188
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі білім беру жүйесінде бастауыш мектеп оқушыларының меңгеруіне
арналған ақпарат көлемі артуда, мектеп оқушыларының жалпы логикалық ойлау
қабілеті мен тілін
дамытуға баса назар аударылуда, өйткені адамның
жинақталған білім көлемімен емес, оның жоғары логикалық ойлаудың даму
деңгейімен анықталады. Осыған байланысты
бастауыш сынып мұғалімінің
алдында балаларды заттар және құбылыстармен өзара әрекеттесу нәтижесінде
алынған ақпаратты нақты ғана емес, абстрактылы түрде талдауға, салыстыруға
және жалпылауға үйрету міндеті тұр.
Логикалық амалдар: талдау, жинақтау, салыстыру,
абстракциялау,
жалпылау және т.б. кез келген оқу пәнін ойдағыдай меңгеруге қажетті танымдық
құрал ретінде әрекет етеді, оқушылардың оқу қабілетін, өздігінен білім алу және
өзін-өзі дамыту қабілетін арттыруға ықпал етеді. Логикалық әрекеттердің
қалыптасу ерекшеліктері мынада: олар бір-бірімен ішкі логикамен байланысты,
сондықтан олар белгілі бір реттілікпен ғана құрылуы мүмкін.
«Логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы
мен тілін дамыта оқыту» атты диссертация бойынша жүргізілген теориялық және
тәжірибелік зерттеу жұмысының нәтижелері төмендегідей қорытындылар
жасауға мүмкіндік берді:
1. Зерттеу жұмысы бойынша нормативтік
құжаттарға және ғылыми
еңбектерге талдау жасалды, логикалық амал-тәсілдерді қолдану арқылы
бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыту мәселесінің өзекті
екендігі дәлелденді. Бастауыш білім беру жүйесінде
логикалық амал-тәсілдер
арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқыту
мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалып, «логикалық амал-
тәсілдер арқылы оқушылардың ойы мен тілін дамыта оқыту», ұғымдарының мәні
мен құрылымы анықталды;
Логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш
Достарыңызбен бөлісу: