
туралы «ол бар» немесе «ол жоқ» деп қарама-қарсы пікір айтуға болмайтынына 
тоқталып, тек дұрыс ойлау арқылы ғана адамдар қате тұжырымдарға 
ұрынбайтындығына ерекше назар аудартады. Аристотель әлем біртұтас зат 
туралы алғанда сол жайлы ойлаумен бірлікте, тұтасқан өмір сүреді деген 
тұжырым жасады. Ғылымдарды жүйелеу барысында біз Аристотельден 
логиканы байқай алмаймыз, бірақ оған үңіліп қарағанда, белгілі-бір жағдайды 
дәлелдеу кезінде немесе бір нәрсеге сенімді болғанда ғана емес, оны дискурстың 
Шындық дүниедегі 
заттар мен 
құбылыстардың 
заңдылықтарын 
білдіру үшін («заттар 
логикасы», «тап 
күресі логикасы», 
т.б.) қолданылады
Ойлаудың дәйектілігін, 
айқындылығын, дәлелдігін 
білдіру үшін («ойлау логикасы», 
«пайымдау логикасы» 
мағынасында) қолданылады: 
ойлау логикасы – заттар 
логикасының бейнесі.
Логика ғылымы –
ойлау логикасының 
теориялық ғылыми 
бейнесі ретінде 
қолданылады. Олай 
болса, ойлау 
логикасы алғашқы, 
ал логика ғылымы 
содан кейінгі 
болады.


19 
кез-келген түрінде кездестіруге болады. Логикада ой өз жолын анықтайды: егер 
белгілі-бір адам ойланса, онда ол қозғалыс үстінде болғаны: дәлелдің 
құрылымын, түрін және типін, элементтерін анықтайды. 
Осы жерде «құрал» деп түсіндірілетін, жұмыстың мәнін, яғни зерттеудің 
кез-келген түрін жүргізу үшін қажетті ойлау амалдарының жинағын жақсы 
көрсетіп беретін «органон» терминін Александр Афродисийский жалпы 
логиканы сипаттау үшін енгізген. Алайда қазіргі заманғы «логика» сөзі 
антикалық аналогпен сәйкес келмейтіндігін атап өткен жөн. Аристотель, белгілі-
бір қорытындыдан элементтер мен алғышарттарды анықтап алуға, сәйкесінше, 
соған қалай қол жеткізгенімізді, ол қалай негізделгенін және дәлелденгенін 
түсінуге көмектесетін әдісті білдіретін «аналитика» терминін (грек тілінен – 
analysis, яғни шешім) қолданады [4,б. 180].
Бұл ақыл-парасат пен ғылыми танымның адамзат үшін маңызын да, ғаламат 
құдіретін де, айрықша салмағын да аңғартса керек. Бұдан ойды дамыта оқытудың 
оқушыларға заттар мен құбылыстардың тереңде жатқан қасиетін, байланысы 
мен қатынастары туралы білім алуда қаншалықты маңызды екені аңғарылады. 
Біз, философтың пайымдауларымен келісе отырып, танымы қалыптасқан 
оқушының ойлау жүйесінен мақсатты сөйлеу тілі анықталады деген тұжырым 
жасауға болатынын алға шығарамыз.
Ал таным – адам ақыл-ойын дамытудың негізі. Білімнің мазмұнын 
меңгертудің жолдары біршама дәрежеде танымның объектісімен анықталады. 
Таным үдерісі айналадағы шындық дүниені сезім мүшелері (көру, есту, иіс сезу, 
дәм сезу, сипап сезу) арқылы тікелей бейнелендіруден, нәтижеде нақты білім 
алудан басталады. Біріншіден, адамның туа біткен жануарлардан ерекшелейтін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет