Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет29/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   94
11.04.2023.disser

Таным 
үдерісінің 
мәнін түсіну, 
білім 
негіздерінің 
табиғатын 
және оның 
даму жолдарын 
білу
Ғылыми таным 
әдістері және 
ойлау 
амалдарын 
(талдау, 
жинақтау, 
салыстыру, 
жалпылау, 
абстракциялау, 
аналогия, 
индукция, 
дедукция, 
дерексіздендіру, 
нақтылау және 
т.б) игеру
Ұғымдар мен 
сөйлемдердің 
(анықтама, 
ереже) 
логикалық 
құрылысын 
ажырата алу, 
олардың 
түрлерін өзара 
байланысын, 
қрытынды 
шығару 
ережелерін, 
анықтамалық 
ұғымдарды 
құрастыра 
алу
Ойлау, сөйлеу 
дүниетанымдық 
мәселелері 
жөнінде 
түсініктер 
қалыптастыру
Оқу 
материалын 
жалпылау,
жинақтау және 
т.б. 
жұмыстарына 
жаттығу


61 
дамытудың негізгі міндеттері ұғымдардың анықтамасын тұжырымдай білуге, ой 
қорытындысын жасай алуға, ережелер мен заңдылықтарды дәлелдеуге даярлау 
болып табылады.
Аталған талданған еңбектерден әдістеменің негізгі идеясын іздесек, ойлау, 
сөйлеу әрекеті мен қабылдау әдістерінің тұтас жүйесінің ретін аңғарамыз. 
Жекелеген әдістер жайлы түсінік, ғылыми тұжырым – ертеден пайда 
болғанының дәйегі мен дәлелі. Ой мен тіл тұлғаның жеке мүмкіндіктеріне 
қатысты өркендейтіні жайлы тұғырлы пікірлер айтылған. 
Жоғарыдағы теориялық талдаулар бізге: «логикалық амал-тәсілдер – ойлау 
арқылы бұрынғы білімді негізге ала отырып, жаңа білімді жасаушы құрылым» 
деген анықтама беруге негіз болды.
Логикалық амал-тәсілдерді қолдануды қажет ететін материалдарды (ойлау 
амалдары: талдау, жинақтау, салыстыру, абстракциялау, жалпылау; ойлау 
қалыптары: ұғым, пайым, ой қорытынды) бастауыш мектепте оқу үдерісінде 
пайдалану оқушылардың ақыл-ойларының негізгі қасиет-сапаларын (ақыл-
ойдың 
алғырлығы, 
шапшаңдығы, 
дербестігі, 
тереңдігі 
және 
т.б.), 
интеллектуалдық іскерліктері мен танымдық үдерістерін белсендіреді. 
Олай болса, бастауыштағы пәндерді оқу үдерісінде оқушылардың ойы мен 
тілін дамыта оқытуда мына міндеттер жүзеге асырылуы тиіс: 
- логикалық амал-тәсілдерді қолдану арқылы орындалатын тапсырмаларды 
ұсынуда оқушылардың ойы мен тілін дамытатындай түрлі жағдайлар туғызу; 
- логикалық амал-тәсілдерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындауда 
баланың ойлау жұмысына деген ынтасын қалыптастыру [135]. 
Оқыту мен оқу әрекетінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, баланың 
ақыл-ойының дамуында зор рөл атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында 
ақыл-ойдың интеллектінің дамуы, «оқи алуға үйрену» бүгінгі күннің басты 
талабы. 
Осы орайда келесі кезекте логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш 
мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытуда «ой мен тілді дамыта 
оқыту» түсінігін қарастырайық.
Теориялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл-ойын дамытуға 
бағытталған оқыту әдістемесі «дамыта оқыту» тұжырымдамасынан тарайды. 
Бұл тұжырымдаманың мәні оқытуды шамалай отырып қиындықтың жоғары 
деңгейінде құруға келеді.
Дамыта оқытудың философиялық идеясы – балаға жеке тұлға ретінде қарай 
отырып, оқу арқылы оның әріқарай дамуына жол ашу. Сонда оқыту мен 
оқушыны дамыту бірдей жүріп отырады. 
«Даму – мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс. Кеңістіктегі орын 
ауыстырудың даму болатын себебі, онда уақыттағы өзгерістің түсірілген түрде 
сақталатындығында... қозғалыс әрқашан бір нәрсенің екіншісіне қарай қозғалуы 
(бағытталған), яғни басталуы мен аяқталуы бар әр түрлі заттардың, үдерістердің 
және басқалардың қозғалысы ретінде өмір сүреді» [136]. Жаңа технологиялар 
ішінде дамыта оқыту теориясын ерекше атауға болады. 


62 
А.Байтұрсыновтың еңбектерінен дамыта оқытудың элементтерін байқадық. 
Ғалым былай дейді: «Пікіріңді сөйлегенде алдыңғы сөзіңнен артқы сөзіңнің 
қуаты асып отырса, дамыту болады. Әншейін сөйлегенде дамыту мынау болады: 
1. Бар! Жүгір! Ұш! 
2. Мен саған он рет, жүз рет, мың рет айттым. «Бар» дегеннен «жүгір» деген 
күштірек, «жүгір» дегеннен «ұш» деген күштірек. Екінші мысалда «он рет 
айттым» дегенннен «жүз рет айттым» деген күштірек, «жүз рет айттым» 
дегенннен «мың рет айттым» деген күштірек. Дамыту негізгі сөздің осы табиғи 
заңына тіреледі». Осылайша ол дамыту заңдылығын түсіндіреді және ол 
заңдылықтарды тілді оқытуда негізге алып отырған [25,б. 12]. Біз өз 
зерттеуімізде дамыту заңдылығын сақтап, оқытуды шамалай отырып 
қиындықтың жоғары деңгейін құруды көздейміз. 
Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды 
дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді. Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін 
қойды. Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты 
қойылған жоқ. Психологтар оқу үдерісіне оқушының іс-әрекетін енгізу 
керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін 
білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен емес, керісінше арнайы 
ұйымдастырылатын баланың жан-жақты «теориялық» іс-әрекеті арқылы 
берілетін болды. Еліміздегі дамыта оқыту идеяларының өіндік сатылардан 
тұратын тарихи аспектілері бар (сурет 20). 
Сурет 20 – Дамыта оқытудың тарихи аспектілері 
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның 
нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі 
көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Бұл термин 
психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған 
(Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготский, А. Н. 


63 
Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген 
(Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) және т.б. іс-
әрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) 
еңбектерінде жан-жақты талданды. 
Дамыта оқытудың негіздері таным теориясы мен диалектика ілімінде 
жатыр. Дамыта оқыту – шынайы өмірдегі, болмыстағы дамудың заңдылықтарын 
негіз етіп алатын үдеріс. Бұл технология жайында Б.А.Тұрғынбаева: «Оқу – 
адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту бір 
мөлшерде адамды дамытады. Бірақ оқыту дамытудың алдында жүріп, оқушының 
дамуына шешуші рөл атқарады» дейді. Дамыта оқытуда: 
- оқушы - субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тәрбиелей 
алады; 
- баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды; 
- білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім – 
информатор емес, керісінше бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы, 
мұғалім оқушы іс-әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші; 
- дамыта оқытудағы басты іс-әрекет – диалог, пікірлесу, пікір таласы [137]. 
Дамыта оқытуды өзінің әдістемелік еңбектерінде қарастырған ғалым 
Н.Ж.Құрманова сөз тіркесін дамыта оқыту арқылы оқушылардың логикалық 
ойлауын дамытатын жаттығуларды: «теориялық ұғым қалыптастыру 
дағдыларын 
дамыту 
жаттығулары, 
ғылыми 
пайымдау 
жасауға 
машықтандыратын жаттығулар, ой қорытулар жасау машық-дағдыларын дамыту 
жаттығулары, логикалық символдармен жұмыс жасауға дағдыландыру 
жаттығулары» деп бөліп қарастырды [85,б. 213]. Автор сөз тіркесі синтаксисін 
дамыта оқытуда логикалық амалдарға негізделген жаттығулар жүйесін ұсынды. 
Зерттеуді талдау барысында теориялық анықтамаларды, ережелерді, 
теоремаларды дәлелдеуге үйрету тек математика, физика, химия пәндеріне ғана 
тән сияқты, бірақ логикалық әдістерді қазақ тілі пәнінде де қолдануға 
болатынына көз жеткізуге болады. 
А.Е.Жұмабаева өзінің «Бастауыш мектепте қазақ тілі синаксисін дамыта 
оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты ғылыми еңбегінде дамыта 
оқытудың мынадай мәселелерін анықтайды: 
1. Оқыту мен психикалық дамудың арақатынасы мен шектеу мәселесі. 
2. Дамыта оқытудың механизмдері мен заңдылықтары мәселесі. 
3. Ақыл-ой амалдарын сатылап қалыптастыру теориясының негізінде 
оқытудың біртұтас тұжырымдамасын құру мәселесі. 
4. Дамыта оқытудың әртүрлі жүйесінде оқытудың тиімділігінің 
критерийлері мен көрсеткіштері мәселесі. 
5. Дамыта оқыту жүйесі шеңберінде жұмыс істеуүшін мұғалімдерді даярлау 
мәселесі. 
6. Дамыта оқыту жүйесі үшін практикалық психологтарды даярлау мәселесі 
[64,б. 118]. 


64 
Жоғарыда келтірілген зерттеулерді байқағанымыздай, оқушылардың ойы 
мен тілін дамыта оқыту, сол арқылы дүниетанымын кеңейту біраз еңбектерде 
қарастылғанына көзіміз жетті.
Ғалымдардың зерттеулерін талдай келе, мынадай қорытындыға келдік: 
- бастауыш білім беру пәндерін оқытуда логиканың амал-тәсілдерін қолдану 
тиімді, өйткені, логикалық білімдер теориялық білімдерді саналы және белсенді 
меңгеруді қамтамасыз етеді.
- бастауыш білім беруде ұғымды игеру жөніндегі үнемі атқарылатын ой 
жұмысы оқушылардың жалпы ой-өрісінің дамуына, әсіресе ойлауының әртүрлі 
амалдарының дамуына мол әсерін тигізеді; ұғынылған мазмұнды игергеннен 
соң, бала оған деген өзінің көзқарасын тиянақтауға тиісті. Белгілі бір ұғым 
әртүрлі жағдайларды талқылаудан қалыптасады. Осы тұста, оқушыда күрделі 
ойлау жұмысы жүріп, оның ойы мен тілінің дамуына зор үлесін қосады. 
Білімдерді игерудің тәсілдерін қаншалықты тиянақты меңгеру жүзеге 
асырылса, білім негіздері соншалықты берік қалыптасады. Нәтижеде логикалық 
білімдер адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың негізгі амал-тәсіліне 
айналады.
Теориялық талдауларды қорытындылай келе: «ой мен тілді дамыта оқыту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет