87474320427
68
1120-нұсқа
1-мәтін
I.
Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы ішіндегі
әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген жас кұлындар қарақұлақ бола
бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүннен есіліп
жасалған ноқталар салынып, тиектер
орнатылып, ұзақ тартылған желілерге үзбелі күміс түймелердей каз-қатар тізіліп байланады. Мұнда
жүздеген құлын ноқталанып, бие сауылады. Биені сауушы,
сауғызушы болып, 2-ден 20-30 адамға
дейін болады.
II.
Қазақ ауылы алғаш бие байлаған кезде, төңірек басын шакырып, кейде мал сойып немесе
қыстан қалған сүрлермен тағы басқа да жылы-жұмсақтарын дайындап,
ауыл адамдарынын басын
қосып, «бие бау», «желі байлар», «қымызмұрындык» тойын откізеді. Бұл кезде желі қазыққа,
айғырдың сауырына май жағып. жақсы тілек білдіріп,
мәре-сәре болып, думандатып, бие сауынын
бастайды.
1.
Бие байларда қандай ырым жасалады?
A) Желіге құлын байланады.
B) Жұмсақ жүннең ноқта жасалады.
C) Қыстан қалған сүрді пісіреді.
D) «Қымызмұрындық» тойын өткізеді.
Е) Желі қазыққа, айғырдың сауырына
май жағылады.
2. Мәтіннің бірінші
бөліміне лайықты такырып
A) Бие байлау
B) Жүннен есілген ноқталар
C) Жас құлындар
Д)
Тартылған желілер
Е) Ноқталанған құлындар
Достарыңызбен бөлісу: