Павлодар облысы білім басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» ҚММ



Pdf көрінісі
бет46/183
Дата16.04.2024
өлшемі6.15 Mb.
#498805
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   183
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1)

7 нұсқа 
 
Оқу сауаттылығы 
 
1-мәтін 
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап 
беріңіз.
 
Демалыс күні отбасымызбен бірге қаладағы хайуанаттар бағына баруды 
жоспарладық. Таңертен таңғы астан кейін бәріміз жолға жиналдық. Інім екеуміз 
құстарға беру үшін кептірілген сатып алдық. Хайуанаттар бағы өте үлкен екен. 
Онда әлемнің әр елінен әкелінген түрлі жануарлар мен құстарға, жабайы аңдар 
мен жыландар бар. Хайуанаттар бағындағы аңдар мен құстарға үш мезгіл азық 
беріледі. Біз ақ аю мен бірнеше құстардың жанына барып суретке түстік. Інім 
құстарға арнайы апарған кептірілген нанын берді. Бақтың іші таза әрі кең. 
1.Сөйлемді толықтырыңыз. 
Біз демалыс күні ... . 
A)қалаға қыдырып бардық 
B)жануарлар бағын араладық 
C)баққа баруды жоспарладық 
D)қаладағы бақтарда серуендедік 
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз. 
A) Қалада хайуанаттар бағы ашылды 
B) Демалыста хайуанаттар бағына баруға болады 
C)Інім екуміз құстарға кептірілген нан ала бардық 
D)Хайуанаттар бағында жануарлар мен құстардың бірнеше түрі бар. 
3. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз. 
A) хайуанат, бақ, жоспар 
B) демалыс, жануар, азық 
C) демалыс, хайуанаттар бағы, іні 
D) хайуанаттар бағы, сурет, мезгіл 
4. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. 
A)Қалада бірнеше хайуанаттар бағы бар. 
B)Інісі хайуанаттар бағында жұмыс істейді. 
C)Қаламыздағы хайуанаттар бағы шағын әрі таза. 
D)Хайуанаттар бағында құстарға кептірілген нан беруге болады. 
2-мәтін
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап 
беріңіз.
 
Еркіндік статуясы Америка құрама штаттарының символы. Бірақ ол 
Францияда жасалған. 1884 жылы 4 шілдеде Париж қаласында француз халқы 
атынан Америка елшісіне ресми сыйлық ретінде тапсырылған. Статуяны 


93 
бөлшектеп, теңіз арқылы Нью-Йоркке жеткізген. Ал статуяны орнататын 
тұғырды (постамент) американдықтар өздері жасаған. Статуяның биіктігі – 46 
метр, ал тұғыры - 47 метр. Француздар Еркіндік статуясы арқылы Америка 
мемлекетіне сезімін таңдану (таңырқау) және мадақтау сезімін білдіргісі келді, 
әрі америка және француз халықтарының бір-біріне ықыласын оятуға тырысты. 
1. 
Мәтінге лайық дәлірек тақырыпты таңдаңыз. 
A) АҚШ сивмолы 
B) Күтпеген сыйлық 
C) Француздар әрекеті 
D) Еркіндік статуясының тарихы 
2. 
Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз. 
A) статуяның қашан жасалғаны
B) статуяның қалай жеткізілгені 
C) статуяның неден жасалғандығы 
D) статуяның қашан тапсырылғаны 
3. 
Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз. 
A) статуяның жасалуы 
B) статуяның жеткізілуі 
C) статуяны орналастыру 
D) статуяны кім, неге жасағандығы 
4. 
Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз. 
Статуяны бөлшектеп, теңіз арқылы жеткізген 
A) қашан? 
B) қайда? 
C) қалай? 
D) немен? 
5. Статуя тұғырының биіктігі қанша метр? 
A) 46 метр 
B) 47 метр 
C) 49 метр 
D) 48 метр 
6. Еркіндік статуясы қай елде жасалған? 
A) Франция 
B) АҚШ 
C) Ресей 
D) Қытай 


94 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет