Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет38/95
Дата13.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498591
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95
екінші болма

 
 
ЛОГИКАНЫҢ 
ЛОГИКАСЫ 
 
 
Белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайрат- 
кері, физика-математика ғылымдарының док- 
торы – Асқар Жұмаділдаев
37
: «қоғамымызда екі нәрсе 
логика және салыстырмалы теория жетіспейді» – дей- 
ді. Ойланып қарасақ, шын мәнісінде еш нәрсені қиын- 
датпай, барлығын логикаға салатын болсақ, өмір біз 
ойлағандай қиын болмайтын еді. Біз өзіміз оны тым 
қиындатып жіберуге құмармыз. Оның мысалын «Versus» 
академиясына білім алуға келетін адамдардың көпшілі- 
гінен көре аламын. Олар үйренуге келген, жауабын таба 
алмай жүрген сұрақтарын жай ғана логика мен ақылға 
салса, шешімін оп-оңай табар еді. Логикалық ойланба- 
уымыздың басты себебі – бала кезден біздің орнымызға 
шешім қабылдағанына, біз үшін барлығын ата-анамыз- 
дың ойлап қойғанына үйренгенбіз. Жалпы статистика 
бойынша дүние жүзіндегі адамдардың 2%-ы ғана ойла- 
на алады, ал 3%-ы «ойлана аламын» деп ойлайды екен, 
қалған 95%-ы мүлдем ойланбайды. 
 
Ресейде «Магнит» деген үлкен азық-түлік дүкендер 
желісі бар. Олардың иесі, Краснодар қаласының тума 
сы – Сергей Галицкий
38 
– Мәскеуде тұрмай-ақ, Ресейдегі 
миллиардерлердің қатарына кірген адам. Олег Тиньков 
өзінің «Бизнес секреты» деген бағдарламасында: «Cіздің 
____________ 
37
Аскар Жұмаділдаев – белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика 
математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990) 
38
Сергей Галицкий – Ресейдегі ең ірі «Магнит» сауда желісінің негізін қалаушы, 
басшысы. 


ерекшелігіңіз неде? Неге сізбен бір аулада ойнаған бала- 
лар жеңіске жетпеді, ал сіз миллиардер болдыңыз?», – 
деп сұрайды. Сергей Галицкий: «Мен де ұзақ ойландым. 
Түсінгенім, бізде адамдардың көбісі логикалық ойлап 
дағдыланбаған. Егер олар логикалық түрде ойланатын 
болса, кез келген адам жеңіске жетер еді» – деп жауап бе- 
реді. Миллиардер мен әйгілі математик бір мәселені ай- 
туда. Логикалық түрде ойлау, жасау дегеніміз – барлығын 
кезегімен, рет-ретімен және дұрыс нәрсені дұрыс жасау. 
Ал бізде адамдар дұрыс емес нәрсені дұрыс жасауға 
құмар. Мысалы, темекіні әдемілеп шегеді, арақ ішкенде 
тіскебасарларын дайындап қояды, оған бір маңызды ри- 
туал сияқты қарайды. 
Ал негізінде, барлығын логикаға салып, дұрыс нәрсені 
дұрыс жасасақ, біз көптеген сұрақтарымызға жауапты да 
табамыз, көшіміз алға жүріп, табысқа да жетеміз, өзімізді 
де дамытамыз. Шынында да, өмірдегі іш пыстырарлық 
қызық емес нәрселер, ол – пайдалы нәрселер. Таңертең 
ерте тұрып жүгіру, ойлану, дұрыс тамақтану, кітап оқу 
іш пыстырады, бірақ пайдасы зор. Ал түнгі клубқа бару 
дұрыс емес нәрсе, бірақ біздікілер оған ұйқысын қиып 
барады, тамақты талғап жеймін десең, таңдау үлкен. 
Сондықтан да өмірдің барлығы осындай логикалық ой- 
лаудан, таңдаудан тұрады. 


94


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет