Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет26/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94
11.04.2023.disser

Мазмұндық
•Ақыл-ой қызметінің тәсілдерін меңгеру, оқу 
материалындағы ең бастыны ажырата алуды, 
деректерді, құбылыстарды салыстыру, сәйкестендіру 
мен жалпылау, өз ойын дәлелдей алу
Амалдық
•Оқушыларға не мақсатпен, не үшін оқиды, білім мен 
дағдылар не үшін қажет деген мәселелерді түсіндіру
Мотивациялық
Ұғым
Пайым
Ой 
қорытынды


50 
Біз жоғарыда бастауышта пәндерді оқытудағы ғылыми таным әдістеріне 
(логикалық амалдар) қысқаша тоқталдық. Келесі кезекте, осы амалдар арқылы 
жүзеге асырылатын ойлау қалыптарына тоқталайық. 
Ұғым. Егер біз пайдаланатын сөздер мен сөз тіркестері тек осы нәрсе туралы 
ұғымды білдірсе де, онда біз қандай да бір затпен өзімізді, өзіміздің және 
басқалардың іс-әрекеттері мен қоршаған ортаны қоса ұғынамыз. Кез келген 
нәрсе біздің санамызда сол туралы соған сәйкес ұғымның арқасында ғана 
қабылданады. Меңгерген ұғымдар жүйесі арқылы ғана біздің ойымыздағы 
нәрселердің барлығы біркелкі тұтас болып реттеледі, ұйымдастырылады. 
Дамыта оқытудағы теориялық ойлаудың басты шарты әрі материалы – 
теориялық ұғым болып табылады. Ұғым – теориялық білім дамуының негізгі 
формасы болып саналады. «Ұғым дегеніміз – танымның белгілі бір сатысындағы 
қоршаған дүниенің сәулеленуінің бір формасы. Бұл сәулелену тілді қолдана 
отырып өтеді де, құбылыстар мен нәрселердің топтастырылған формасы болып 
табылады» [119]. Бұл анықтамадан ұғымның тілді қолдана отырып өтетін 
құбылыс екенін аңғаруға болады. 
Н.И.Кондаковтың «Логикалық сөздігінде» ұғымға мынадай анықтама 
берілген: «Ұғым зерттелінген объектінің жалпы, сонымен бірге мәнді белгілері, 
негізгі ой түйіні болатын барлық айрықша сипаттары туралы түсінік, 
мәліметтердің тұтастай жиынтығы туралы пайымдар» [120], - десе, 
Ә.Тұрғанбаев: «Ұғым дегеніміз – нәрселер тобының бәріне ортақ жалпы мәнді 
белгілерін бейнелендіретін ойлау формасы» [30,б. 22], - деп анықтама береді. 
Ендеше ұғым заттардың айрықша сипаттары туралы түсінік. 
Қандай да болмасын білімге талпыну, таным кеңейту, соның ішінде 
математикалық білімді игеріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру – маңызды да 
қиын мәселе. Бастауыш мектеп оқушыларының бойында ғылыми ұғымдар 
жүйесін қалыптастыру – оларды жалпы ғылыми білімдер жүйесімен 
қаруландырудың маңызды элементтерінің бірі. Әрбір оқу пәні бойынша 
білімдерінің сапасы олардың ұғымдар жүйесін меңгеруіне байланысты.
М.Жұмабаевтың пікірінше, ұғым тек ойдың ғана ісі, сондықтан оны ойда 
қалыптастыруға болады. «...ұғым - көп заттардың ортақ сандарын алып жия білу, 
басқаша айтқанда, зат туралы ой [27,б. 29]», - деп өз ойын жалғастыра келе, ақын 
– заттардың белгілерін олардың өзінен бөліп алып, жеке бір зат сияқты ойлауды 
– жалаңаштау деп атайды да, «осы заттан бөлініп алынған сын (белгі) туралы 
ұғымды жалаңаш (абстракт) ұғым» деп атайды. Ғалымның пікірінше, затты 
білдіретін ой ұғым болып табылады. Ұғымның пайда болуы және оның сөз 
ретінде сыртқа шығуы қоршаған дүниемен бала үнемі кездесіп, көріп, сезініп 
қабылдауынан барып пайда болатыны анық. 
Қ.Жарықбаев, О.С.Саңғылбаев: «Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар 
туралы ой» [121], – деп анықтама береді. Ол ұғымдар арқылы адам танымының 
ұзақ үдерісінің нәтижесі қорытындыланады деп есептейді. Сонымен қатар
адамның ұғымдары қозғалмайды емес, қайта мәңгі қозғалып тұрады, бірі 
екіншісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады 


51 
деп тұжырымдайды. Бұдан, ұғым қозғалыстағы үдеріс екеніне, әрі, адамның 
тұжырым жасауында маңыздылығы көрінеді.
Ойлаудың ең қарапайым формасы ұғым деп есептейді, ғалым Т.Тәжібаев. 
Ғалымның пікірінше, адам ұғым арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды 
(жеке, дара, жалпы жинақтай) өзіне тән белгілерін, байланыстарын, 
қатынастарын миында сәулелендіреді. Ұғымда адам жеке заттардың ғана 
бейнелерін елестетумен тынбайды, ол сол заттардың мазмұнын ашып, ішкі 
байланыстарын танып-біліп отырады [122]. Мұндағы ұғым қалыптастыру адам 
дүниетанымын кеңейтудің негізгі қалыбы. Т.Тәжібаевтың пікірінше: «Нақтылау 
– дерексіз ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, демек, жеке 
заттар мен нәрселер туралы ой». Мысалы, жылқы деген жалпы ұғымды тай, 
құлын, құнан, дөнен деп бөлетін болсақ мұндағы жылқының барлық түрлері 
нақтыланады. Нақтылау дерексіздендіруге қарағанда ұғымды, көрнекі етіп 
түсіндіруге мүмкіндік береді [122,б. 58].
«Ұғымдардың кәдімгі түрлері балаға көбінесе тіл арқылы беріледі және 
ұғымға жетілдірудің тиімді жолы баланың күнделікті өз тәжірибесіне сүйенуі» 
[123], - деп есептейді ғалым М.Мұқанов. Ғалымның бұл пікірінен, ой мен сөздің, 
ұғым мен сөздің тығыз байланысын аңғаруға болады. Сонымен қатар ғалым, 
өзінің «Психология» атты еңбегінде «Ұғым мен сөздің бір-біріне байланысы 
қандай, сөз болмаса ұғым болар ма еді?» деген сұрақтар бойынша өз тұжырымын 
жасайды. М.Мұқановтың пайымдауынша сөз ұғымнан бұрын туады деген 
қорытынды шығады. 
Ұғымдар сыртқы ортаны, табиғатты, қоғам, тіл заңдарын дұрыс 
бейнелендірсе ғана ақиқат ұғым болады. Егер бір ұғым болмысты дұрыс 
бейнелендірмей, бұрыс бейнелендірсе, онда ол жалған ұғым болғаны. Ал жалған 
ұғым теория мен тәжірибенің байланысы бұзылғанда пайда болады. 
Ұғымның негізгі сипаттамасы төмендегідей (сурет 13). 
Сурет 13 – Ұғымның жалпы сипаттамасы 
Әрбір ұғымның мазмұны мен көлемі болады. Ұғымның мазмұны дегеніміз – 
нәрселер класының, тобының мәнді белгілерінің жиынтығы. Объектінің өзара 
байланысты барлық мәнді белгілерінің жиынтығы осы объект туралы ұғымның 
мазмұны болады. Ұғымның көлемі дегеніміз – мәнді белгілері сол ұғымда 
бейнеленген нәрселердің тобы [124]. 
Мектептегі материалдардың барлығы да белгілі бір жүйемен алынған 
абстрактылы ұғымдардан тұрады. Сондықтан білім алу дегеннің өзі сабақтарда 
баяндалатын ұғымдарды меңгеру деп түсініледі. 
Ұғымның мазмұны
Ұғымның көлемі
Ұғымның басқа 
ұғымдармен қатысы 
және байланысы 


52 
Әрбір оқу пәні бір-бірімен өзара байланысты ғылыми сөздік ұғымдар 
жүйесін қамтиды. Оқушыда ұғымның қалыптасуын В.Ф.Паламарчук былай 
түсіндіреді: «Понятия образуется в результате мыслительной деятельности, с 
помощью логических методов обработки информаций-анализ, синтез, 
сравнения, абстрагирования, обобщение и.т.д. Облодение методами мышления 
способствует более эффективному формираванию понятий» [40,б. 207]. 
Ғалымның пікіріне сүйенсек, ұғымдарды меңгермейінше заңдар мен 
теорияларды саналы түрде меңгеру мүмкін емес, өйткені, олардың өзі ұғымдар 
арасындағы байланыстарды білдіреді. Ал ұғымды меңгеру дегеніміз – 
болмыстың, заттар мен құбылыстардың маңызды қасиеттерін, олардың 
арасындағы мәнді байланыстарды, ара қатынастарды білу. Сондықтан ұғым 
материалдық шындықты бейнелейтін ойлау формаларының бірі болып 
табылады.
«Ұғымды қалыптастыру», – дейді Н.Ф.Талызина, «біріншіден, нақтылы 
заттардың негізігі және қажетті белгілеріне тән амалдар жүйесін игертуден, 
екіншіден, осы амалдардың жалпы логикалық жүйесін меңгертуден, яғни, 
берілген нысанның класқа жататындығына, белгілі бір ұғымға сай келетіндігіне 
көз жеткізуден тұрады» [125]. 
Психолог ғалымдар (Ә.Алдамұратов, А.А.Люблинская, Е.Н.Кабанов-
Меллер, В.В.Давыдов т.б.) бастауыш сынып оқушыларында ұғымдарды 
қалыптастырудың жолдарын саралай отырып, бұл жұмысты басшылыққа алатын 
мына қағидаларды ұсынады (сурет 14). 
Сурет 14 – Ұғымдарды қалыптастыру қағидалары 
 
Оқушылардың ұғымдарды жүйелі түрде меңгеруі оқу жұмысының әр алуан 
әдіс-тәсілдерімен байланысты. Балалар басқа пәндерді де ана тілі ұғымдары 
арқылы оқып үйреніп, ғылыми негіздерін, әсіресе терминдерді меңгереді. Оқу-


53 
тәрбие істері ана тілінде жүргізілетін ұлт мектептерінде балалардың дүниетануы 
мен білім алуы да ана тілінің ұғымдарына негізделеді. 
Мектеп тәжірибесінде оқушылар терминдерді атайды, өз қарым-
қатынасында қолданады, бірақ ол терминнің не себепті олай аталып тұрғанын, 
неге басқаша аталмайтынын немесе ол ұғымды анықтау дегеннің не екенін түсіне 
бермейді. Мектептегі оқыту үдерісіндегі кездесетін келеңсіздіктерді шешудің 
қажеттігі туралы 1947 жылдары-ақ Р.Г.Лемберг көтерген бұл маңызды мәселе 
осы уақытқа дейін өз шешімін таппай отыр. Яғни, осы уақыт аралығында 
мектепте оқытылатын пәндердің мазмұны оқулықтар жетілдіріліп, термин 
сөздермен толықтырылып жатқанмен, бұл бағытта айтарлықтай өзгеріс бола 
қойған жоқ [81,б. 56]. 
Н.А.Баскаковтың ғылыми зерттеулері бойынша «терминдер» сөйлеу 
тәжірибесіндегі ұғым-түсінікті білдіріп қана қоймай, сонымен қатар олардың 
арасындағы белгілі бір байланыстарды қалыптастырушы, өзара байланысты 
терминдерге негізделген ақпаратты берудің және қабылдаудың негізгі құралы 
болып табылады. Термин жасаудың әртүрлі жолдары белгілі. Дегенмен де 
олардың бәрі де жалпы халықтық тіл негізінде жасалған. 
Н.А.Баскаков [126] терминге талдау жасауда негізге алатын бес ұстанымды 
ұсынады (сурет 15). 
Сурет 15 – Терминге талдау жасау ұстанымдары (Н.А.Баскаков бойынша)
Л.Я.Зоринаның зерттеулері жалпы ғылыми терминдерді айтып жүргенімен, 
оның мағынасын түсінбейтіндігі жағынан болашақ ғылыми қызметкерлер және 
болашақ студент-физиктердің де білім дәрежесінің мектеп бітірушілердің 
білгенімен шамалас екендігін көрсеткен [79,б. 125]. 
Бұл жердегі басты себеп – термин сөздердің ұғымы мен мәнін игермеу. Сол 
термин сөздердің сол ғылымға қатысты мәндік мағынасын түсінбеу, ал бұл 
ғылым ерекшеліктері туралы білімнің игерілмеуіне әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет