Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет51/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   94
11.04.2023.disser

«Логикалық амал-тәсілдерге қатынасын анықтау» тақырыбындағы сұхбат пен 
бастауыш мектеп мұғалімдерінің логикалық амал-тәсілдер туралы білім 
деңгегейлерін анықтау мақсатында жүргізілген «Логикалық амал-тәсілдерге 
қатынасын анықтау» атты авторлық сауалнама нәтижелеріне тоқталсақ.
«Логикалық амал-тәсілдерге қатынасын анықтау» сұхбаты. Біз деректер 
жинауда сұхбаттың құрылымдалған сұхбат деп аталатын түрін қолдандық. 
Себебі, бұл сұхбат түрінде әр адамға бірыңғай мәнерде бірдей сұрақтар беріледі. 
Сұхбат 6 мұғаліммен жүргізілді және 5 сұрақтан тұрды. Олар келесідей болды: 
1
. Оқытудың білімдік, танымдық және дамытушылық қызметтерінің 
қайсысына бастауыш мектеп оқушыларын оқытуда баса назар аударасыз? 
2. Бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамытуда қандай жаңа 
әдіс-тәсілдерді қолданасыз? Әр сабақта оқушылардың ойы мен тілін дамытуды 
мақсат етіп қоясыз ба? 
3. Бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамытуда қандай 
әдістемелік қиыншылықтарға кездесесіз? 
4. Бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамытуда қандай 
тапсырмалар қолданасыз?
5. Жұмыс өтіліңіз бен біліміңіз туралы ақпарат беріңіз. 


114 
Сұхбатта алғашқы кезекте «Оқытудың білімдік, танымдық және 
дамытушылық қызметтерінің қайсысына бастауыш мектеп оқушыларын 
оқытуда баса назар аударасыз?» деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа сұхбатқа 
қатысқан бастауыш мектеп мұғалімдерінің 83%-ы оқытудың білімдік қызметіне, 
яғни, пәнге байланысты білім, іскерлік және дағды қалыптастыруға басты назар 
аударамын десе, қалған 17%-ы оқытудың танымдық және дамытушылық 
қызметтеріне де назар аударатындығын атап өтті. Бұл мұғалімдер білім беру 
үдерісінде оқушылардың танымдық қызметте жүзеге асырылатын ғылыми 
таным жолдарын, көздерін, әдістерін игеруге және оқытудың дамытушылық 
қызметінде жүзеге асырылатын – білімді игеру үдерісіндегі оқушылардың ақыл-
ой іс-әрекетін дамытуға аса назар аудармайтындығын білдіреді.
Келесі сұрақ:
«
Бастауыш сынып оқушыларының ойы мен тілін дамытуда қандай жаңа әдіс-
тәсілдерді қолданасыз? Әр сабақта оқушылардың ойы мен тілін дамытуды 
мақсат етіп қоясыз ба?
»
Бұл сұраққа сұхбатқа қатысқан мұғалімдердің басым 
бөлігі: «Әр сабақта болмаса да арасында оқушыларға ребус, сөзжұмбақ 
шешкіземін, логикалық тапсырмалар орныдатамын. Сонымен қатар, осы 
тапсырмаларды орындауда жаңа әдіс-тәсілдер ретінде топтық және жұптық 
жұмыстарды жүзеге асырамын» деп жауап беріп жатты. Бұл жауаптары 
мұғалімдердің логикалық тапсырмалар, сөзжұмбақ пен ребустар ғана 
оқушылардың ойы мен тілін дамытады деп есептейтіндіктерін ғана білдіріп 
қоймай, сұхбаттың «Бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін 
дамытуда қандай әдістемелік қиыншылықтарға кездесесіз?» деген сұрағының 
қойылмауына себеп болды. Себебі, бұл ауаптың өзі оқушылардың ойы мен тілін 
дамытуда мұғалімдерге әдістемелік көмек қажет екендігінің айғағы. «Бастауыш 
мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамытуда қандай тапсырмалар 
қолданасыз?» деген сұхбаттың келесі сұрағына «Оқушы ойын дамытуға 
математика сабағы тиімді, оқушылар логикалық есептер шешеді» деп жауап 
берген мұғалімдер мен жалпы сұхбатқа қатысқан мұғалімдер саны 93%-ын 
құрады. Мұнда 7% мұғалім ғана оқулықтағы тапсырмалардың басым бөлігі ой 
мен тілді дамытуға бағытталатындығын атап өтті. 
Жүргізілген сұхбат нәтижесі бойынша байқағанымыз, бастауыш мектеп 
мұғалімдерінің басым бөлігі «оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін 
математика сабағында оқушыларға логикалық тапсырмалар орындату керек» 
деп есептейді және біздің назарымызды елең еткізген нәрсе: осылай есептейтін 
мұғалімдердің басым бөлігі 15 жылдан астам жұмыс өтілі және ғылыми дәрежесі 
бар жоғарғы білімді бастауыш мектеп мұғалімдері. Бастауыш мектеп 
мұғалімдерінің бұлай пайымдауының басты себебі, логикалық амал-тәсілдерді 
бастауыш мектеп оқушыларының ой мен тілін дамыта оқыту жайы арнайы 
әдістемелерде қарастырылмағандығынан деп есептейміз. 
Демек, бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: іс жүзінде мұғалімдер 
оқу үдерісінде оқушылардың логикалық білімдерін қалыптастыру міндетін 
қоймайды. Алынған мәліметтер бастауыш сынып мұғалімдері бұл құбылысты 
жалпы түрде ғана бейнелейтіндігін көрсетеді. Өкінішке орай, бастауыш мектеп 
оқушыларының логикалық амал-тәсілдер арқылы ойы мен тілін дамыта оқыту 


115 
мәселесі олардың ғылыми-теориялық және практикалық зерттеулерінің 
тақырыбына айналған жоқ, бұған жүргізілген сұхбаттасудан алынған нәтижелер 
дәлел.
Бастауыш мектеп мұғалімдерімен жүргізілен сұхбаттан кейін логикалық 
амал-тәсілдер туралы білім деңгейлерін анықтау мақсатында бастауыш сынып 
мұғалімдерінен «Логикалық амал-тәсілдерге қатынасын анықтау» атты 
авторлық сауалнамасы алынды. Сауалнамаға 30 бастауыш мектеп мұғалімдері 
қатысты. Сауалнама сұрақтары мен нәтижесін келесі кестеден көруге болады 
(кесте 9). 
Кесте 9 – «Логикалық амал-тәсілдерге қатынасын анықтау» атты авторлық 
сауалнама нәтижесі 
Сұрақтар 
Қатысқан 
мұғалімдер саны 
Дұрыс жауап берген 
мұғалімдер саны 
n

n

Заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы 
оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алу – бұл 
... 
30 
100 % 
11 
37% 
Ұқсастық бойынша ой қорытыныдыларын 
жасау – бұл ... 
30 
100 % 
12 
40% 
Біртекті заттардың, құбылыстардың ортақ 
қасиеттерін оймен біріктіру ... 
30 
100 % 

30% 
Зат немесе құбылыстың жалпы, сондай-ақ 
мәнді қасиеттерін бейнелейтін ой ... 
30 
100 % 

13% 
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары 
туралы ғылым ... 
30 
100 % 

17% 
Ендеше, алынған нәтижелерді талдасақ. Бастауыш мектеп мұғалімдеріне 
арналған «Логикалық амал-тәсілдерге қатынасын анықтау» атты авторлық 
сауалнамасына қатысқан мұғалімердің 63%-ы сауалнаманың алғашқы «Заттар 
мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алу 
– бұл ...» деген сұрағына қате жауап берді. Ал сауалнаманың екінші «Ұқсастық 
бойынша ой қорытыныдыларын жасау – бұл ...» сұрағына бастауыш мектеп 
мұғалімдерінің 60%-ы дұрыс жауап бере алмады. Тек 40%-ы ғана дұрыс жауап 
берді. Сауалнаманың келесі «Біртекті заттардың, құбылыстардың ортақ 
қасиеттерін оймен біріктіру...» сұрағына сауалнамаға қатысушы мұғалімдердің 
30%-ы ғана дұрыс жауап берсе, ал 70 %-ы қате жауап берді. Ойлау және ойлау 
формалары туралы түсініктерінің деңгейін анықтау мақсатында қойылған 
сауалнаманың 4 және 5-сұрағына бастауыш мектеп мұғалімдерінің 13 %-ы (4- -
сұрақ) және 17 %-ы (5-ші сұрақ) ғана дұрыс жауап берді. Ал қалған мұғалімдер 
қате жауап берді. Бұл бастауыш мектеп мұғалімдерінен алынған сауалнама 
нәтижесінде алынған жауаптар мұғалімдерде ойлау амалдары мен ойлау 
қалыптары туралы түсінік қалыптаспағандығын, олардың логикалық амал-
тәсілдерді бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытуда 
қолдану олар үшін қиындықтар туғызатындығын дәлелдейді. Сауалнамадан 


116 
алынған нәтижелердің көрсеткішін келесі диаграммадан көруге болады (сурет 
35). 
Сурет 35 – «Логикалық амал-тәсілдерге қатынасын анықтау» авторлық 
сауалнама нәтижелерінің көрсеткіштері 
Алынған нәтижелер бастауыш мектеп мұғалімдерінің логикалық амал-
тәсілдер туралы білімдері қалыптаспаған және біздің зерттеу мәселемізге қажетті 
ғылыми негіз қойылмаған деген тұжырым жасауға негіз болды. Бұл нәтижелер 
тәжірибелік-экспериментте тексеріледі, салыстырмалы деңгейде көрініс табады. 
Зерттеу жұмысының анықтау кезеңінде логикалық амал-тәсілдер арқылы 
бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамытудағы оқушылардың ұғым 
қалыптастыру, пайым және ой қорытынды жасау деңгейін, сонымен қатар ойлау 
амалдарын (бақылау, талдау, жинақтау, салыстыру) қолдану деңгейін анықтауға 
арналған әдістемелер түзілді. Анықтау кезеңінің аналитикалық сипаттамасын 
жасай отырып, бұл кезеңде, негізінен бастауыш мектеп мұғалімдері мен 
оқушылардан сауалнамалар алынып, бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен 
тілін дамытуда логикалық амал-тәсілдердің тиімділігі мен қажеттігін дәлелдеу 
жүзеге асырылды. Анықтау кезеңінде алынған нәтижелер бастауыш мектеп 
оқушыларының ойы мен тілін логикалық амал-тәсілдер арқылы дамыта 
оқытудың әдістемелік кешенін жасауға негіз болды.
Анықтау эксперименті ұсынылған индикаторларға сәйкес анкеталық 
типтегі бірқатар әдістемені қолдана отырып жүргізілді. Осыған байланысты 
жүргізілуге тиісті тәжірибелік-эксперименттік жүйенің төмендегідей сәйкес 
құрылымы жасалды (кесте 10). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет