Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау


-Мәтін  Ырыс пен берекет



Pdf көрінісі
бет37/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   185
null

3-Мәтін 
Ырыс пен берекет 
Ертеде Бегайдар деген саудагер жігіт болыпты. Ойдан орып, қырдан қырып. Табыс 
тауыпты.Үйіне дүниені қанша үйсе, ол соғұрлым кеми береді екен.Байлығының берекесі 
болмапты. Бегайдардың үйлі-баранды көршісі бар екен.Оның мал дегенде бес-алты ешкісі 
болады. Бірақ тұрмысы күннен-күнге гүлденен береді.Бір күні бегайдар көршісінен: 
- Әй, көршім, сенің бала-шағаң тоқ.Ал мен жалғыз тұрамын.үй көрмей ссауда жасап, 
мол ақша табамын.Бірақ берекесі жоқ.Сыры неде? – деп сұрады. 
Көршісі: 
- Қаратаудың басында мың жасаған данышпан бар.Содан ақыл сұра, -деп жауап 
берді.Бегайдар ертесіне дорбасын артынып, жолға шықты. Шаршап-шалдығып келе 
жатып, бір лашыққа тап болды. Ішіне кірсе, шал, кемпір және бір бойжеткен қыз бар 
екен. Бегайдар сусын ішіп, дәм татқаннан кейін шалға жағдайын баяндады.Шал: 
- Балам, данышпанға бара жатсаң, менің аманатымды ала кет.Үйде қызым бойжетіп 
отыр.Соын қандай адамға берсем болады?- деді. Бегайдар: 
- Жарайды, ақсақал, данышпанға тілегіңізді жеткізем, - деп аттанып кетті.Тағы да ұзақ 
жол жүріп, шаршап-шалдығып, бір бәтеректің түбіне келіп демалды.Сол кезде 
бәйтерекке тіл бітіп: 
- Әй, Бегайдар, данышпанға барсаң, сұра. Мен тамырымды тереңге жайдым, бірақ 
бұтақтарым жеміс бермейді.Сыры неде екен? – деді. Бегайдар оның да аманатын 
арқалап, жолға шығады.Бір күні әрең дегенде данышпанға жетті. Данышпан: 
- Ие, балам, қандай мұратпен жүрсің?- деді. Бегайдар: 
- Терлеп-тепшіп, аяғымнан тұрып табыс табамын, бірақ берекесі болмайды. 
Көршімнің бес-алты ешкісі, көп бала шағасы бар, табысы аз.Бірақ берекесі мол.Соын 
сырын іздеп жүрмін. Жолда шал мен кемпірге, алып бәйтерекке жолықтым.Олардың 
да тілегін әкелдім,- деп, жолда көрген-білгенін жеткізді. Данышпан басын шайқап: 
- Ай, балам-ай, үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған.Көршіңе береке кіретіні 
– ақылды әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен бәйтеректің түбінде ат 
басындай алтын көмілген.Соны қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын 
сұра. Ақылды жар алсаң, берекең кіреді, - деді. 
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтынды қазып алды. Оны 
қыздың қалыңмалына беріп, оған үйленді. Ұзамай отбасына береке кіріп, ырысы 
тұрақтайды.Осылайша, әйелі екеуі барша мұратына жетіпті. 
7.Қыздың ата-анасына берілген нәрсе 
А) күміс B) бес-алты ешкі C) жеміс ағашы D) қалыңмал E) мал-мүлік 
8.Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.Данышпан ақылы 
2.Көршісінің кеңесі
3.Бәйтеректің өтініші 
4.Лашықтағы әңгіме 
А) 2,3,4,1 B) 3,4,1,2 C) 4,1,2,3 D) 2,4,3,1 E)1,2,3,4 
9.«Үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған» сөйлемінің мағынасы 
А)әйел – қорғаушы, бақылаушы B) әйел – сыншы, бағалаушы C) әйел – үйлестіруші, тәлімгер 
D) әйел – үйретуші, үйдің құты E) әйел – әдемі, сұлу 
10.Бейтеректің жеміс бермеуінің сыры 
А) суға тапшы болғандықтан ағаш B)тамыры тереңде болғандықтан C) ауа-райы қолайсыз 
болғандықтан D)түбіндегі алтын өсірмегендіктен E) кәрі болғандықтан 
11.Әңгіменің түйіні: 
А)Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды. B)Ерте тұрған әйелдің бірісі артық. C)Еңбексіз 
тапқан мал есепсіз кетеді. D) Ерте тұрған еркектің ырысы артық. E)Ырыс алды - ынтымақ.
12.Көрші үйдің берекесінің сыры: 


87474320427 
41
A)мол табысында B) бес-алты ешкісінде C)бала шағасында D)қоңырқай тұрмысында E)ақылды 
әйелінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет