162
Сурет 47 – «Логикалық амал-тәсілдерге қатынасын анықтау» авторлық
сауалнамасының салыстырмалы нәтижелерінің көрсеткіштері
Алынған
нәтижелерді талдайтын болсақ, бастауыш мектеп мұғалімдеріне
арналған
«Логикалық амал-тәсілдерге қатынасын анықтау» атты
авторлық
сауалнамасына анықтаушы кезеңде қатысқан мұғалімдердің 37% ғана алғашқы
«Заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша
бөліп алу – бұл ..» сұрағына дұрыс жауап берген еді. Ал бақылау кезеңінде дұрыс
жауап берген мұғалімдер пайызы 90%-ды құрады,
сауалнаманың екінші
«Ұқсастық бойынша ой қорытыныдыларын жасау – бұл ...» сұрағына бастауыш
мектеп мұғалімдерінің 40% ғана анықтаушы кезеңде дұрыс жауап берсе, бақылау
кезеңінде бұл пайыз 83-ті құрады. Анықтаушы кезеңде сауалнаманың келесі
«Біртекті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру ...»
сұрағына сауалнамаға қатысушы мұғалімдердің 30%
ғана дұрыс жауап берсе,
қалыптастырушы кезеңнен кейін олардың пайызы – 73-ке тең болды. Ойлау және
ойлау формалары туралы түсініктерінің деңгейін анықтау мақсатында қойылған
сауалнаманың 4-ші «Зат немесе құбылыстың жалпы, сондай-ақ мәнді
қасиеттерін бейнелейтін ой ...» деген сұрағына
бақылау кезеңінде бұл пайыз
74%-ға артты. Ал 5 - ші «Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы
ғылым...» сұрағына жауап қалыптастырушы кезеңнен кейін 100 пайызды
құрады. Бұл көрсеткіштер қалыптастырушы
кезеңде бастауыш мектеп
мұғалімдеріне «Логика элементтерін бастауыш білім беруде қолдану»
тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинардың тиімділігінің айғағы.
2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мотивациясын анықтау мақсатында
қолданылған
«Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау» (Н.Г.Лусканова
Достарыңызбен бөлісу: