128
Шкалалар
Бақылау топ (n=74)
Жоғары
Орташа
Төмен
Талдау
7(10%)
21(28%)
45(62%)
Жалпылау
6(8%)
18(24%)
50(68%)
Логикалық
заңдылықтарды
орнату
қабілеті
8(11%)
22(30%)
44(60%)
Сандар тізбегін тану
5(7%)
24(32%)
45(61%)
Белгілі бір ереже бойынша құрастырылған
сандардың сәйкестігін табу
6(8%)
27(36%)
41(56%)
Барлығы
32
112
225
ὼ %
0,43
1,51
3,04
Анықтау эксперименті бойынша ЭТ-ның Мэтью Липманның «Логикалық
заңдылықтарды анықтау» тест бойынша алынған
нәтижелерінің кездесу
жиіліктері
мен мен орташа мәнін талдасақ, «талдау» шкаласы бойынша
тапсырманы орындауда эксперименттік топтан 7 оқушы (9%) - жоғарғы
деңгейде, 19 оқушы (25%) – орташа деңгейде, 50 оқушы (66%) – төменгі деңгейде
жауап берсе, «Жалпылау» шкаласы бойынша тапсырманы орындауда
эксперименттік топтан 9 оқушы (12%)
- жоғарғы деңгейде, 17 оқушы (22%) –
орташа деңгейде, 51 оқушы (67%) – төменгі деңгейде жауап берсе, «Логикалық
заңдылықтарды орнату қабілеті» шкаласы бойынша тапсырманы орындауда
эксперименттік топтан 9 оқушы (12%) -
жоғарғы деңгейде, 20 оқушы (26%) –
орташа деңгейде, 49 оқушы (65%) –
төменгі деңгейде жауап берсе, «Сандар
тізбегін тану» шкаласы бойынша тапсырманы орындауда эксперименттік топтан
7 оқушы (9%) - жоғарғы деңгейде, 20 оқушы (26%) – орташа деңгейде, 49 оқушы
(65%) – төменгі деңгейде жауап берсе, «Белгілі бір ереже бойынша
құрастырылған сандардың сәйкестігін табу» шкаласы бойынша тапсырманы
орындауда эксперименттік топтан 8 оқушы (11%) - жоғарғы деңгейде, 18 оқушы
(24%) – орташа деңгейде, 50 оқушы (65%) – төменгі деңгейде жауап берді.
Анықтау эксперименті бойынша БТ-ның Мэтью Липманның «Логикалық
заңдылықтарды анықтау» тесті бойынша алынған нәтижелерінің кездесу
жиіліктері мен мен орташа мәнін талдасақ, «Талдау» шкаласы бойынша
тапсырманы орындауда БТ-7 оқушы (10%) - жоғарғы деңгейде, 21 оқушы (28%)
– орташа деңгейде, 45 оқушы (62%) – төменгі деңгейде жауап берсе, «Жалпылау»
шкаласы бойынша тапсырманы орындауда бақылау тобынан 6 оқушы (8%) -
жоғарғы деңгейде, 18 оқушы (24%) – орташа деңгейде, 50 оқушы (68%) – төменгі
деңгейде жауап берсе, «Логикалық заңдылықтарды орнату қабілеті» шкаласы
бойынша тапсырманы орындауда бақылау тобынан 8 оқушы (11%) - жоғарғы
деңгейде, 22 оқушы (30%) – орташа деңгейде, 44 оқушы (60%) – төменгі деңгейде
жауап берсе, «Сандар тізбегін тану» шкаласы бойынша тапсырманы орындауда
БТ 5 оқушы (7%) - жоғарғы деңгейде, 24 оқушы (32%) – орташа деңгейде, 45
оқушы (61%) – төменгі деңгейде жауап берсе, «Белгілі бір ереже бойынша
құрастырылған сандардың сәйкестігін табу» шкаласы бойынша тапсырманы
орындауда бақылау тобынан 6 оқушы (8%) - жоғарғы деңгейде, 27 оқушы (36%)
– орташа деңгейде, 41 оқушы (51%) – төменгі деңгейде жауап берді.
129
Ал эксперимент тобынан жалпы орта мәні (0,51%) – жоғарғы деңгейде,
(1,25%) – орташа деңгейде, (3,23%) – төменгі деңгейде нәтиже көрсетсе, бақылау
тобынан жалпы орта мәні (0,43%) – жоғарғы деңгейде, (1,51%) – орташа
деңгейде, (3,04%) – төменгі деңгейде нәтиже көрсетті. Бұл көрсеткіштер де
алдыңғы
алынған
тапсырмалардағыдай,
бақылау
және
эксперимент
топтарындағы оқушылардың логикалық заңдылықтарды анықтауда аса көп
айырмашылық жоқ екенін аңғартады (сурет 44).
Сурет 44 – Анықтау эксперименті бойынша БТ-ның «Логикалық
заңдылықтарды анықтау» тесті (Мэтью Липман бойынша) нәтижелерінің
диаграммасы
Алынған нәтижелер бастауыш мектеп оқушыларының ақыл-ой даму
деңгейін анықтауға, математика пәні бойынша білімдерін және логикалық ойлау
амалдарын қолдану деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.
Диагностикалық
тапсырма нәтижелерін талдау оқушыларда логикалық заңдылықтарды анықтау,
салыстыру секілді логикалық ойлау амалдарының шамалас екенін және ортадан
төменгі деңгейде қалыптасқанын көрсетті. Демек, зерттеу нәтижесі бастауыш
мектеп оқушыларының логикалық ойы мен тілін дамыту қажеттілігін
көрсетеді.Математикалық білім оқушыларды мектептің басқа пәндерін (тілдер,
әдебиет, жаратылыстану, дүниетану және т.б.) игеру құралымен қаруландырады,
өйткені математикалық ілім формулалар мен теңдеулерді ғана емес, ең алдымен
нақты ойлау ережелерін білуді қажет етеді. Математика күнделікті өмірде жиі
кездеседі, сондықтан оны қолдану үшін математикалық сипаттағы білім мен
дағдылар жиынтығы болуы керек. Олар:
есептеу дағдылары, қашықтықты,
аудандарды, көлемдерді, уақыт аралықтарын, жылдамдықтарды және
басқаларын сипаттайтын шамалар туралы білім.
Сондықтан әзірленген
тапсырмалардың
мақсаты: жағдайды математикалық түрде тұжырымдау,
математикалық ұғымдарды, фактілерді, логикалық амал-тәсілдерді қолдану,
математикалық нәтижелерді түсіндіру, қолдану
және бағалау дағдыларының
қалыптасу деңгейін арнайы құрастырылған мәтін есептер арқылы анықтау.
Тапсырма мазмұны анық болу үшін мысал келтіре кетейік.
Достарыңызбен бөлісу: