Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет54/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   94
11.04.2023.disser

0
10
20
30
40
50
Бақылау тобы Эксперимнент 
тобы 
Оқу мотивациясының жоғарғы деңгейі
Оқу мотивациясының орташа деңгейі
Оқу мотивациясының төменгі деңгейі


119 
Анықтау экспериментінің мотивациялық-мақсаттылық кезеңінің екінші 
кезегінде бастауыш мектеп оқушыларының оқытылатын пәнге, тапсырмалар 
орындауға белсенділікпен қатысуға мүмкіндік беретін тапсырмалардың қандай 
түріне оқушылардың қызығушылығы басым екендігін анықтау мақсатында 
«Оқылатын пән мен оқулықта берілген тапсырмаларға оқушылардың 
қызығушылығын анықтау» авторлық сауалнамасы жүргізілді. Сауалнама 
нәтижелері төмендегі кестеде көрсетілді (кесте 12). 
Кесте 12 - «Оқушылардың пәнге және оқулықта берілген тапсырмаларға 
қызығушылығын анықтау» авторлық сауалнама нәтижелері 
Сұрақтар 
Жауаптар 
Жауап берген оқушылар саны 
Э/Т 
Б/Т 
Математика пәні 
сізге ұнайды ма? 
Ұнамайды 
17 
21 
Орташа 
19 
16 
Жақсы 
34 
35 
Айта алмаймын 


Математика 
сабағында 
саған 
қандай 
тапсырмалар 
орындаған 
ұнайды?
Ойын тапсырмалары көп болуы 
керек 
39 
41 
Компьтерлік 
тапсырмалары 
болса, қызық болар еді 
21 
30 
Қызықты жаттығулары көп 
болуы 
керек 
(логикалық 
тапсырмалар) 
16 

Айта алмаймын 


Оқулықта берілген 
тапсырмаларды 
орындау 
қызықтырады ма? 
Оқулықтар 
түрлі-түсті 
суреттермен болса 
52 
49 
Қызықты тапсырмалар көп 
болуы 
керек 
(логикалық 
тапсырмалар) 
24 
25 
Мүмкін, бірақ оқылмайды 


Білмеймін 


Алынған нәтижелерді талдасақ, сауалнамаға бастауыш мектептің 3-ші 
сынып оқушыларынан 76 (100%) оқушы эксперимент тобы, ал 74 (100%) оқушы 
бақылау тобы оқушылары. Сауалнаманың алғашқы «Математика пәні сізге 
ұнайды ма?» деген сұрағына эксперимент тобы оқушыларының 17-сі (21%) 
математика пәнінің оқытылуы ұнамайды десе, ал бақылау тобында мұндай 
оқушылар саны 19 (26%) оқушы болды. Математика пәні және оқытылуы орташа 
деңгейде ұнайды деген оқушылар саны эксперимент тобында 19 (25%) оқушы 
болса, ал бақылау тобындағы оқушылар саны 16 (22%). Эксперимент тобы 
оқушыларының 45 %-ы на (34 оқушы) математика пәні ұнайтын болса, бақылау 
тобындағы математика пәнін жақсы көретін оқушылар эксперимент тобы 
оқушыларынан 2 пайызға артық. Демек, 47 пайызды (35 оқушы) құрайды. Ал 
экспермент тобындағы оқушылардың 6 (8%) оқушысы математика пәніне 
қызығушылығының бар-жоғы туралы ештеңе айта алмаса, мұндай оқушы саны 
бақылау тобында 2 (3%) оқушы болды. 


120 
«Математика сабағында саған қандай тапсырмалар орындаған ұнайды?» 
деген сауалнаманың екінші сұрағына «Ойын тапсырмалары көп болуы керек» 
деп жауап берген эксперимент тобы оқушыларының саны 39 (45%) болса, 
бақылау тобында осылай жауап берген оқушылар саны 41 оқушы болды, яғни, 
55 пайызды қамтыды. Ал «Компьтерлік тапсырмалары болса, қызық болар еді» 
деген жауап айтқан оқушылар эксперимент тобында 28 пайызды (21 оқушы) 
құраса, бақылау тобында бұл көрсеткіш 41 пайызды құрады (30 оқушы). Ойын 
тапсырмалары мен компьютер ойындарынан гөрі қызықты тапсырмалар 
(логикалық тапсырмалар) көп болуы керек деп есептейтін оқушылар 
эксперимент тобында 16 (21%) оқушы болса, бақылау тобындағы дәл осындай 
көзқарастағы оқушылар саны 3 (4%) оқушы болды. Сауалнаманың «Оқулықта 
берілген тапсырмаларды орындау қызықтырады ма?» деген сұрағына 
эксперимент тобы оқушыларының 68 %-ы (52 оқушы) «Оқулықтар түрлі-түсті 
суреттермен болса, ондағы тапсырмаларды орындау қызықты болар еді» деп 
жауап берсе, бақылау тобында осындай жауап ұсынған оқушылар 66%-ды (49 
оқушы) құрады. Ал «Қызықты тапсырмалар көп болуы керек (логикалық 
тапсырмалар)» деп жауап берген оқушылар саны эксперимент тобында 24 
оқушы (32%) болса, бақылау тобындағы осылай жауап берген оқушылар саны 25 
оқушы (34%) болды. Алынған сауалнама нәтижесі бізге: зерттеуге алынған 
бастауыш мектеп оқушыларының басым бөлігіне математика пәні ұнайтынын, 
соның ішінде оларға қызықты тапсырмалар (логикалық тапсырмалар) 
орындағаннан гөрі ойын тапсырмаларын, түрлі-түсті суреттермен берілген 
тапсырмаларды, компьютерлік тапсырмаларды орындауға ұмтылысы мен 
қызығушылығы басым екендігін анықтауға мүмкіндік берді (сурет 37). 
 
Сурет 37 – «Оқушылардың пәнге және оқулықта берілген тапсырмаларға 
қызығушылығын анықтау» авторлық сауалнама нәтижелері көрсеткішінің 
диаграммасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет