160
болып табылады. Тұжырымдарда пайымдаулардың біртұтас логикалық тізбегі
болуы шарт, себебі, әрбір алдыңғы пайымдау келесі үшін негіз болып табылады
және міндетті түрде алдыңғысынан туындайды. Логикалық есепті шешудегі
басты мәселе – қатысатын барлық объектілер арасындағы шартты дұрыс түсіну,
олардың арасындағы байланыстарды ашу. Демек, логика ең алдымен логикалық
ойларды ретке келтіруге жауап береді.
Логикалық есептердің үлкен маңызы – олардың балалардың ақыл-ой
әрекетін белсендіруде, оқу үдерісін жандандыруда,
олардың танымдық
қызығушылығын, дербестігін қалыптастыруда болып табылады. Расында да, 3
сынып оқушыларына арналған логикалық тапсырмалармен жұмыс істей отырып,
балалардың математика сабағында белсенділігі, зейіні арта түсті, логикалық
және шығармашылық ойлауға үйренді, сөздік қоры молайды және
математикалық академиялық тілмен сөйлеуге үйренді. Бастауыш сыныптағы
математикалық академиялық тіл балалардың математикадан ойлау жүйесіне,
тапсырмаларды шешудегі білімінің толығуына әсерін тигізді.
Тұжырымдай
келгенде, қалыптастырушы эксперименті
кезеңінде
мұғалімдерге ұйымдастырылған:
- ғылыми-әдістемелік семинар барысында бастауыш мектеп мұғалімдерінің
оқушыларға білім беру үдерісінде оқушылардың ойы мен сөйлеу іс-әрекетін
дамытудың логикалық амал-тәсілдері, оқушылардың логикалық білімін
қалыптастыратын сабақтарды ұйымдастырудың құрылымы,
кезеңдері,
әдістемесі туралы білімі мен біліктері қалыптасты;
-
«Логикалық сауаттылық» факультативтік курсы барысында бастауыш
мектеп оқушыларында логиканың негізгі қалыптары ұғым, пайым және ой
қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруға басты назар аударылды. Ол
біздің әдістемелік жүйемізде көрсетілген логикалық амалдар (талдау, жіктеу,
нақтылау, салыстыру, абстракциялау) арқылы жүзеге асырылды. Сабақ
барысында:
зейінді топтауды дамыту, назар аударуды дамыту, зейінділікті
жаттықтыру, есту арқылы есте сақтауды дамыту, көру арқылы есте сақтау
қабілетін дамыту және жетілдіру,
логикалық ойлауды дамыту, заңдылықты
іздеуге үйрету, қиялды жетілдіру, ойша көз алдына елестету, кеңістікте қиялды
дамытуға арналған тапсырмалар пайдаланылды;
- Логикалық тапсырмалар балалардың қызығушылығын тудырды - олар
сабақтарда белсендірек жұмыс жасады, мұғалімнің тапсырмаларын тез
орындады, дұрыс нәтижеге келуге және мәселені шешуге тырысты. Іс-әрекет
барысында
балалардың зейінін жинақтау, өз бетімен ойлау әдеті дамып,
балалардың зейіні, білімге деген құштарлығы артты. Себебі, тапсырмалар
арнайы логикалық амал-тәсілдер арқылы оқушылардың ойы мен тілін дамытуға
негізделіп құрастырылды. Бұл айтылғандарға келесі бөлімдегі жүргізілген
талдау жұмыстарының нәтижелері дәлел.