2. Бәсекелестікке қарама-қарсы, яғни өзге адам үшін өз
қызығушылықтарын құрбан етуді білдіретін бейімделу.
3. Мәміле.
4. Қашу, кооперацияға ұмтылысының және өз мақсат
тарына жетуге үрдісінің болмауы тән.
5. Бірлесу, яғни қатысушылар
олардың екі жақты қы-
зығушылықтарын толық қанағаттандыратын балама бо-
лып келеді.
Конфликтілі жағдайдан қашуда Томас екі жақ та
жеңіске жетпейді деп есептейді. Бәсекелестік, бейімде-
лу және мәміле сияқты мінез-құлық формаларында қа-
тысушылардың біреуі жеңіп, екіншісі жеңіледі немесе
мәмілеге жол бергендіктен екеуі де жеңіледі. Тек қана
бірлесу жағдайында екі жақ ұтыста болады.
Мінез-құлықтың типтік формаларын анықтауға бағыт-
талған сауалнамасында Томас конфликтілі жағдайдағы
индивидтің мінез-құлығының бес нұсқасын 12
сөйлем-
мен бейнелейді. Олар 30 жұпқа топтастырылған. Олар-
дың әрқайсысынан сұхбаттасушыға оның мінез-құлқына
сәйкес келетін сөйлемді таңдау ұсынылады. Бір қараған-
да жалпылама сияқты көрінгенімен, Майерс-Бриггс тесті
бизнесте, басқару,
білім беру саласында, әсіресе, Батыста
жаппай қолданыста. Америка оқушыларының көпшілігі
(кейбір деректер бойынша жетпіс пайызы дейді) болашақ
мамандықты анықтарда осы тестке жүгінеді. Көп компа-
ниялар жұмысқа қабылдамас бұрын ізденушіні осы тестен
өткізеді. Шығармашылық сала дұрыс па, техникалық сала
дұрыс па, басшылық қызметке икем бар ма, бағынушылық
басым ба, детальдармен жұмыс істейсің бе, стратегиялық
тұрғыдан ойлайсың ба, миыңның оң жақ жартысы билей
ме, сол жағыма... сол сияқты ерекшеліктерден тұлғаның
портреті анықталады.
Өзіміздің қандай қабілетіміз барын айқындай білуіміз
керек. Бұл
өте қиын нәрсе, бірақ, қабілетіңмен бар істі
жасасаң, жеңіске жетуің оңайлау.
Өз қабілетіңді анықтағаннан кейін таңдаудың келесі
сатысы алдыңнан шығады. Ол «Саған не ұнайды?» деп
аталады.
74
Айталық менде халық алдында сөйлеу, ұйымдастыру
қабілеті бар дейік. Қандай мүмкіндіктер бар? Жақсы тре-
нер болуым мүмкін, мұғалім, журналист, бәлкім, имам
болуым да мүмкін еді. Осы мамандықтардың әрқайсысы
туралы
ойландым, өзімді сынап көрдім де. Тілші болам
дедім, «Алаш айнасы» газетіне мақалаларым да шыққан.
Футболдан мектеп командасында ойнадым, тренер болып
та көрдім. Сонда Оливер Каннға
27
қызығып, қақпашы бо-
лам, спортшы болсам деп армандайтынмын.
Мұғалімдік-
ке бейімделіп, колледжде сабақ бердім.
Икеміне қарай қолымнан келеді-ау дейтін дүние көп
болады. Он бес, жиырма кәсіп. Солардың ішінен біреуін
таңдау керек. Бұл таңдауға өзіңнің сезімің негіз болады.
Сенің қолыңнан көп нәрсе келуі мүмкін, бірақ оның бәрі
бірдей қуаныш сыйламайды делік. Саған ең көп қуаныш
сыйлайтын іс қана ең үлкен жеңістерге жеткізеді. Бір са-
ладағы жеңіс пен сенің сол саладағы қызығушылығың
тура пропорционалды. Нені қалайсың?
Достарыңызбен бөлісу: