Павлодар облысы білім басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» ҚММ



Pdf көрінісі
бет65/183
Дата16.04.2024
өлшемі6.15 Mb.
#498805
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   183
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1)

10 нұсқа 
 
Оқу сауаттылығы
1-мәтін 
Нұсқаулық: «Мәтінді мұқият оқып шығып, берілген тапсырмаларды дұрыс 
орындаңыз». 
 
Достық 
Достық адамдардың бір-біріне сенуінен басталады. Сенім артқан сайын, 
достық та күшейе түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, бірақ өздерін дос санайтындар 
бар. Бірақ ол жалған достық. Мен өмірімде көптеген адамдармен дос болдым. 
Адамдардың мінездерінің түрлі болатынын көрдім. Достарымның барлығы 
бірдей жақсы болған жоқ. Арам дос та, адал дос та кездесті. Бірақ мен мақтан 
тұта алатындай, сенімді әрі кеңпейілді досымды таптым. Оның бар болғанына 
қуанамын. Оған сенемін. Егер мен қиын жағдайға тап болсам, ол маған 
көмектеседі. Ал оған көмек керек болса, мен де көмектесемін, біз әрқашан бір-
бірімізді түсінуге тырысамыз. Осындай сенімді жан досымды мақтан етемін! 
1. Мәтінге сәйкес мақалды табыңыз. 
A) Достыққа достық- қарыз іс 
B) Дос – басқа, дұшпан – аяққа қарайды. 
C) Жауға – мылтық, досқа – ынтық. 
D) Күлме досқа – келер басқа. 
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз. 
A) Достық адамдардың бір-біріне сенуінен басталады. 
B) Арам дос та, адал дос та кездесті. 
C) Мен өмірімде аздаған адамдармен дос болдым. 
D) Жан досымды мақтан етемін! 
3. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз. 
A) достық, адал,жан дос 
B) сенімсіздік, мінез, көмек 
C) адам, дұшпан, мақтану 
D) арамдылық, мақтан тұту, көмек беру 
4. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. 
A) Досымның бар болғанына ренжимін. 
B) Досымның бар болғанына қуанамын. 
C) Досымның жоқ болғанына қуанамын. 
D) Досымның жоқ болғанына ренжимін. 


135 
2-мәтін 
Нұсқаулық: «Мәтінді мұқият оқып шығып, берілген тапсырмаларды дұрыс 
орындаңыз». 
 
Табиғат 
Табиғат – адамдардың күн көріс көзі. Сонымен бірге ол – келер 
ұрпақтардың да мекен тұрағы, көз бен көңіл тоятын, қызықтайтын қуанышы. 
Сондықтан бүгінгі ұрпақ келешектегі ұрпақтарының несібесін жеп тауысып, 
бүлдіріп кетсе, күнәнің үлкені сол болады. Табиғатқа ақылмен, адамгершілікпен, 
ғылыми негізде қарым – қатынас жасау керек. Адамдар өмірінің ертеңгі жалғасы 
– ұрпақтарына үлгі болады. Дүниеде атаусыз, сұраусыз еш нәрсе жоқ. 
Бір ғажабы, адамдар табиғатқа аялай, сүйсіне қарай отырып, өзінің мінезін 
жұмсартады. Жанын жадыратып, жүрегін сұлулыққа, сүйіспеншілікке айқара 
ашады. 
1. Сөйлемді толықтырыңыз. 
Адамдар өмірінің ертеңгі жалғасы... . 
A) қасірет болады 
B) тәрбие болады 
C) ұрпақтарына үлгі 
D) қиыншылық болады 
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз. 
A) Адам табиғатқа қарап, мінезін қатайтады 
B) Адам табиғатқа қарап, мінезі мықты болады 
C) Адам табиғатқа қарап, мінезі жомарт болады 
D) Адам табиғатқа қарап мінезін жұмсартады 
3. Мәтіннің негізгі ойын табыңыз. 
A) Табиғатты қорғау керек 
B) Табиғатты ластау керек 
C) Табиғатты бұзу керек 
D) Табиғатты қирату керек 
4. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. 
A) Табиғат апаттары 
B) Табиғат түрлері 
C) Табиғат жөнінде мәлемет 
D) Табиғат адаммен байланысты 
5. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. 
Табиғатқа қалай қарым –қатынас жасау керек? 
A) ақылмен, адамгершілікпен 
B) әдеппен, имандылықпен 
C) ізгілікпен, адалдықпен 
D) жақсылықпен, ынтымақпен 
6. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз. 
A) Дүниеде атаусыз, сұраусыз еш нәрсе бар. 
B) Дүниеде атаусыз, сұраусыз еш нәрсе болмайды. 
C) Дүниеде атаусыз, сұраусыз еш нәрсе жоқ. 
D) Дүниеде атаусыз, сұраусыз еш нәрсе болады. 


136 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет