Қозғыштық
Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды
өткізуге, жиырылуға қабілетті.
Жүрек ырғағы
Жүрек ырғағы, яғни 1 минуттағы жиырылу саны негізінен жылжымалы
(адасқан) және симпатикалық жүйкелердің (нерв) функционалдық күйіне
байланысты болады. Симпатикалық жүйкелердің қозуы кезінде жүректің
жиырылу жиілігі артады. Осы құбылыс тахикардия деп аталады. Жылжымалы
жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі төмендейді -
брадикардия. Жүрек ырғағына ми қыртысының күйі әсер етеді: тежелу
артқанда, жүрек ырғағы баяулайды, қозу үрдісі күшейгенде, қуаттанады. Жүрек
ырғағы гуморальды әсердің ықпалынан да өзгеруі мүмкін, әсіресе жүрекке
келетін қанның температурасының өзгеруі кезінде. Тәжірибелерден оң жақ
жүрекшелер бөлігін (жетекші түйіншегін жайылдырмау- татарпау-
локализация) жылумен жергілікті тітіркендіргенде, жүрек ырғағының
жиілегені, осы бөлікті керісінше суытқанда- қарама- қарсы эффектінің
болатындығы анықталған. Жүректің басқа бөліктерін жылумен не суықпен
жергілікті тітіркендіру жүректің жиырылу жиілігіне әсер етпейді. Бірақ ол
жүректің өткізгіштік жүйесімен қозудың таралу жылдамдығын өзгертуі мүмкін
және жүрек жиырылуының күшіне әсер етуі мүмкін. Сау адамның жүрегінің
жиылыру жиілігі жас мөлшеріне байланысты болады.
НАЗАРЛАРЫНЫЗГА
РАХМЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |