Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет68/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   94
11.04.2023.disser

Бағдарламаның мазмұны бастауыш мектептегі оқу пәндерінен әр 
тақырыпы меңгертуде қолданылатын логикалық амал-тәсілдердің түрлері, 
олардың негізгі қызметтерін сипаттауда бірнеше бөлімдерден (бөлімдер бірнеше 
тақырыпшалардан) тұрады. Атап айтсақ: 
1. Логика пәні, оның қарастыратын мәселелер өрісі. 
2. Ұғым. 
3. Пайымдау. 
4. Ой қорытынды. 
5. Дәлелдеу теориясының логикалық негіздері. 
6. Гипотеза.
7. Логиканың оқу үдерісіндегі рөлі. 
Арнайы ұйымдастырылған ғылыми-әдістемелік семинар негізінде 
бастауыш мектеп мұғалімдерінен оқыту үдерісінде бастауыш мектеп 
оқушыларының логикалық амал-тәсілдер арқылы ойы мен тілін дамытуда 
күтілетін нәтижелер төмендегідей:
- мұғалім бастауыш сыныпта әрбір сабақты ізденіспен педагогика және жеке 
әдістеме ғылымдары саласындағы ойлау амалдары теорияларын өз 
тәжірибесінде басшылыққа алады;
- оқушылардың логикалық ойы мен тілінің дамуына жеткізетін мүмкіндік 
туғызатындай нәтижелі іс-әрекетті ұйымдастырады;
- логикалық амал-тәсіл түрлерін кеңінен пайдалана біледі;
- оқушылардың тапсырма орындауында логикалық қателіктерге жол 
бермеуін қадағалайды; 
- бастауыш сынып оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытумен 
тереңірек айналысып, кәсіби дамуын шыңдайды.
Демек, біз баланың логикалық амал-тәсілдер арқылы ойы мен тілін дамыта 
оқытудың құрылымын, мазмұны мен оқыту жүйелерін анықтадық. Осының 
негізінде бастауыш мектеп мұғалімдерімен өткізілетін ғылыми-әдістемелік 
семинардың оқу-тақырыптық жоспарын ұсынамыз (кесте 29) (Қосымша Ә). 


141 
Кесте 29 – Ғылыми-әдістемелік семинардың оқу-тақырыптық жоспары 
Тақырыптары 
Сағат саны Өткізілу формасы 
Логика пәні, оның қарастыратын мәселелер өрісі. 
Таным үдерісіндегі ойлаудың рөлі. Логикалық амал-
тәсілдерге сипаттама 

дәріс 
Ұғым.
Логикалық амал-тәсілдің ұғым түрі арқылы бастауыш 
сынып оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқыту

коучинг 
Пайымдау.
Пайымдауға жалпы сипаттама. Бастауыш білім 
берудегі бастауыш сынып оқушыларының ойы мен 
тілін дамыта оқытудағы логикалық амал – 
пайымдау қалыбын меңгерту
6
рөлдік ойындар, 
коучинг 
Ой қорытынды. 
Ой қорытуға жалпы сипаттама. Бастауыш білім 
берудегі бастауыш сынып оқушыларының ойы мен 
тілін дамыта оқытудағы логикалық амал –
ой қорыту қалыбын меңгерту 
6
интеллектуалды 
шоу, семинар 
Болжам (гипотеза). 
Болжам – таным үдерісінің ерекше түрі. 
2
тренинг 
Дәлелдеу теориясының негіздері. 

пікірталас 
Логиканың оқу үдерісіндегі рөлі 

КТС 
Барлығы 
24 
Ғылыми-әдістемелік семинар бағдарламасының алғашқы тақырыбында 
логика ғылымының түйінді мәселелерін кіріспелік сипатта баяндап түсінік пен 
логикалық амал-тәсілдерге сипаттама берілді.Кіріспеде логикалық амал-тәсілдер 
арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың 
философиялық, психологиялық-педагогикалық теориялары берілді.
«Ұғым» тақырыбында ойлау қалыбы ұғымдарды анықтау мен бөлу және 
оларды топтастыру (классификация) тәсілдерінің мән-жайын түсіндіріледі. 
Мұғалімдер өздерінің күнделікті ойлау тәжірибесі мен оқу үдерісінде, мектеп 
оқушыларына арналған оқу құралдарында ойлау әрекетінің осындай 
ұғымдармен жүргізілетін амалдар: қиысу, біріктіру, азайту, толықтыру туралы 
түсініктерді меңгереді. Себебі, мұндай амалдардың математика мен өзге де оқу 
пәндерінде жиі кездесіп отыратындығына оқушылар зердесін жеткізу маңызды. 
«Пайымдау» деп аталатын тақырыпта мұғалімдер пайымның құрамдас 
бөліктері және оның түрлерін меңгереді. Сонымен қатар, пайымдаудағы 
мұқияттылық пен зергелікті, сенімділікті дамытуды үйренеді. Ол өз кезегінде 
логикалық салмақты сөйлем құрау мен ой түйіндеуде көмектеседі. Сонымен 
қатар, берілген есептерді жалпы түрде шығарып алып, біркелкілігін талдап 
немесе бұрын шығарылған ұқсас есеппен салыстырып, оның дұрыстығына көз 
жеткізуге оқушыларды дағдыландырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет