Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет64/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   94
11.04.2023.disser

Эксперименттік топ n=76
Бақылау топ n=74


133 
25 - кестенің жалғасы 







Мазмұндық-
іс-әрекеттік 
«Оқушылардың ақыл-ой деңгейін 
анықтау» 
тесті 
(Штур-дың 
түрлендіруі бойынша) 
Жоғары 10 
13 

12 
Орташа 23 
30 
24 
32.5 
Төменгі 43 
57 
41 
55.5 
«Артығын алып тастау» әдістемесі 
(Н.Л.Белопольская бойынша) 
Жоғары 9 
12 
11 
15 
Орташа 
29 
38 
27 
36 
Төменгі 38 
50 
36 
49 
Бағалаушылы
қ-рефлексивті 
«Логикалық заңдылықтарды 
анықтау» тесті (Метью Липман 
бойынша) 
Жоғары 8 
11 
10 
14 
Орташа 
19 
25 
15 
20 
Төменгі 49 
64 
49 
66 
Логикалық білімнің жеткіліксіздік салдарынан - баланың алған білімі үзік-
үзік, кейде қате болып шығады. Мысалы, жалпы және маңыздыларды бөліп 
көрсете алмағандықтан, оқушыларда оқу материалын жалпылау мәселелері 
туындайды: математикалық есептің түрін ажырату және т.б. Қорытындылай 
келе, эксперименттік жұмыстың бастапқы деңгейі бойынша төмендегідей 
кедергілер анықталып, тұжырым жасалынды: 
1. Зерттеудің бастапқы кезеңіндегі деректерді жинау түрлі ғалымдардың 
әдістемелеріне сәйкес негізгі білім беру бағдарламасы элементтерінің 
диагностикасын қолдану арқылы жүзеге асырылды. Анықтау кезеңінде 
бастауыш мектеп мұғалімдерімен жүргізілген «Логикалық амал-тәсілдерге 
қатынасын анықтау» тақырыбындағы сұхбат пен «Логикалық амал-тәсілдерге 
қатынасын анықтау» атты авторлық сауалнамасы арқылы бастауыш мектеп 
оқушыларының логикалық амал-тәсілдер арқылы ойы мен тілін дамыта оқыту 
мәселесі бастауыш мектеп мұғалімдері үшін қиындықтар туғызатынын және 
оған бастауыш мектеп мұғалімдерінің логикалық амалдар, қалыптар туралы 
білімінің жеткіліксіздігі кедергі екені анықталды.
2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мотивациясын анықтау мақсатында 
жүргізілген «Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау» (Н.Г.Лусканова 
әдістемесінің түрлендірілуі бойынша) әдістемесі мектепке теріс қарым-
қатынасы бар, мектепке бейімделу деңгейі төмен оқушылар бар екендігін және 
олардың пайыздық көрсеткіші жоғары екендігін анықтауға мүмкіндік берді.
3. Анықтау экспериментінің мотивациялық-мақсаттылық кезеңіне сәйкес 
бастауыш мектеп оқушыларын тапсырмалар орындауға ынталандыру және 
сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенділікпен қатысуға мүмкіндік 
беретін тапсырмалардың қандай түріне оқушылардың қызығушылығын басым 
екендігін анықтау мақсатында «Оқушылардың оқылатын пәнге және оқулықта 
берілген тапсырмаларға қызығушылығын анықтау» авторлық сауалнамасы
алынды. Сауалнама зерттеуге алынған бастауыш мектеп оқушыларының басым 
бөлігіне математика пәні ұнайтынын, соның ішінде олардың ойын 
тапсырмалары, түрлі-түсті суреттермен берілген тапсырмалар, компьютерлік 
тапсырмалардан гөрі қызықты тапсырмалар (логикалық тапсырмалар) 
орындауға ұмтылысы мен қызығушылығы басым екендігін және олардың пәнге 


134 
қызығушылығын олардың ішкі уәждерін сақтай отырып әзірленген арнайы 
тапсырмалар арқылы арттыруға болатынын анықтауға мүмкіндік берді.
4. Мазмұндық-іс-әрекеттік компонентке сәйкес бастауыш мектеп 
оқушыларының логикалық ойлау қабілеті мен тілін дамыту қажеттігі ескеріліп 
таңдалған Н.Л.Белопольскаяның «Артығын алып тастау» әдістемесі 
оқушылардың ақыл-ойы мен интеллектуалды даму деңгейін, олардың ойлау 
ерекшеліктерін толығырақ және құрылымды зерттеуге мүмкіндік берді. 
Нәтижесінде эксперименттік және бақылау тобы оқушыларында талдау, 
салыстыру және жалпылау сияқты логикалық ойлау амалдар төмен деңгейде 
қалыптасқанына көз жеткіздік. 
5. Оқушылардың ақыл-ой даму деңгейін диагностикалауға арналған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет