С. Ж. Баяндина филология ғылымдарының докторы



Pdf көрінісі
бет2/72
Дата17.04.2024
өлшемі1.34 Mb.
#499030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
treatise37452

ӘОЖ 
КБЖ 
© Құраст.: Мадиева Г.Б., Сейітметова Ж.Р.,
Мәмбетова М.М., Мәдиева Д.Б., 2016 
ISBN 978-601-04-1808-0 © Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2016 


3
КІРІСПЕ 
 
Барлық әлеуметтік-саяси салаларда болып жатқан интеграция және 
жаһандану үдерістерін сипаттайтын қазіргі әлем көптеген адамдар
социумдар, мемлекеттердің өзара әрекеттестігіне ықпал ететін «ашық 
қоғам» ұғымымен тығыз байланысты. Бұл шынайылық коммуникатив-
тік өріс пен адам өмірінің әртүрлі салаларындағы тұлғаралық, этнос-
аралық және мәдениаралық белсенді коммуникацияның айтарлықтай 
кеңеюіне соқтырмай қоймады. Белгілі психолог Дэвид Мацумотоның 
пікірінше, жалпы қарым-қатынастың өзі бұл – «адамдар арасында бо-
латын білім, идея, ой-пікір, ұғымдар (концептілер) мен эмоциялар 
алмасу» деген сөз. Сөз жоқ, бұл алмасу жеке адамдарда, тұтас әлеумет-
тік немесе этникалық ұжымдарға тән менталитетте, әдет-дағдыда
салт-дәстүрде, тілдік айырмашылықтардағы сәйкессіздіктермен айқын-
дала алатын қандай да бір қиындықтарсыз болмайды.
Осыған орай қарым-қатынасқа түсетін әртүрлі мәдениет иелері ара-
сында серіктестің іс-әрекеті салдарынан пайда болатын түсініспеуші-
лік, қақтығыстық жағдайға дейін жетуі мүмкін. Қарым-қатынас психо-
логиясына сүйенсек, адамдар өздерінің орталарында қалыптасқан сте-
реотиптер, тәртіптер мен әдеп нормаларға байланысты ойлап, әрекет 
етеді. Сол себепті өзгенің мәдениетін өзінің мәдениеті негізінде ғана 
көреді. Мысалы, болгарлар келісімді басты екі жаққа шайқау арқылы 
білдірсе, келіспеуді басты кеуде тұсына ию арқылы білдіреді екен. Ке-
рісінше, жапондықтар басты шайқау арқылы сөйлеушінің назарын өзі-
не аударады. Бұл жайттар қазақ, қырғыз, орыс, белорус, украин және 
т.б. мәдениеттеріне қайшы келіп, кішігірім түсінбестіктен бастап түсі-
ніспеушілікке дейін, тіптен қарым-қатынастың үзілуіне дейін әкелуі 
мүмкін. Мамандардың айтуынша, «орыстарда жоғалтуды немесе сәт-
сіздікті көрсететін ым-ишарат хорваттарда сәттілік пен рахаттануды 
білдіреді екен. Француз бен итальян белгілі бір идеяны ақымақтық деп 
есептесе, өз басын соғады. Ал неміс алақанымен өзін ұру арқылы: «Иә, 
сен есіңнен ауысқансың» дегенді ұғындырғысы келсе, британдық пен 
испандықтар дәл осы ым-ишаратпен өзіне көңілі толатынын айтқысы 
келеді екен»
1
. Егер испандықтар өздері кездесуге шақырып немесе 
өздері белгілі бір күнді белгілемесе, кездесуге мүлдем келмей қалуы да 
мүмкін. Алайда олар қарсылығын бірден білдірмеуі мүмкін, керісінше, 
кездесудің болу ықтималдылығын анық білдірмейтін келісім беруі де 
мүмкін. Тағы бір мысалға көңіл бөлейік: ағылшындар акценттің түрі 
1
http://www.addere.ru/re3.htm 


4
мен сипатына қарай адамның қандай әлеуметтік топқа жататындығын 
бірден ажырата алады екен. «Дауысты дыбыстарды созыңқырап айту 
мен сөйленістің баяу болуы көп уақыттан бері кемшілік болып есеп-
телмейді және ол «оксфордтық акцент» немесе «Би-Би-Си-дің айтылуы» 
деп аталып жүр. Бұл осылай сөйлейтін адамдарға белгілі бір мүмкіндіктер 
де береді екен. Бұдан да маңыздысы – лексикон ˂…˃. Ағылшындар 
түстікке «түскі астың» орнына «ланч», ал «тәттінің» немесе «үшінші 
тағамның» орнына «пудинг» жейтіндерді; «демалыс бөлмесінің» немесе 
«залдың» орнына «қонақ бөлмесінде», «диванда» емес «софеде» отыра-
тындарды, «туалетте» емес «әжетханаға» баратындарды бірден ажыра-
тады. Бір қоғамдық топты екіншісінен ажыратып тұратын бұлардан басқа 
да сөздер толып жатыр»
2
.
Ұлттық ерекшеліктердің сәйкес келмейтіндігін көрсететін бірнеше 
белгілерді көрсетуге болады. Бір қарағанда олардың маңыздылығы 
көрінбеуі мүмкін. Алайда бұлар әртүрлі мәдениет, әлеуметтік және 
конфессиялық топ өкілдерінің арасындағы қарым-қатынасты қиында-
тып отыр. Осыған байланысты әртүрлі линвгомәдени социум өкілдері-
мен байланысқа түсер алдында тек қана вербалды ғана емес, сонымен 
қатар бейвербалды қарым-қатынасты білудің маңыздылығы көрінеді. 
Әртүрлі ғылыми бағыт (психология, социология, мәдениеттану, этно-
графия, этнология, лингвомәдениеттану, этнолингвистика және т.б.) 
мамандарының этникалық топтар тілі мен мәдениетін мақсатты түрде 
зерттеуі ұлттық ойлау, мәдени құндылықтар, әртүрлі ұлттардың мінез-
құлық модельдері стереотиптерінің ерекшеліктерін анықтауға, сондай-
ақ өзге мәдениетті түсінуге көмектеседі. 
Ғалымдардың қарастырып жүрген мәселелерінің шеңбері өте кең: 
мәдениет, мәдениаралық коммуникация, тұлғаралық коммуникация, 
этносаралық коммуникация, кросс-мәдени коммуникация, толерантты-
лық т.б. ұғымдардың анықтамасын, адамның ойлаумен (танымы), мә-
дениетпен және тілмен байланысын зерттеу, вербалды және бейвер-
балды ұлттық қарым-қатынас құралдарының, мінез-құлықтың этника-
лық стереотиптерін, сәйкестіліктің түрлерін, гендерлік стереотиптерді, 
айырмашылықтарды және т.б. анықтау мен сипаттау. Мақсаты жоспар-
лы түрде мәдениетті, әртүрлі халықтардың менталитеттерін жан-жақ-
ты зерттеу болып табылатын институттар, орталықтар мен бөлімдер 
бар. Университеттерде этнография, этнология, мәдениаралық комму-
никация саласындағы мамандарды дайындауға бағытталған білім тра-
екториясы бар мамандықтар ашылған. 
2
Э. Майол, Д. Милстед. Эти странные англичане. – Изд-во: Эгмонт, 1999. 


5
Қазақстанның әртүрлі ғылым салаларының ғалымдары мәдениара-
лық коммуникация мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Өйткені Қа-
зақстан – типологиялық және генетикалық жағынан әртүрлі тілде сөй-
лейтін полиэтникалық, мультимәдени және көпконфессиялы ел. Бұл 
әртүрлі тілдер мен мәдениеттерді үйрететін білім бағдарламалары құ-
растырылған және сәтті жұмыс істеп жатқан ЖОО-дағы мамандардың 
бағыттарын анықтады. Мәдениаралық коммуникация мәселесі әл-Фа-
раби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тіл-
дері факультетінде оқытылады. Өйткені бұл факультетте Шет тілі: екі 
шет тілі, Шетел филологиясы (батыс тілдері – ағылшын, француз, 
испанс), Шетел филологиясы (шығыс тілдері – араб, корей, қытай, 
жапон, парсы, хинди, түрік), Аударматану (қазақ және ағылшын, орыс 
және ағылшын, қазақ және араб, қазақ және қытай және т.б.) және өзге 
де мамандықтар бар. Бұл мамандықтардың сипаты мен ерекшелігі осы 
мамандықтардың білім траекториясының әр деңгейіне (бакалавр, ма-
гистратура, докторантура) Тіл және мәдениаралық коммуникация, Мә-
дениаралық коммуникация, Мәдениаралық коммуникация және шет 
тілдерін үйрету, Мәдениаралық коммуникация мәселелері, Лингвоел-
тану, Мәдениаралық коммуникация теориясы мен практикасы, Мә-
дениаралық коммуникация және аударма мәселелері және т.б. пәндерді 
енгізуге себеп болды, олардың метатілі қандай да бір дәрежеде 
Қазақстанда ғылыми бағыт ретінде дамып келе жатқан, оқу сөздігі ре-
тінде лексикографиялық сипаттауды қажет ететін мәдениаралық ком-
муникация терминдері мен ұғымдарын қамтиды. 
Оқыту тәжірибесі көрсеткендей, бұл пәндердің екі тілде: қазақ жә-
не орыс тілінде оқытылуына байланысты мәдениаралық коммуникация 
бойынша екітілді сөздіктерді құрастыру қажеттілігі туындап отыр. 
Оның міндеттері: оқыту тәжірибесінде екі тілде қолданылатын мәде-
ниаралық коммуникация терминологиясын жүйелеу, кодтау, ретке кел-
тіру мен лексикографиялық сипаттау. Бұл жағдай мәдениаралық ком-
муникация бойынша екітілді қазақ-орыс оқу сөздігін құрастыруға се-
беп болды. Сөздікті құрастырушылар оған әлемдік тәжірибеде қолда-
нылып келе жатқан негізгі терминдер мен ұғымдарды енгізуге тырыс-
ты. Осы мақсатта мәдениаралық қарым-қатынас, лингвоелтану, қақты-
ғыстану, тілдік контакт бойынша әртүрлі оқулықтар, оқу-әдістемелік 
құралдар, лексикографиялық дереккөздер талданды. Олар: Введение в 
теорию межкультурной коммуникации: учебное пособие (Садохин А.П.), 
Основы межкультурной коммуникации: Учебник для вузов (Грушевиц-
кая Т.Г., Попков В.Д., Садохин А.П.), Введение в теорию межкул-
ьтурной коммуникации (Гришаева Л.И., Цурикова Л.В.), Россия и 


6
США. Введение в межкультурную коммуникацию: учебное пособие 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет