Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет28/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

 Негізгі мектеп
7.7.2.1. «Математика» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
қарапайым математиканың, статистиканың және ықтималдықтар теориясының негізгі 
ұғымдарын; сандардың жіктелуін; нақты сандармен есептеу операцияларын; қарапайым 
математиканың негізгі формулаларын; функция ұғымын, оның қасиеттері мен графи-
гін; алгебралық теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін; 


35 |
көпбұрыштардың жіктелуін; жазық фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттері мен 
белгілерін; комбинаторика ережелерін; оқиғаның ықтималдығын классикалық, ста тис-
тика лық және геометриялық анықтамаларды; статистикалық деректерді жинау және 
өңдеу әдістерін; есептің математикалық моделі дегеніміз не екенін білетін болады;
-
математиканың академиялық тілін; санды стандартты түрде жазу тәсілін; квадрат үш-
мүшенің түбірі мен коэффициенттері арасындағы байланысты; әртүрлі қолданбалы 
есептерді шешу үшін математикалық модельдерді қолданудың маңыздылығын; акси-
ома, теорема, салдар, кері теорема сияқты математикалық терминдердің мағынасын; 
жазықтықтағы геометриялық фигураларды салу және өлшеу қағидаларын; іріктеменің 
және жалпы жиынның сандық сипаттамаларының мәнін; сандық және сапалық талдау 
жүргізуде статистикалық деректерді графикалық түрде ұсынудың рөлін түсінеді;
-
практикалық есептерді шешу үшін математикалық білімді; математикалық есептерді 
шешу алгоритмдерін; теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешу және 
шешімін зерттеуге арналған функциялардың графиктері мен қасиеттерін; тиісті кон текс-
тер дегі математикалық терминологияны; нақты сандарға есептеу амалдарын; ауызша 
және жазбаша түрде дәл және шамамен есептеуді; геометриялық есептерді шығаруда 
жазық фигуралардың қасиеттерін; әртүрлі қолданбалы есептерді шешу үшін матема-
тикалық модельдерді; математикалық есептерді шығаруда графикалық калькулятор, 
компьютер және программалық жасақтаманы; нақты тәуелділіктерді сипаттау және 
талдау үшін графикалық сызбаларды; есептерді шешуде дәлелді пайымдаулар, дәлелдер, 
гипотезалар және олардың негіздемелерін қолдана алады;
-
заңдылықтарды талдайды және олардың негізінде математикалық модельдер құрады; 
оларды көрсетудің әртүрлі нысандарын пайдалана отырып статистикалық мәліметтерді; 
рационал және иррационал өрнектерге орындалатын түрлендірулерді талдайды; тең деу-
лер, теңсіздіктер және қос теңсіздіктердің шешімдерін; геометриялық фигуралардың 
өзара орналасуын; функциялардың қасиеттерін; математикалық модельдерді құруға ар-
налған мәтіндік есептердің шарттарын; графиктер, кестелер, диаграммалар және әртүрлі 
сызбалар түрінде ұсынылған деректерді және олардың нәтижелерін; тұжырымдардың, 
теңсіздіктердің, теоремалардың дәлелдемелерін талдайды;
-
әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, есептердің нәтижелерін есеп контексінде, сон-
дай-ақ ықтималдықты; әртүрлі жағдайларда нақты оқиғалар мен құбылыстардың ықти-
малдығын; іріктеу әдісі арқылы ықтимал нұсқалардың санын; берілген параметрлердің 
мәндеріне қарай функция графигінің орнын; шамалардың жуық мәндерін және олардың 
стандартты түрде жазылуын; тәжірибелер саны өскен сайын оқиғаның абсолютті және 
салыстырмалы жиілігін; қарастырылатын үдерістер мен құбылыстардың нақты қасиет-
терімен байланысты шектеулерді ескере отырып, есептерді шешу нәтижелерін; жиілік 
және басқа оқу пәндерінен алынған есептер арқылы ықтималдықты бағалайды;
-
математикалық есептерді шешу алгоритмдерін құрады; статистикалық деректерді өңдеу 
және талдау нәтижелері бойынша қорытындылар шығарады; аксиомалар, теоремалар, 
салдар арқылы дәлелді пайымдау жасайды; геометриялық түрлендірулерді қолданып, 
құрылымдауға арналған есептерді шешу жолдарын шығарады.
7.7.2.2. «Информатика» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
жүйені талдау үшін компьютер жұмысының негізгі қағидаларын; жүйелік және қолдан-
балы программалық жасақтаманың мақсаты мен негізгі функцияларын; дерекқорларды 
басқару жүйелерімен жұмыс істеу негіздерін; программалық жасақтаманы әзірлеудің 
өмірлік циклінің модельдерін; веб-бағдарламалау негіздерін, веб-сайттарды құрудың 
дерекқор теориясын; мобильді қосымшаларды әзірлеуге арналған бағдарламаларды; 


| 36
желілік хаттамаларды және интернеттің қағидаларын; деректер мен компьютерлік жүйе-
нің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қауіпсіздік шараларын біледі;
-
қоғамдағы ақпараттық үдерістердің рөлін, адам қызметінің әртүрлі салаларында ақпарат-
тық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын; 
реляциялық дерекқорды ұйымдастыру қағидаттарын; желілік технологиялардың негізгі 
жұмыс қағидаттарын; дыбыстық және бейне ақпаратты өңдеу қағидаттарын; ақпараттық 
технологияларды дамытудың негізгі үрдістерін түсінеді;
-
ақпараттық нысандарды құру және өз жұмысының нәтижелерін ресімдеу үшін ақпа-
раттық-коммуникациялық технологияларды, процедуралық және нысанды-бағытталған 
программалау тілдерінде бағдарламалау дағдыларын; дерекқорларда сұрау салу қағида-
ларын; құжаттарды өңдеуге және сақтауға арналған бұлттық технологияларды; веб-сайт-
тар мен мобильді қосымшаларды әзірлеудегі бағдарламалау элементтерін; желідегі 
жеке қауіпсіздік және желілік этикет ережелерін; дыбыс пен бейнені өңдеуге арналған 
программалық жасақтаманы; әртүрлі білім салаларында (математика, физика және т. б.) 
алынған білімін қолданады;
-
ақпаратты іздеуге арналған бірнеше критерийлер мен қатынас операторларын қолдана 
отырып, сұрауларды; модельдеу, алгоритмдеу және программалау арқылы оны шешудің 
тиісті әдістері мен тәсілдерін анықтауға арналған есепті; өңдеу нәтижелерін және ком-
пьютерлік есептеулердің қойылған тапсырмаға сәйкестігін; ең тиімдісін анықтау үшін 
есепті әртүрлі тәсілдермен шешу жолдарын талдайды;
-
жобаны модельдеу және әзірлеу кезінде өз жұмысының нәтижелерін қойылған мақсат-
тарға сәйкес бағалайды (нақтылық, өлшемділік, қолжетімділік, шынайылық, сәйкестік); 
қолданылатын программалық жасақтаманың, соның ішінде бағдарламалау құралдары-
ның артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды;
-
пішіндер мен басқару элементтері арқылы дерекқорларды; пайдаланушы мәселелерін 
шешу үшін веб-сайттарды; мультимедиялық өнімдерді; программалау саласындағы 
білімдерін тереңдете отырып, шағын бағдарламаларды әзірлейді.
7.7.3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет