87474320427 165
қайтпаса, кұдайдан қайтсын» дегеннен басқа сөз айтпайтын. Әкем осы бір ауыз сөздің өзіне қатты риза
болып қалатын.
Бір жолы әкем үйге өте кеш келді. Күйеуі соғыстан қайтпай, жесір калған бір көп балалы әйел бар еді.
Сол үйдің шатырын жөндепті. Дәл сол күні көрші ауылда тұратын ағам мен жеңгем қонаққа келген
еді. Ағам сол жолы әкемізге зіл тастап сөйледі:
-
Өз шатырымыздан су сорғалап тұрғанда, өзгенің шатырын жамап- жасқап жүргеніңіз қалай? -
деді. Әкем оған ренжіген жоқ. Қайта қарқылдап күліп алды да, ағамның әлгі сұрағына сұрақпен жауап
берді:
-
Әркайсымыз тек өзіміз үшін ғана тырбанып бақсақ, онда анау өзі үшін жайылып жүрген малдан
қандай айырмамыз болмақ?
Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол керек» дегендей маған күлімсірей
қарады.
Қазір ойлап карасам, әкем өз отбасын ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп аталатын пәннен
мықтап дәріс беріп кеткен екен. Бүгінгі қиын-қыстау кезеңнің өзінде ауылдастарым бір-біріне
қарасып, жең ұшынан жалғасып келеді. Қартайып қалган көршісінің тозығы жеткен шатырын жөндеп,
сынған терезесін салып беретін қайырымды жігіттер ауылда әлі де бар екен.
7.
Мәтінде суреттелетін кезең
A)
Соғысқа дейінгі жылдар
B)
Жеңіс қарсаңындағы жағдай
C)
Сотыс кезіндегі жағдай
D)
Соғыстың алғашқы
жылдары
E)
Соғыстан кейінгі жылдар
8.
Ағасының зілді сөзіне қайтарган жауабы кейіпкер әкесінің қандай қасиетін көрсетеді?
A)
Өзімшілдігін
B)
Бірсөзділігін
C)
Сабырсыздығын
D)
Қырсықтығын
E)
Кеңпейілдігін
9.
Кейіпкердің әкесінің іс-әрекеттерін кім қолдамайтын?
1.
Шешесі
2.
Ағасы
3.
Жеңгесі
4.
Көршілері
5.
Ауыл адамдары
10.
Автордың «әкем өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүрген екен» деу себебі
A)
Әкесі өзінен гөрі басқалардың қамын көбірек ойлаған
B)
Алдымен өз қамын, кейін жұрт қамын ойлаған
C)
Әкесі тек өз үйінің камын ойлаған
D)
Әкесінің мінезі ауыр болған
E)
Әкесі сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамы болған
11.
Жеңгесінің әрекетінен оның қандай ойын аңғарамыз
A)
Күйеуінің сөзін қолдамайтынын
B)
Күйеуінің сөзімен келісетіндігін
C)
Мән-жайға немқұрайлылығын
D)
Інісінің сөзін қолдамайтынын
E)
Жағдайды түсінбегендігін
12.
Мәтіннің негізгі ойы кандай?
A)
Автордың ауылдастар ықыласына бөленгені туралы айту
B)
Әке еңбегінің өтеусіз қалғаны туралы
C)
Әкесіне деген өкпесін жеткізу
D)
Әке мен бала арасындағы
қарым-қатынасты орнату
E)
Әкенің ауылдастарына деген шексіз қамқорлығын паш ету
4-мәтін
1.
Астрономияда жаңа туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық сүйікті деген малдарын
Ай тұяқты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен мадақтайды.
2.
Ай мен Күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сұлу екі әйел екен. Әсіресе Ай сұлуырақ
болып мақтанып, Күн оны қызғанып Айдың бетін тырнап, оған дақ түсірген. Кесірлі Ай жазасын
осылай тартқан. Ай бетіндегі қарауытқан дақ содан екен» деседі. Айдың кеш туғанын немесе кемігенін
ел Ай «қорғалады» дейді. Күнге жакындап барғанда Ай «қорғалап» бетін жасырады, ал қашықтағанда
Ай толып, Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдейді. Ай түрінің өзгеру құбылысын жаңа
Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді.
3.
«Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу құбылысы казақ ортасында
елеулі оқиға болып келді. Жаңа туған Айды көргенде шаруа адамның көңіліне әр түрлі ой
келеді,
шаруаға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма деген ойлар тумай қоймайды. Қазақ арасында егер Ай
тігінен туса, ауа райы шаруаға жайлы, жылы болады. Ал, Ай шалқасынан жатса, ай суық, жайсыз
болып өтеді. Мұны «Айдың өзіне жайлы, халыққа жайсыз болғаны» дейді.
4.
Қазақ тұрмысында Айды қастерлеуге себеп көп болды: Ай болмаса, түн қараңғысын жамылып
қасқыр да, ұры да малға шабуылды күшейтеді, шаруа жайымен ұзақ түн қату да қиын тиеді.
Аталарымыздың ай караңғыда малы түгіл, басы да зор қауіпте болғандығын еске алсак, неліктен айды
қастерлегендігін жақсы түсінеміз. «Қараңғыалғыр» деген сөз тегін шықпаған. Елдегі үлкен ақсақалға
Айға бата қыл дегенде: - Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата қылмайтын Ай екен, - депті. Жұрттың
бұл сенімдерін саралай келіп, ғылыми түрғыдан келгенде мынадай қорытынды шығарамыз. Жаңа
туған Айдын қалпына қарай жұрттың ауа райы өзгереді дегені бос сөз емес.
5.
Жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай «шалқасынан
жатады», өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда жоғары тұрады, Ай жолы да
оған жуық, сондықтан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала жарық береді де,
бізге Ай
шалқалап жатқан сияқты көрінеді. Сөйтіп, жаңа Ай орағының орналасу қалпы мен ауа райының
арасындағы бұл қызық іліктестік Күн мен Айдың аспандағы жолдарының әр мезгілдегі өзара
орналасуына байланысты.
87474320427 166
6.
Атан түйе мен шіркей қандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай да сондай. Ай
бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен.
Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы Ай болатын-ды. Ес
білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды. Малшы, керуенші, аңшы, карақшы бәрі де Айды
бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде Айға қарады. Кәне, ойланайықшы, «Мен ұрлық
қылғанда ай жарық болды»; «Ай қарап тұрсың ба?» дегендей сөздер де бар емес пе? Осыдан 350
жылдай бұрын Галилей тұңғыш peт ойлап тапқан құралымен Ай бетінен тауларды кордім, деп
жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше күшейді.
7.
Өмір бақи меңіреу жатқан кең дүниенің түкпірлерін шарлауда адам перзенттерінің аяғы тұңғыш
рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін
бірінші бекет болып
табылмақ.
13.
Ай бетіндегі дақтар
A)
Төбешіктері
B)
Қыраттары
C)
Тегістеу жерлері
D)
Күнгей жерлері
E)
Ойпаттау жерлері
14.
Қазақ халқының «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілеуінің себебі
A)
Жаңа ай туғанда ескі айды ығыстырады деген ұғым
B)
Күн жылы болады деген сенім
C)
Жаңа туған ай жақсылық әкелсін деген ниет
D)
Ескі ай мен жаңа айды салыстыру
E)
Жаңа айдың жарығы мол болсын деген тілек
15.
Күн мен Айдың көлемін мәтіннің 6-азатжолымен сәйкестендіріңіз
A)
Тұлпар мен серке
B)
Жылқы мен құлын
C)
Бура мен құмырсқа
D)
Өгіз бен бұзау
E)
Қой мен ешкі
16.
Айдың тууына байланысты халық әрекеті.
A)
Ауа райын болжаған
B)
Жыл мезгілінің ауысуын болжаған
C)
Болашағын болжаған
D)
Жаздың жаңбырлы болатынын болжаған
E)
Құстардын қайтуын болжаған
17.
Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: «Ай шалқасынан туыпты,
бұл мен бата
қылмайтын Ай екен» деуінің сыры
A)
Толған айға катысты беріледі
B)
Ырым, наным-сенімге байланысты
C)
Айға батаны жас адамдар ғана береді
D)
Айға бата беру - надандық
E)
Айдың өзіне ғана қолайлы болғандығы
18.
Достарыңызбен бөлісу: