86
Қашан бастаймын емес, қашан тоқтаймын.
Бастаған
ісім бітсе де, бітпесе де – тоқтау. Әдетте, 25 және 5 минут
та басталады. Яғни, 25 минут жұмыс істейміз.
Зейін ойла-
ну режимінде болу керек. Ол үшін барлық еліктіргіштерді
(телефон, әлеуметтік желілер және .б.) алып тастау керек.
Кейін 5 минут шашыраңқы ойлану режиміне ауысу. Қа-
рапайым жаттығу жүріп келу, не бір физикалық немесе
зияткерлік ойын ойнау.
Біліктілік иллюзиясы. Кез келген үдерістің сәтті
жүруіне кедергі болатын күштер бар. Үйренуді үйрену-
дің ең үлкен кедергісі – біліктілік иллюзиясы. Өзгеше
айтқанда, «мен білемін» деп ойлау. Күнделікті өмірде
байқалмағанымен, жаһандану салдары
ретінде ақпарат
жылдамдығының артуынан көбімпіз осы біліктілік иллю-
зиясында жүрміз. Көбіміздің компьютерімізде, телефо-
нымызда не өзге электронды
құрылғыларымызда және
бұлтта кемінде бір-екі кітап сақтап қойғанбыз. «Мынау
керек болады» деген оймен талай тренингтің слайдтарын
немесе кітаптардың мұқабасын фотоға түсіріп те алдық.
Сол электронды нұсқаға ауысқан ақпарат пен ертеңінде
қолданыс тапқан ақпараттың арасында конверсия (байла-
ныс) қаншалықты екен…
Кітап оқып отырған кезде де ішінде ұнаған бөлігін
арнайы маркер, қарындаш не өзге құралмен белгілеп қо-
ямыз. Түрлiтүсті стижерлерде жапсырамыз.
Бұл әрекет-
тер осы ақпарат мен үшін маңызды және оны есімде
сақтап алдым деген жалған сезім сыйлайды.
Соның се-
бебінен де ертең ол қолданысқа түспейді. Сол күйі қа-
лады. Өкінішке қарай, байқамай өзімізді өзіміз осылай
алдап жібереміз. Ертең қажет
болғанда сол ақпараттың
ешқайсысын еске түсіре алмаймыз. «Миымнан шығып».
кетті дейміз.
Теориялық тұрғыда, миымызға кірген кез келген ақпа-
рат ешқайда кетпейді. Ол сол жерде қалады.
Тек біз оған
барар «жолды» таба алмай қаламыз. Ұмыту дегеніміз –
ақпараттың мидан шығып кетуі емес, ұзақ мерзімді жад-
тың бір қуысында қалып қоюы.