Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет161/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   185
null

 
4-Мәтін 
1.Тау іші .Иен жайлау . Ұшқөан құс, жүгірген аңнан өзге тіршілік белгісі білінбейді. 
Жаз жәрмеңкесі тарқап, таулы өлкеге қоңыр күз қонақтаған. Аспан да жер де сұп-сұр. Жапырақтар 
сарғайып, өсімдік атаулы күзгі ызғырық желге елбеңдей бас ұрып, тәубеге келген сопыдай күбірлейді. 
Тек қия жартастарды жарып шыққан қайсар қарағайлар ғана өңін бермей, тәкаппар басын тік 
ұстапкөкке шаншыла қарап тұр. Сай-ссаладан құлай ағып жатқани көк қасқа бұлақтар жаздағыдай шу 
салып, асып-таспай , салқын сабырмен жуасын ғана сырғиды. 
2.Малшы ауылдар бұл өңірден әлдеқашан арылып, етекке түсіп кеткен. Тегіс-тепсең жерлерде, бұлақ 
бойларында жараның орнындай болып киіз үйлердің көшкен жұрттары көрінеді. 
3. Кеш батысымен иен жұртқа аш қасқырлар келіп, емін- еркін тіміскілейді. Қош жолдарына, айдалған 
мал ізіне түсіп, тұмсықтарын көтеріп, ұзақ-ұзақ қарап тұрады. Сүйек қажалап, тері-терсек, жүн-
жұрқаны жұлмалайды. Бұтаның арасында қалып қойған тоқты- торымды іздеп сандалады. Жердегі 
жемістес досына қарайлап, көкте құзғын айналады... 
4. Жаздың шіліңгір ыстығында басынан бұлт кетпейтін Етікші шыңы бұл күнде бозғылт мұнараға 
оранған. Бұл Тарбағатай сілемдерінің бір- бірімен ұшарласа келіп, күрт көтерілген тұсы.Нардың 
жалғыз өркешіндей болып, көзге алыстан шалынады. 
5.Арғы бетке өтетін жолаушы қиын болса, көбінше осы шыңның желкесімен асатын. Өйткені өркеш-
өркеш тауларға, терең құздар мен терең өзендерге соқпай өтетін ең төте жол осы. Юиік жалдың 
басында жыртқыш аңдар да аз жүреді. Етікшінің жотасына шықсаң, таудың күнгейі мен теріскейі 
табанының астында жатады.
6.Жолға шыққанына төртінші күн дегенде ұзын бойлы, қапсағай қара шал осы Етікші асуының бір 
оқшау биігіне көтеріледі. Бар салмағын таяғына салып, тізесі дірілдеп, зорға жылжып келеді. Кеудесі 
сырылдап, өкпесі аузына тығылып, әлсән-әлі тоқтап дем алады. Бірақ алдында көлденең сұлап жатып 
алған қырсық асудың төбесіне ббір шықсам-ау деген арманы қолтығынан демеп, өрге қарай өшіге, 
өршелене қайта ұмтылады. 
7. Күн тас төбеге көтеріліп, ес кетіп, жан шыққанда асудың ұшар басына да жетті-ау. Қыр жалдың 
үстіне шыға келгенде, гуілдеп соққан қара боран жолаушыны ұшырып әкете жаздады. Таяғына 
сүйеніп, төрт тағандап әзер қалды. Күні бойы жеткізбей, діңкесін құртқан шыңға ерегісті ме, болмаса 
«мұндай биікке үнемі көтеріле бермеспін» деді ме, әйтеуір осы арада біраз аялдағысы келді. Аппақ 
шоқша сақалы желге желпілдеп, сығырайған кәрі көзімен айналаны шолып, қарт жалдың басында 
бірталай тұрып қалды.
8. Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шықты. Терлеп, жіпсіп келе жатыр еді, тұла 
боцын суық қармап сірестіре бакстады. Ол шырқау биіктен жан-жағына соңғы рет көз тастады да, 
ілгері жүре кетті.
9. Бірі тәуірі, ендігі беталысы төмен, еңіс екен. Ылдиға қарай құлдырап тез төмендеді. Көк жалап, 
жылтырланып алған сірі шоқайы киіздей ұйысып жатып қалған бетегеден тайғанап, тоқтамаған соң, 
жан дәрмен отыра қап құйрығымен сырғанады.
10. Жалаңаш жотадан көп төмен түсіп, қалың жынысты қойнауға жеткенде, жел басылып, күн 
жылынайын деді. Титығы құрып, әбден қалжыраған қарттың бұдан әрі жүруге халі келмей, тәлтіректеп
барды да, шоқ қайыңның түбіне қисая кетті. Арқасындағы қоржынын басына жастап, бір сәт сұлық 
жатты. «Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой» - деді талмаусырып жатып, жолдың көбі кетіп, азы қалды». 
13. Кейіпкердің мақсат еткен асуын бағындырған кезі суреттелген азатжол
А) алтыншы С) оныншы Е) жетінші
В) тоғызыншы D) бенсінші 
14.Табиғат көрінісі суреттелген азатжол 
А) бірінші С) үшінші Е) сегізінші
В) екінші D) алтыншы
15.Жолаушының Етікші шыңының жотасымен жүруді таңдау себебі 
А) ауыр жол С) ұзақ жол Е) қатерлі жол 
В) төте жол D) жеңіл жол 
16.Мәтінде суреттелетін жыл мезгілі
А) жазғытұры В) көктем С) қыс D) күз Е) жаз 
17. «Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, жолдың көбі кетіп, азы қалды» деген ойы арқылы автор 
кейіпкердің қандай сезімін көрсетеді? 
А) асығыстығын С) шарасыздығын Е) үмітін 
В) қиналысын D) қамсыздығын 
18.Мәтіннің стилін анықтаңыз 
А) ғылыми С) көркем әдебиет Е) публицистикалық 
В) ауызекі сөйлеу D) іс қағаздар 
19.Мәтінен кейіпкердің арманы сөз болатын азатжолды көрсетіңіз 
А) екінші В) үшінші С) оныншы D) сегізінші Е) алтыншы
20. Кейіпкердің жас мөлшерін анықтаңыз 
А) жігіт ағасы С) қарт адам Е) жігіт 


87474320427 164 
В) орта жастағы адам D) бозбала


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет